Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қызметкерлері үстіміздегі жылдың 10-11 қазаны аралығында Алматы облысы Қарасай ауданына ғылыми-ағартушылық мақсатындағы іссапар барысында Қаскелең қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайында ауқымды шаралар өткізді.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қызметкерлері үстіміздегі жылдың 10-11 қазаны аралығында Алматы облысы Қарасай ауданына ғылыми-ағартушылық мақсатындағы іссапар барысында Қаскелең қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайында ауқымды шаралар өткізді.

Іс-шараға Қаскелең қаласы Абай орта мектебінің 10-сынып оқушылары қатысты. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Б.М. Қайыпова екі мекеменің арасындағы серіктестік жоспарға сәйкес өтіп отырған шараның маңыздылығына тоқталды.

Одан әрі Музейдің Ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері Л.Ә. Омарова «Елбасытану» курсының аясында ғылыми-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жинақталған фото және –бейнеқұжаттармен таныстырды.

Шараның практикалық бөлігінде Музей педагогикасы орталығының  жетекші ғылыми қызметкері Ә.Ә. Оспанова «Жастардың бойында лидерлік қасиетті дамыту» элективті курсының тақырыптық жоспарына сәйкес, оқушылардың бойында лидерлік қасиетті дамытуға бағытталған жаттығулар өткізді.

Курстардың қорытындысы бойынша қатысушыларға сертифаттар табысталды.

Сонымен қатар Үшқоңыр  ауылындағы Үшқоңыр орта мектебінде болып,  «Президент әлемі» мұражайының жұмыс тәжірибесі жөнінде пікір алмасты.

Іссапар аясында Елбасының сыныптастары – Байбосынов Кеңесбай Бекдайырұлы, Серазитдинова Рая Ғарифқызы, Әмірова Күләш Сыбанқұлқызы, «Шапағат» мұражайының меңгерушісі Байқонысова Рымкеш Шайкенқызы, «Анаға құрмет» мұражайының меңгерушісі Естемесова Бақыт Әбдінасырқызы, Үшқоңыр орта мектебіндегі «Президент әлемі» мұражайының меңгерушісі Көсемова Ақлима Рахымбердіқызының қатысуымен «Елін жетістікке жетелейтін Елбасы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың балалық шағы, достары, сыныптастарымен арақатынасы туралы ойларын ортаға салып, келелі сұхбат жүргізді.

Шара соңында Қаскелең қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайының меңгерушісі Қожанова Мария Мұсатайқызы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейімен  арадағы бірлескен шаралар туралы айта отырып, болашақта да екі мекеме арасында сенімді серіктестікке негізделген жобалардың жүзеге асырылатынына сенім білдірді.