2016 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығынан Музей қорына заттарды тапсыру рәсімі өтті.

2016 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығынан Музей қорына заттарды тапсыру рәсімі өтті.

Іс-шараның құрметті қонақтары: ҚР қаржы Министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасының орынбасары  Г.К. Амрин, Қазахстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің саясат бөлімінің басшысы Нингчуан Джу, «Генералдар кеңесі» РҚБ төрағасы Р.Е. Қайдаров және т.б.

Бұл шара тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Кинологиялық орталықтың 15 жылдығы қарсаңында өткізілді.

Бастама Кинологиялық орталықтың тәуелсіз Қазақстанның ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жетістіктерін айшықтау мақсатымен жасалып отыр.

Нашақорлықпен күресу әрқашан Елбасы мен ҚР Үкіметінің назарында. ҚР Президентінің жарлығымен 2000 жылы «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Аталған Жарлықты орындау мақсатында Үкіметтің 2001 жылғы 15 қаңтардағы қаулысымен ҚР Қаржы министрлігі Кедендік комитетінің «Кинологиялық орталық» мемлекеттік мекемесі құрылды.

Кинологиялық орталықтың негізгі міндеті – республиканың кедендік және өзге де құқық қорғау органдары үшін есірткі заттарын, жарылғыш заттар, қару, валюта және дериваттарды іздестіру үшін кинологтарды және қызметтік иттерді дайындау болып табылады.

2013–2015 жж. қазақстандық кеден қызметінің кинолог қызметкерлері  ТМД елдері арасындағы жарыстарда үздік деп танылды.