2015 ж.

    2015 жылы 2 маусым күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Педагогикалық вернисаж» атты көрмесінің ашылуы өтті. Көрме Музейдің «Балалық шақтан көзқарас» жобасының аясында, Шымкент қаласының Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубымен бірлесе ұйымдастырылып отыр. Іс-шара Халықаралық балаларды қорғау күніне арналады. Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубы және жалпы орта білім беру мекемелерінің оқытушылары мен түлектері өздерінің жұмыстарын Астана қаласының тұрғындарының назарына ұсынады. Іс-шараның басты мақсаттарының бірі – Астана және Шымкент қалалары өнерпаздарының шығармашылық тәжірибелерімен алмасу. Көрмеден шеберліктің шыңына жеткен, талантты шәкірттердің әр түрлі әдіспен орындалған, жүзден аса еңбектерін көрулеріңізге болады.
      Іс-шара барысында Шымкент қаласының білікті оқытушылары Астана қаласының Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы оқушыларымен тәжірибелерімен бөлісті:
Қарабаева Ғалия – сәндік-қолданбалы өнердің композициялық әдістемесі;
Күлтаева Гүлсара – киіз-тігу әдістемесі;
Тажибекова Гульвира – «энкаустика» әдістемесі (балауыз арқылы бояуларды өзара байланыстыратын кескіндеме әдісі).

   2015 жылдың 5–6 қазанында Корея Республикасының астанасы Сеул қаласында Корея Республикасы мен Орта Азия елдері арасындағы ІХ ынтымақтастық форумы аясында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақстанның мәдениеті – Ұлы Даланың тарихы» атты көшпелі қор көрмесі болып өтті. Көрме Тараз қаласында өткен басты мерейтой қарсаңында ашылып, қазақ мемлекеттілігі тарихындағы маңызды оқиғаны атап өту тұжырымдамасына кең ауқымды халықаралық мән берді.
     Ұсынылған жәдігерлер кешені Қазақстанның қоғамдық-мемлекеттік құрылымының өркендеуі мен мәдени мұрасы жөнінде өткенге шолу жасауға мүмкіндік берді. Музей қорының көрмесі ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық қарсаңында еліміздің туризм саласындағы мәдени әлеуетін көрсетті.
    Экспозициямен Корея Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Чо Тэ Ён, Қазақстан Республикасының сыртқы істер вице-министрі А. Мусинов, Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Д. Кемелова, Тәжікстан сыртқы істер министрінің орынбасары Н. Зохиди, Өзбекстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Г. Фозилов, сондай-ақ Оңтүстік Корея, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның мәдениет, туризм және бизнес орта өкілдері танысты.
2015 жылы 6 қазанда Корея Республикасы мен Орта Азия елдері арасындағы ІХ ынтымақтастық форумы аясында өткен сауда-туристік Роуд-шоу барысында Орта Азия елдерінің мәдениеті бойынша семинар болып өтті. Экскурсиялық қызмет көрсету орталығының жетекшісі
      А. Қ. Шоткина «Қазақстанның мәдениеті – Ұлы Даланың тарихы» тақырыбын таныстырды. Тұсаукесердің материалдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі қорының жәдігерлері іс-шара қонақтарына, Корея Республикасы мен Орта Азия елдерінің  азаматтарына Қазақстанның туристік әлеуетін дәріптей келе, іскерлік әрі гуманитарлық ынтымақтастық көзқараста еліміздің бай рухани мәдениеті мен археологиялық мол қорын таныстырды.  


    2015 жылдың 27-28 қазанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасының аясында, «Ертегілер әлеміне саяхат» атты суреттемелер көрмесінің ашылу қарсаңында, Астананың шығармашыл зиялы қауым өкілдері мен петербургтің танымал суретшісі  Латиф Казбековпен шығармышылық кездесулер  өткізілді.
    Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубының оқушылары  «Ертегілер әлеміне саяхат» атты суреттемелер көрмесінің материалдарымен танысуға, суретшімен еркін түрде сұхбаттассу мүмкіндігіне ие болды.  Латиф Казбеков балаларға кітап суреттемелерінде өзінің мол жұмыс тәжірибесін әңгімеледі.Сондай-ақ суретші Музей жанындағы балалар бейнелеу өнері студиясының сабағына қатысты.
Сонымен қатар Қазақстанның суретшілер Одағының өкілдерімен де салиқалы сұхбаттасу өткізілді. Латиф Казбековпен кездесуге қазақстандық танымал суретшілер де келді, олардың қатарында: Камиль Муллашев, Сембіғали Смағұлов, Төлеуғазы Байғалиев және басқалар. 

   6 қарашада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Тіл жанашыры» құрмет белгісімен марапаттау рәсімі өтті. Бұл награданы «Тіл жанашыры» қоғамдық бірлестігі 2007 жылы бекіткен болатын және биылғы жылы ол 5-ші рет табысталып отыр. Бүгінгі күнге дейін 100 адам марапатталған.
    Номинанттарды белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, меценаттардан  тұратын арнаулы комиссия іріктейді. Білім, әдебиет пен өнер саласында, баспасөз ақпарат құралдарында мемлекеттік тілдің мәртебесін өсіруге, оны дәріптеу мен насихаттауға зор үлес қосып жүрген қазақстандықтар мен шетел азаматтары құрметтеледі. Олардың ішінде отандық және шетелдік жазушылар, мемлекеттік қызметкерлер, қоғам қайраткерлері және мемлекеттік тіл мен қазақ мәдениетін дамыту мәселесінде әрдайым көмек көрсетіп жүрген меценаттар бар.
    «Тіл жанашыры» қоғамдық бірлестігінің құрметті төрағасы – ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы М. Қасымбеков жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен құттықтады.
    «Тіл жанашыры» иегері болу – Сіздердің көпжылдық еңбектеріңіздің, белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз бен жоғары патриоттық сезімдеріңіздің танылуының белгісі. Сіздердей азаматтар барда, тіліміз өмір сүреді және өркендейді» деп атап өтті М. Қасымбеков.
 
     2015 жылдың 24 және 30 қараша күндері ҚР Тұңғыш Президенті Күні мерекесі қарсаңында, Астана қ. Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жеке құрамына және ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлеріне ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасының көрмесі  бойынша көшпелі экскурсиялар өткізді.
    Мұрағаттық және мұражайлық қорлардан ұйымдастырылған «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасының көшпелі экскурсиялары ел тарихының ең күрделі сәттерінде Ұлт Көшбасшысы атанған тұлғаның әлеуметтік, азаматтық қасиеттері қалыптасқан тарихи ортаны кеңінен ашып көрсетеді. Тыңдаушылар 1960-70 жж. құжаттарын парақтап, Қазақ КСР-нің республикалық баспасөздерінде жарияланған мақалалармен танысты.
     Әр алуан құжаттардың бірегей жинағы Н.Ә. Назарбаевтың комсомол-металлургтен бастап ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан КП ОК Бірінші Хатшысы, Жоғарғы Кеңес Төрағасы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысына дейінгі жүріп өткен  жолын танып білуге   мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің қорларынан ұсынылған жәдігерлер кешені – ҚР Президентінің Ұлықтау рәсіміне киген смокингі, металлург-көрікшінің жұмыс киімі мен құрал-саймандары, араб қанжарлары, кавказ сапылары және т.б. экскурсия тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды.

2015 жылы 11 желтоқсан күні ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні қарсыңында өткізілетін «Туған жерім», балалар конкурсының нәтижесі бойынша жеңімпаздарды марапаттау және «Ата-баба мұрасын сақтаймыз және жалғастырмыз» көрмесінің ашылуы  өтті. Ісшара ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы,
Астана қ. Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубы және Астана қ. Білім Басқармасы және Музеймен бірлесіп ұйымдастырылды.
Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубы – Музейдің алғашқы әрі ең сенімді серіктестерінің бірі.
Бұл көрменің мақсаты - оқушылар арасында қазақстандық патриотизм, интернационализм, толеранттылық, достық, сыйластық және өз Отанының тарихына деген құрмет сезімдерін дамыту болып   табылады.
   Аталмыш көрмеге 9 - 17 жас аралығындағы Қазақстандағы балаларға арналған арнайы көркемсурет мектептерінің оқушылары қатысты. Көрмеге әр түрлі «Кестелеу», «Ойыншық», «Тігу», «Сәндік жазу», «Көркем мүсіндеу»,  «Табиғи материалдармен жұмыс», «Қуыршақ», «Декупаж» техникаларда орындалған 30-дан астам жұмыстар қойылды. Конкурс жеңімпаздары Гран-при және арнайы 1, 2, 3 дәрежелі дипломдарымен  марапатталды.