2016 жылы 27 қазанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде бұған дейін келушілер үшін жабық болған залдары, сондай-ақ Музейдің тұрақты экспозициясының жаңартылған залдары бойынша баспасөз туры өтті. Бұл Музейдің экспозиция залдарының тақырыптарын жаңарту және Астанадағы Музей орналасқан Қазақстан Республикасы Президентінің тұңғыш Резиденциясы ғимаратын музейлендіру бойынша жүргізілген үлкен жұмыстың бірінші кезеңінің нәтижесі болып табылады.

2016 жылы 27 қазанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде бұған дейін келушілер үшін жабық болған залдары, сондай-ақ Музейдің тұрақты экспозициясының жаңартылған залдары бойынша баспасөз туры өтті. Бұл Музейдің  экспозиция залдарының тақырыптарын жаңарту және Астанадағы Музей орналасқан Қазақстан Республикасы Президентінің тұңғыш Резиденциясы ғимаратын музейлендіру бойынша жүргізілген үлкен жұмыстың бірінші кезеңінің нәтижесі  болып табылады.

Барлық келушілерге жабдықтары және интерьері  бастапқы түрінде толығымен қайтадан жаңғыртылған Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Шағын жұмыс кабинеті және 2-қабылдау бөлмесі алғаш рет ұсынылды.

Шағын жұмыс кабинетінде Президент бейнеконференция байланыс жүйесінің көмегімен селекторлық кеңестер өткізген, ол екі немесе бірнеше тараппен дыбыстық байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін. Қабылдау бөлмесіне Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері қойылған және бұл жерде естелікке суретке түсу мүмкіндігі қарастырылған.

Музей қызметкерлері Мәжіліс залы мен Күмбезді зал фойесіне жасалған реэкспозиция нәтижелерімен таныстырды. Бұл жұмысты күрделілігі мен көлемі жағынан сүбелі ғылыми зерттеу және көркем жобалау жұмыстарымен қатар салыстыруға болады.

Қазақстан Президенті 1997-2004 жж. аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлерімен жұмыс кеңестерін өткізген Мәжіліс залында тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік даму стратегиясының негіздері әзірленді.  Залда орналасқан «Қазақстан Республикасы: мемлекеттік даму стратегиясы» экспозициясы қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын материалдарды жаңаша ұсынды.

Түрлі жастағы келушілер үшін барынша қолжетімді болған мұрағат және музей материалдарын креативті түрде ұсынумен қатар бірегей экспозиция фрагменттері де бар. «Қазақстан Республикасының Президентін ұлықтау» атты қайта жасалған экспозиция бөлігінде  келушілер үшін материалға «мейлінше терең бойлау» арқылы тарих қойнауына ену мүмкіндігі қарастырылған.

Әр жылдардағы ұлықтау рәсімдерінде тапсырылған түпнұсқа заттар халық сайлаған мемлекет басшысының қызметіне ресми кіріскен кездегі салтанатты сәттерді қайтадан көз алдыңа келтіреді. Бұл аймақ интерактивті мұрағат және музей  материалдарымен  ғана толып тұрған жоқ, сонымен қатар «селфи» жасауға немесе шынайы тарихи жағдайда ұжым болып суретке түсуге мүмкіндік береді.

Интерактивтік аймақта қағаз тасымалдағыштардағы мол құжаттар топтамасы және зал тақырыбы бойынша бейнемұрағат қойылған. Келушілер қолайлы ахуалда мемлекет Басшысының еліміздің мемлекеттік даму стратегиясы бойынша белгі соққан қолжазбаларымен және құжаттармен таныса отырып,  сондай-ақ Тәуелсіздік кинохроникасынан алынған бірегей кадрларды тамашалай алды.

Дәстүр бойынша Мемлекет басшысына тартылған сыйлықтар қойылатын Күмбезді зал фойесіндегі экспозиция түбегейлі жаңартылды.  Бай музей жиынтығы мен оны толықтырушы экспонаттар оны ғылыми-қор тұрғысынан зерттеу нәтижесінде орындалу техникасы мен материалы бойынша жүйеленген экспонаттарды ұсынуға мүмкіндік берді. Ағашқа, теріге, шыныға, хрустальға жаңашакөзқарас;  алтын және күмісті айрықша жалтырату;  сүйекке, нефритке оймышталған және жібек жіппен шебер кестеленген өрнектер - «Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтары» экспозициясын тамашалауға келушілерді ерекше сезім мен түрлі әсерлерге бөлейтініне сенімдіміз.

Айтулы мерекелер: ҚР Тұңғыш Президентінің Күні және Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейіне келушілер Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының үлесі бар осынау өзгерістер ауқымын тағы бір қайтара бағалай алды.