2016 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Туған жерім» атты XII республикалық балалар шығармашылығы байқауының «Графика. Линогравюра» номинациясы бойынша қорытынды көрмесінің ашылуы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады.

     2016 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Туған жерім» атты XII республикалық балалар шығармашылығы байқауының «Графика. Линогравюра» номинациясы бойынша қорытынды көрмесінің ашылуы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады.

         Балалар шығармашылығына арналған «Туған жерім» республикалық байқауы жыл сайын ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің «Балалық шақтан көзқарас» атты балалар жобасының шеңберінде Астана қаласының ЮНЕСКО клубы – Балалар көркемсурет мектебімен бірлесіп өткізіліп келеді.


 

Алғаш рет «Туған жерім» республикалық балалар шығармашылығы байқауы 2004 жылы өткізілді. Қазіргі уақытта жоба бұрынғыдан кеңейіп, одан әрі маңызды бола түскен. Байқауға 10-16 жас аралығындағы көркемсурет мектептерінде және өнер мектебінің көркемсурет бөлімінде оқитын, ҚР Оқушылар Сарайының шығармашылық үйірмелерінде және бейнелеу өнері студияларында тәлім алатын балалар қатысады.

Жыл сайын байқаудың шарты бойынша орындалу техникасы ұйымдастыру комитетімен жеке келісіледі. Ағымдағы жылы байқаудың шартына сәйкес, «Графика и линогравюра» техникасында орындалған балалардың көркем шығармашылығы бағаланады. Графикалық жұмыстар өзінің ықшамдылығымен және айрықша сұлулығымен ерекшеленеді. Графикалық жұмыстар орындалуы жағынан алуан түрлі, себебі туындылар көмірмен, тушьпен, сангинамен, қарындашпен және т.б. жасалған. Суретшілерге көптеген бейнелеу мүмкіндіктерін беретін, линолеумеге ойып бедерленген баспа-таңба - линогравюра ерекше қызығушылық танытады.

Дәстүр бойынша әр аймақтардан келген байқау жеңімпаздарына арналған шеберлік-сыныптары ұйымдастырылады. «Туған жерім» XII республикалық балалар шығармашылығы байқауына Қазақстанның барлық аймақтарынан 500-ден аса жұмыстар келіп түсті.