2016 жылдың 6 сәуірінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мәдени мұрасын насихаттауға арналған әдеби кеш өтті.

      2016 жылдың 6 сәуірінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мәдени мұрасын насихаттауға арналған әдеби кеш өтті.

      Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858-1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) фольклор танушы, этнограф, тарихшы, араб және парсы тілдерін жетік меңгерген. Оның әдеби мұрасы тәуелсіздік тұғырына арналған қазақ мәдениетінің алтын қазынасының бір бөлігіне айналды.

      Әдеби кеште тыңдаушылар үшін М.Ж. Көпейұлының өзіндік талдауындағы фольклористиканы, оның әдебиеттанушылық ойларын ұсынып, ақынның поэзиясы мен замандас орыс классиктерінің туындыларымен шығармашылық  тұрғыдан қатарластыра салыстырулар  жүргізілді. Әдеби кеш аясында Ұлы даланың рухани мұрасын зерттеудегі өзекті мәселелер қозғалып, басты назар музей және кітапханалар қорларында сақталғанымен тұңғыш рет айналымға еңгізіліп отырған материалдарға аударылды.

      Әдеби кеш ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің «Ұлттық игілік» музейаралық жобасы негізіндегі серіктестердің мұражайтанушылық жұмысының нәтижесі болып табылады.

      Әдеби кештің қонақтары ретінде ақын шығармашылығының зерттеушілері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің проректоры, ф.ғ.д., профессор Диқан Қамзабекұлы, ф.ғ.д., профессор Серік Негимов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ғылыми кітапханасының директоры Бақытжан Оразалиев. М.Ж. Көпейұлының шөберелері: ф.ғ.д., профессор Нартай Жүсіп, т.ғ.д., доцент Лаура Жүсіп, тарихшы Әсет Пазылов қатысты.