2016 жылдың 28 наурызында Қазақстан Респубикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «BI Жұлдызай 2016» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының XI Республикалық фестивалінің басталуына арналған баспасөз конференциясы өтті.

   2016 жылдың  28 наурызында Қазақстан Респубикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «BI Жұлдызай 2016» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының XI Республикалық фестивалінің басталуына арналған баспасөз конференциясы өтті. «BI Жұлдызай» балалар шығармашылығының республикалық  фестивалі жыл сайын Қазақстанның барлық өңірлерінің балаларын біріктіреді. Фестивальдің негізгі мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балаларды шығармашылық әлеуметтендіру. 11 жыл ішінде фестивальге 36 583 балалар қатысты. Фестиваль жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, сондай-ақ облыстық және қалалық Білім басқармаларының қолдауымен өткізіліп келеді.  Биылғы жылғы фестиваль бірқатар жаңа серіктестердің қолдауымен жүзеге асырылуда.
   2016 ж. бірінші іріктеу туры 5 сәуірде басталады. Әділқазы алқасы құрамындағы Қор жетекшілері мен қазақстандық эстрада жұлдыздары еліміздің  16 қалаларын: Алматы, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Қарағанды және Астанада аралап шығады. Әділқазылар алқасы қатысушылардың өнерін алты номинация: «хореография», «вокалдық орындау», «аспаптық орындау», «әнді ишаралық орындау», «сәндік-қолданбалы өнер шығармашылық», «бейнелеу өнері» бойынша бағалайды.
   31 мамыр күні Музей алаңында биылғы ХІ фестивальдің «бейнелеу өнері», «сәндік қолданбалы өнер шығармашылығы» номинациялары бойынша жеңімпаздар жұмыстарының көрмесі өткізіледі және фестиваль жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталады. Балалар шығармашылығының республикалық фестивалі дәстүр бойынша 1 маусым - Балаларды қорғау күнінде «Қазақстан» Орталық концерт залында аяқталады.