2016 жылдың 26 ақпанында Олимпиадалық спорт Күнін өткізу аясында Қазақстан Тәуелсіздінің 25 жылдығына арналған Астана қаласы мектеп оқушыларының Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиялық комитеті басшылығымен кездесуі өтті

    2016 жылдың 26 ақпанында Олимпиадалық спорт Күнін өткізу аясында Қазақстан Тәуелсіздінің 25 жылдығына арналған Астана қаласы мектеп оқушыларының Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиялық комитеті басшылығымен кездесуі өтті.
     Салтанатты түрде Музей қорына Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің жылсайынғы сыйлығының үлгісі табыс етілді. Сыйлық материалдық жәдігерлердің бірегей топтамасы спорттық  жүлделер қатарынан құрметті орын алды, олардың арасында: олимпиада чемпионы А. Винокуровтің велосипеді, Б. Артаевтың  «Афинадағы Олимпиадалық ойындардың чемпионы тәжі», бокстан әлем және олимпиада чимпионы С. Сапиевтің боксерлік қолғаптары, IBF және IBА дәрежесіндегі бокстан әлем чемпиондары В. Жиров және М. Мәзімбаевтардың белдіктері, олимпиада чемпионы О. Шишигинаның медалі, факел және VII қысқы Азия ойындары медальдерінің жиынтығы, VII қысқы Азия ойындары чемпиондары -хоккейшілердің қолтаңбалары жазылған доп таяқтары, және басқалары бар. Музей жинақтарының қатары Қазақстанның спорттық даңқы жайында айтуға лайықты тағы бір шоқтығы биік  жәдігермен толықты.