2016 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде рухани тәжірибенің ерекше түрі - Икебана өнерінен Со-Катоку Икэнобо профессоры Мидори Ямада ханым шеберлік-сыныбын өткізді. Музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Қазақстандағы Жапония Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған іс шара барысында, қатысушылар өздігінен гүлшоқтарын құрастырумен қатар, Мидори Ямада ханымның авторлық жұмыстарымен де танысуға мүмкіндік алды.

Мидори Ямада ханым Омотэ Сэнкэ мектебінің шай құю рәсімінің және жапондық Суми-э кескіндемесінің шебері, «Шығып келе жатқан Күн – Алтын және Күміс Сәуле» Орденінің Иегері, Ресейдегі Икэнобо филиалының алғашқы президенті және оның негізін салушы  болып табылады. Ямада ханым 25 жылдан бері Ресей, Түркіменстан, Татарстан, Украина, Молдова, Армения және Қазақстанның көптеген қалаларында шеберлік-сыныптармен курстар жүргізіп келеді.

Икебана -  жапонның өмір салтынан туған. Негізі ұлтпен қаланған өнердің бұл түрі, әдеміліктің сарқылмас қазынасы ретінде ғасырлар бойы өз-өзін табиғатты сезінуді үйренуге тәрбиелеген. Икебана өнерінің бұл түрі бүкіл әлем бойынша көптеген адамдардың жүрек түкіпіріне ерекше әсер бере отырып, оның бірегейлігі мен қайталанбастығы, нәзіктігі мен әсемдігі, өзгелердің алуан пішіні мен стильдерін ұғынуға мүмкіндік береді.