2016 жылдың 1 шілдесінде қаламыздың ең жас тұрғындары үшін «Жүрегімде мәңгі сенсің – Астанам!» музейлік балалар мерекесінің өтуі Елорда күніне арналған мерекелік шаралардың бастауы болды.

2016 жылдың 1 шілдесінде қаламыздың ең жас тұрғындары үшін «Жүрегімде мәңгі сенсің – Астанам!» музейлік балалар мерекесінің өтуі Елорда күніне арналған мерекелік шаралардың бастауы болды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі қалалық Білім басқармасына қарасты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен табысты серіктестігінің нәтижесінде Астана күніне орай балалар мерекесін ұйымдастыруды игі дәстүрге айналдырған. Бұл жылы мерекелік іс-шара  № 53 «Мерей» балабақшасының ұжымымен бірлесіп дайындалды.

Бүлдіршіндер өздерінің көңілді, жарқын, қуанышты күлкілері мен шаттыққа толы дауыстарымен республикамыздың сүйікті елордасы – Астанаға – «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Туған күніңмен, Астана!», «Счастье – это ты и я!» музыкалық композицияларын, «Астана гүлдері», «Батырлар» би қойылымдарын, балалар оркестрінің инструменталды пьсасын ұсынды. «Достық» және «Жайна, Астана!» би композияциялары нағыз музыкалық тарту болды. Мерекелік концерттің соңы шараға қатысушылар – Астана қ. Білім басқармасының өкілдері мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері және ата-аналардың ықыласымен балалардың өз тілектерін білдіріп, әуеге шар ұшыруымен аяқталды.

Мұндай шаралардың Музейдің білім беру қызметінде орны ерекше: достық пен жылулықтың сиқырлы әлемі, мерекенің ерекше атмосферасы бүлдіршіндердің елордада өтіп жатқан тарихи оқиғаларға қатыстылығын сезіндіреді, өз қаласы мен еліне деген мақтанышы мен сүйіспеншілігін қалыптастырады. Бұл жылы өтетін мереке Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шаралардың аясында өтуде.

Осындай көңілді, әсерлі, есте қалар мерекенің барлық қатысушыларына ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар ұсынылды.