2016 ж.

2016 жылдың 1 шілдесінде қаламыздың ең жас тұрғындары үшін «Жүрегімде мәңгі сенсің – Астанам!» музейлік балалар мерекесінің өтуі Елорда күніне арналған мерекелік шаралардың бастауы болды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі қалалық Білім басқармасына қарасты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен табысты серіктестігінің нәтижесінде Астана күніне орай балалар мерекесін ұйымдастыруды игі дәстүрге айналдырған. Бұл жылы мерекелік іс-шара  № 53 «Мерей» балабақшасының ұжымымен бірлесіп дайындалды.

Бүлдіршіндер өздерінің көңілді, жарқын, қуанышты күлкілері мен шаттыққа толы дауыстарымен республикамыздың сүйікті елордасы – Астанаға – «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Туған күніңмен, Астана!», «Счастье – это ты и я!» музыкалық композицияларын, «Астана гүлдері», «Батырлар» би қойылымдарын, балалар оркестрінің инструменталды пьсасын ұсынды. «Достық» және «Жайна, Астана!» би композияциялары нағыз музыкалық тарту болды. Мерекелік концерттің соңы шараға қатысушылар – Астана қ. Білім басқармасының өкілдері мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері және ата-аналардың ықыласымен балалардың өз тілектерін білдіріп, әуеге шар ұшыруымен аяқталды.

Мұндай шаралардың Музейдің білім беру қызметінде орны ерекше: достық пен жылулықтың сиқырлы әлемі, мерекенің ерекше атмосферасы бүлдіршіндердің елордада өтіп жатқан тарихи оқиғаларға қатыстылығын сезіндіреді, өз қаласы мен еліне деген мақтанышы мен сүйіспеншілігін қалыптастырады. Бұл жылы өтетін мереке Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шаралардың аясында өтуде.

Осындай көңілді, әсерлі, есте қалар мерекенің барлық қатысушыларына ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар ұсынылды.


      2016 ж.  31 мамыр күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Халықаралық Балаларды қорғау күніне арналған  мерекелік іс-шаралар өтті. Биылғы жылы «Балалық шақтан көзқарас» атты Музейдің балалар жобасы  «ВІ Жұлдызай» қайырымдылық корпоративтік қоры,  Астана қаласының ЮНЕСКО клубы – Балалар көркемсурет мектебі және ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің серіктестік жұмысының нәтижесін ұсынды.

      Мерекелік бағдарлама «ВІ Жұлдызай» қорының мүмкіндіктері шектеулі балалардың шығармашылығына арналған ХІ Республикалық фестивалінің жеңімпаздарына арнайы дайындалған болатын.  Фестивальдің басты мақсаты балалардың шығармашылық әлеуметтенуі болып табылады. Балалар үшін музей  бойынша шолу экскурсиялары өткізілді және жеңімпаздар Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубы оқытушыларының шеберлік-сабақтарына қатысты. Сонымен қатар, балалар Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ Театры» қойылымын тамашалады. Ұлттық олимпиадалық комитеті және Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубының өкілдері қатысқан «бейнелеу өнері» және «сәндік-қолданбалы өнері» номинациялары бойынша жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Дәстүр бойынша,  Балаларды қорғау күнінде Музейде балалар шығармашылығы жұмыстарының көрмесі ашылды.   

      Биылғы жылы көрмеде Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавловск, Тараз, Талдықорған, Орал, Өскемен және Шымкент қалаларынан қатысқан балалардың өнері «бейнелеу өнері» және «сәндік қолданбалы өнер» номинациялары бойынша жеңімпаздардың жұмыстары  ұсынылды.


 

19 мамыр 2016 ж. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінің Күмбезді залында Санкт-Петербург Концерттік хорының (Смольный соборының камерлік хоры) концерттік бағдарламасымен «Жаңа көзқарас. New Vision» фотосуреттер көрмесінің ашылу рәсімі өтті.   

Көрме «Исаакий соборы» Мемлекеттік ескерткіш-музейі мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің арасындағы қызметтестік жөніндегі меморандумы, сондай-ақ «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасының шеңберінде ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты – Санкт-Петербургке және қаланың көрікті жерлеріне, сондай-ақ, бірегей тарихи-көркемдік кешен – төрт собор музейі: Исаакий соборы, Христостың қайта арылу ғибадатханасы («Спас на крови»), Смольный соборы, Сампсониев соборларына деген жас фотосуретшілердің өзіндік көзқарасын көрсету. Осы жобаның барысында қала тұрғындары мен қонақтары Санкт-Петербургті жаңа қырынан танып, қаланың заманауи тынысын және классикалық дәстүрлер көркемдігіне бай өмір ырғағымен танысады.

Көрменің ашылу рәсімінде Санкт-Петербургтің атақты хор ұжымдарының бірі Санкт-Петербург Концерттік хоры (Смольный соборының камерлік хоры) өз өнерлерін көрсетті. Хор 1991 жылы құрылған болатын. Санкт-Петербург Концерттік хорының вокалдық орындау мәнерінде еуропалық жеңіл дауыс ырғағы мен нағыз орыс халқына тән дауыс тембрі әдемі үйлесім тапқан.

   


2016 жылдың 6 сәуірінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мәдени мұрасын насихаттауға арналған әдеби кеш өтті.

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858-1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) фольклор танушы, этнограф, тарихшы, араб және парсы тілдерін жетік меңгерген. Оның әдеби мұрасы тәуелсіздік тұғырына арналған қазақ мәдениетінің алтын қазынасының бір бөлігіне айналды.

Әдеби кеште тыңдаушылар үшін М.Ж. Көпейұлының өзіндік талдауындағы фольклористиканы, оның әдебиеттанушылық ойларын ұсынып, ақынның поэзиясы мен замандас орыс классиктерінің туындыларымен шығармашылық  тұрғыдан қатарластыра салыстырулар  жүргізілді. Әдеби кеш аясында Ұлы даланың рухани мұрасын зерттеудегі өзекті мәселелер қозғалып, басты назар музей және кітапханалар қорларында сақталғанымен тұңғыш рет айналымға еңгізіліп отырған материалдарға аударылды.

Әдеби кеш ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің «Ұлттық игілік» музейаралық жобасы негізіндегі серіктестердің мұражайтанушылық жұмысының нәтижесі болып табылады.

Әдеби кештің қонақтары ретінде ақын шығармашылығының зерттеушілері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің проректоры, ф.ғ.д., профессор Диқан Қамзабекұлы, ф.ғ.д., профессор Серік Негимов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ғылыми кітапханасының директоры Бақытжан Оразалиев. М.Ж. Көпейұлының шөберелері: ф.ғ.д., профессор Нартай Жүсіп, т.ғ.д., доцент Лаура Жүсіп, тарихшы Әсет Пазылов қатысты.


 

2016 жылдың  28 наурызында Қазақстан Респубикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «BI Жұлдызай 2016» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының XI Республикалық фестивалінің басталуына арналған баспасөз конференциясы өтті. «BI Жұлдызай» балалар шығармашылығының республикалық  фестивалі жыл сайын Қазақстанның барлық өңірлерінің балаларын біріктіреді. Фестивальдің негізгі мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балаларды шығармашылық әлеуметтендіру. 11 жыл ішінде фестивальге 36 583 балалар қатысты. Фестиваль жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, сондай-ақ облыстық және қалалық Білім басқармаларының қолдауымен өткізіліп келеді.  Биылғы жылғы фестиваль бірқатар жаңа серіктестердің қолдауымен жүзеге асырылуда.
 
2016 ж. бірінші іріктеу туры 5 сәуірде басталады. Әділқазы алқасы құрамындағы Қор жетекшілері мен қазақстандық эстрада жұлдыздары еліміздің  16 қалаларын: Алматы, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Қарағанды және Астанада аралап шығады. Әділқазылар алқасы қатысушылардың өнерін алты номинация: «хореография», «вокалдық орындау», «аспаптық орындау», «әнді ишаралық орындау», «сәндік-қолданбалы өнер шығармашылық», «бейнелеу өнері» бойынша бағалайды.
 
31 мамыр күні Музей алаңында биылғы ХІ фестивальдің «бейнелеу өнері», «сәндік қолданбалы өнер шығармашылығы» номинациялары бойынша жеңімпаздар жұмыстарының көрмесі өткізіледі және фестиваль жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталады. Балалар шығармашылығының республикалық фестивалі дәстүр бойынша 1 маусым - Балаларды қорғау күнінде «Қазақстан» Орталық концерт залында аяқталады.  

 

2016 жылдың 26 ақпанында Олимпиадалық спорт Күнін өткізу аясында Қазақстан Тәуелсіздінің 25 жылдығына арналған Астана қаласы мектеп оқушыларының Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиялық комитеті басшылығымен кездесуі өтті.
 
Салтанатты түрде Музей қорына Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің жылсайынғы сыйлығының үлгісі табыс етілді. Сыйлық материалдық жәдігерлердің бірегей топтамасы спорттық  жүлделер қатарынан құрметті орын алды, олардың арасында: олимпиада чемпионы А. Винокуровтің велосипеді, Б. Артаевтың  «Афинадағы Олимпиадалық ойындардың чемпионы тәжі», бокстан әлем және олимпиада чимпионы С. Сапиевтің боксерлік қолғаптары, IBF және IBА дәрежесіндегі бокстан әлем чемпиондары В. Жиров және М. Мәзімбаевтардың белдіктері, олимпиада чемпионы О. Шишигинаның медалі, факел және VII қысқы Азия ойындары медальдерінің жиынтығы, VII қысқы Азия ойындары чемпиондары -хоккейшілердің қолтаңбалары жазылған доп таяқтары, және басқалары бар. Музей жинақтарының қатары Қазақстанның спорттық даңқы жайында айтуға лайықты тағы бір шоқтығы биік  жәдігермен толықты.