2016 ж., 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстандағы Беларусь Елшілігінің қолдауымен Музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» жобасының аясында Беларусь Республикасының Ұлттық тарихи музейінің қорынан ұйымдастырылған «Лев Дашкевичтің фотосуреттері. Жарық пен көлеңке» атты көрмесінің ашылуы өтті.

2016 ж., 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстандағы Беларусь Елшілігінің қолдауымен Музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» жобасының аясында  Беларусь Республикасының Ұлттық тарихи музейінің қорынан ұйымдастырылған  «Лев Дашкевичтің фотосуреттері. Жарық пен көлеңке»  атты көрмесінің ашылуы өтті.  

Көрме Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі мен Беларусь Республикасының Ұлттық тарихи музейінің 2015 жылдың қазан айында ынтымақтастық меморандум аясында бекітілген алғашқы бірлескен тәжірибе алмасу жұмысы болып табылады.  Көрме Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бастамасымен, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған, республикалар арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылған.

Лев Урбанович Дашкевич (1882 – 1957 жж.) – беларусьтік фотосуретші, публицист, педагог, ғалым, өнертапқыш. 1882 жылы 31 қаңтарда Минскіде, дворяндар – Минск қазыналық палатасының кеңесшісі Урбан Клеофасович және Антонина Ивановна (Круковская) Дашкевичтердің жанұясында дүниеге келген. Дижон университетінде (сөз саптау факультетінің роман бөлімшесінде)  және Париждегі Графикалық өнердің жоғары мектебінде (фотосурет бөлімшесі) білім алған фотосуретші Ереванның (Армения), Гянджи (Азербайджан), Тифлис (Грузия), Минск қаларында оқытушылықпен айналысты. Лев Дашкевич Беларусьте алғашқы болып фотосурет өнері бойынша дәріс оқыды (Минскінің халықтың білім институты), пикторалды (бейнелеу) фотосурет өнерінің негізін қалаушылардың бірі, әр түрлі күрделі фототехникаларда жұмыс жасады. Фотосурет өнерімен айналысуымен қатар Лев Урбанович рентгенография саласымен және адам ағзасына биологиялық ультрокүлгіннің әсерін зерттеді. Нәтижесінде жараны жазудың жаңа әдіснамасын жасады.   

Көрмеде ұсынылған 39 фотосурет Лев Дашкевичтің 1910 және 1950 жылдар аралығында жасалған.  Фотосуреттердің бірқатар бөлігі 1923 жылы Игумен және Логойск аймақтарында этнографиялық экспедиция барысында түсірілген.