2016 ж. 31 мамыр күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Халықаралық Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Биылғы жылы «Балалық шақтан көзқарас» атты Музейдің балалар жобасы «ВІ Жұлдызай» қайырымдылық корпоративтік қоры, Астана қаласының ЮНЕСКО клубы – Балалар көркемсурет мектебі және ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің серіктестік жұмысының нәтижесін ұсынды.

      Мерекелік бағдарлама «ВІ Жұлдызай» қорының мүмкіндіктері шектеулі балалардың шығармашылығына арналған ХІ Республикалық фестивалінің жеңімпаздарына арнайы дайындалған болатын.  Фестивальдің басты мақсаты балалардың шығармашылық әлеуметтенуі болып табылады. Балалар үшін музей  бойынша шолу экскурсиялары өткізілді және жеңімпаздар Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубы оқытушыларының шеберлік-сабақтарына қатысты. Сонымен қатар, балалар Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ Театры» қойылымын тамашалады. Ұлттық олимпиадалық комитеті және Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубының өкілдері қатысқан «бейнелеу өнері» және «сәндік-қолданбалы өнері» номинациялары бойынша жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Дәстүр бойынша,  Балаларды қорғау күнінде Музейде балалар шығармашылығы жұмыстарының көрмесі ашылды.   

      Биылғы жылы көрмеде Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавловск, Тараз, Талдықорған, Орал, Өскемен және Шымкент қалаларынан қатысқан балалардың өнері «бейнелеу өнері» және «сәндік қолданбалы өнер» номинациялары бойынша жеңімпаздардың жұмыстары  ұсынылды.