2015 ж,

     Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде  Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған мерекелік іс-шаралардың жалғасы, бейнелеу өнері туындыларынан тақырыптық қор көрмесі ашылды.
    Көрмеде  поляк суретшісі Бронислав Залесскийдің 1820 – 1880 жылдар аралығындағы «Қазақ даласының өмірі» атты сериясының бірегей жұмыстары ұсынылған. Б.Залесскийдің офорттары көркемдік шеберлікпен орындалған тек қолөнер туындылары ғана емес, сондай-ақ дәстүрлі қазақ қоғамының тұрмыстық жағдайынан да сыр шертетін құнды дерек көзі болып табылады.  
Қазақстанның белгілі суретшілерінің туындылар топтамасы, бізді аты аңызға айналған Ұлы даланың тарихымен байланыстырады. «Қыз Жібек» бейнесі, батырлар арасындағы жекпе-жек,   көшпендінің адал серігі – тұлпары мен кең байтақ туған өлкеміз үндесіп біртұтас қауымдастық байланыс құрайды.
Көрмеде A. Смағұлова, K. Әжібеков, A. Қазғұлов, Ж. Кәкенұлы, Д. Тайванжарғал, Д. Мельников және Р. Құлбатыров сынды белгілі суретшілердің еңбектері көрермен назарына ұсынылған.

2015 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Лекторий кестесіне сәйкес келесі іс-шаралар өткізілді:

– «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері», «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі коллекциясындағы әлемдік діндердің  ғұрыптық заттары», «Астана – тәуелсіз Қазақстанның нышаны», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев: тарихи тұлғаның қалыптасу кезеңдері», «Қазақстан Республикасында құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру» дәрістері;

– «Қазақстан Республикасының әскери мұрасы» экскурсия-сабағы;

– «Мәдениет саласындағы өзекті мәселелер» шеберлік сыныбында Астана қаласы тарих пәнінің мұғалімдері «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының жетістіктері және келешегімен танысты. Мектепте «Сәулет ескерткіштері» тақырыбын оқытуда оқу процесіне интерактивті сандық білім беру ресурстарын (СБР) енгізу мәселелері туралы материал қатысушылардың қызығушылығын туғызды. Тыңдаушылар Қозы Көрпеш - Баян Сұлу, Айша Бибі, Алаша хан, Қожа Ахмет Яссауи кесенелері туралы материалдарға жасалған СБР жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін меңгерді. Қорытындылау интерактивті тақтада тестілеу формасында өтті.

Музей қорынан алынатын фото және -бейнеқұжаттар тыңдаушылардың қашанда қызығушылығын тудырып келеді.

 Қыркүйек айы бойынша Музейдің білім беру бағдарламасына 340 адам қатысты. Қатысушылардың негізгі санатын мектеп оқушылары, колледж студенттері, Астана қ. тарих және қоғамдық пәндер мұғалімдері құрады.  


2015 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Лекторий кестесіне сәйкес келесі шаралар өткізілді:

– «Қазақстанның олимпиада чемпиондары», «Қазақстан – ғарыш айлағы» дәрістері;

– «Жәдігерлер сыр шертеді...» циклы бойынша «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» экскурсия сабағы (Күміс залы);

–        Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығына арналған Астана қ. колледжі студенттерінің арасында дебаттық турнир;

–       «Елбасытану» (4) және «Жастардың бойында лидерлік қасиетті дамыту жағдайлары» (4) элективті курстарының аясындағы сабақтар;

– «Лидер болу – қоғам талабы» атты актер, әнші әрі сазгер Нұрлан Әлімжанмен кездесу сабағы.

Қатысушылар тарапынан Музей қорынан алынған жәдігерлер, фото- және бейнеқұжаттар қызығушылық тудырып келеді.

Қазан айында барлығы 13 шара өткізілген. Музейдің Білім беру бағдарламасына қатысушылардың саны – 460 адам. Олардың негізін  Астана қ. жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары, колледж студенттері, тарих және қоғамдық пәндер мұғалімдері құрады. 


     2015 жылдың 26 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі: Н.Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» тұңғыш жалпықалалық шығармашылық байқауының қорытынды кезеңі мен жеңімпаздарын марапаттау өткізілді.  
     Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі әзірлеген арнайы жоба Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымымен бірлесіп жүзеге асырылды.
Байқауды өткізудің негізгі міндеттері:
1.  Ән шығармашылығын ұлттық және жалпыадамзаттық тәжірибені жүзеге асырудың соны құралдарының бірі ретінде өзектендіру,
2.  Н. Ә. Назарбаевтың Мемлекет басшысының адам және азамат ретіндегі бірегей қырларын ашатын әндерін насихаттау және жариялау,
3.  Қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік және мәдени дәстүрлері тұрғысынан оқушы жастар бойында құндылық нысандарын қалыптастыру,
4.  Музыка өнерінің түрлі жанрларында жас дарынды орындаушыларды анықтау және қолдау.
     Байқау 2015 жылғы 1 қарашада басталды. Іріктеу турында –  «Бабамнан қалғаң кең дала», «Біздің Президентіміздің сүйікті әндері ырғағымен», «Патриоттық тақырыптағы авторлық шығарма» үш номинациясында –   10-нан – 12 жасқа дейінгі, 13-тен–16 жасқа дейінгі, 17-ден–20 жасқа дейінгі жас санаттарында жалпы білім беретін мектептердің және арнайы орта оқу орындарының ұжымдары қатысты.  
    Байқаудың қорытынды кезеңіне іріктеу турынан 18 номинант өтті. Шындығында, ән шығармашылығы – қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік және мәдени дәстүрлердің құнды бағыттары көрінетін, ұлттық және жалпы адами тәжірибе іске асырылатын ерекше құралдардың бірі. Әділқазылардың бағалауына жеке орындаушылар, дуэт және вокальды топтардың өкілдері өз шеберлігін ұсынды.   
    Сайыстың жеңімпаздары өз пікірлерінде: «Біз Қазақстан Президентін әлемдік деңгейдегі саяси қайраткер ретінде білеміз. Байқау барысында Н. Ә. Назарбаев жазған әндерді зерттей отырып, Елбасының жаңа қырларын танып білдік, оның Отанға, халыққа, ел тарихы мен дәстүріне деген жүрек лүпілін байқадық» деп атап өтті.
    Байқауға қатысушылардың жүрек толқынысы мен жауапкершілігі елорда оқушыларының сүйікті орнына айналған      Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының сахнасында өнерлерін көрсетуіндегі қуанышты сәттерімен өрнектелді.
    Құзыретті әділқазылардың шешімімен ешбір жеңімпаз назардан тыс қалмады. Жас өнерпаздарға мерекеден естелік сый ретінде Н. Ә. Назарбаевтың кітаптары дайындалды. Әрбір қатысушы «Белсенді қатысқаны үшін» сертификатына ие болды.
    «Ең үздік ән» жеке номинациясы «Туған жер» әнін орындаған Анель Серікбаеваға (Дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебі) табысталды.
    «Мақтанышым – Елбасым» (сөзі: М. Қасымбек, әні: А. Мұхамедиұлы) әнімен байқау шымылдығын ашқан «Алау» вокальды тобының мүшелері (№ 64 мектеп-лицейі) ерекше сыйға ие болды. 
Жеңімпаздар арасындағы орындар келесідей бөлінді:
 «Бабамнан қалған кең дала»
номинациясында:
1)      І дәрежелі диплом –  Байбуринов Бекарыс (№ 64 мектеп-лицейі)  «Жерім менің» әнімен;
2)      II дәрежелі диплом – Газизов Рустем, Ерсұлтан Медина (дуэт,  № 70 мектеп-лицейі) «Сарыарқа» әнімен;
3)      III дәрежелі диплом – Алпысбай Диас (№ 53 мектеп-лицейі) «Елім менің» әнімен;
 «Біздің Президенттің сүйікті әндері ырғағымен» номинациясында:
1)      I дәрежелі диплом –  Қадырбек Елнұр (№ 1 балалар музыка мектебі) «Весна на заречной улице» әнімен;
2)      II дәрежелі диплом – «Балауса» вокальды ансамблі (№ 69 мектеп-гимназиясы) «Песня о тревожной молодости» әнімен;
3)      III дәрежелі диплом – Магзымхан Фариза (№ 53 мектеп-лицейі) «Бір бала» әнімен;
 «Патриоттық тақырыптағы авторлық шығарма» номинациясында:
1)      I дәрежелі диплом –  Тайжанова Даяна («Голубой парус» балабақша-мектеп кешені) «Запах степи» әнімен;
2)      II дәрежелі диплом – Сейтқалиева Нұрай, Нұралиев Ғалымжан (дуэт, № 70 мектеп-лицейі) «Сағынышым, Астана» әнімен;
3)      III дәрежелі диплом – Қали Фариза (№ 67 мектеп-гимназиясы) «Елбасы» әнімен.
Байқаудың Бас жүлдесін «Атамекен» әнін орындаған Ищанкулова Дания (№ 66 мектеп-лицейі) иеленді. Ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпазға басты сыйлықтар – «Желкенді кеме» мен «Алтын микрофон» тапсырылды. 

2015 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Лекторий кестесіне сәйкес келесі іс-шаралар өткізілді:
Дәрістер:
– «Жастар және дәстүрлі емес діни ұйымдар: әдістері мен қызмет ету ерекшелігі»;
– «Қазақстанның тарих ғылымы: «Ғасырлар тоғысындағы халық» тарихи зерттеулер бағдарламасының аясындағы жетістіктер мен проблемалар».
    Тәуелсіздік күні қарсаңында Музейде қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы» атты сан ғасырлық Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғаларды сипаттаған тарихи көріністер шеруі өткізілді.
Желтоқсан айы бойынша Музейдің Білім беру бағдарламасына қатысушылардың саны – 300 адам. Олардың негізін  Астана қ. жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары, колледж студенттері, тарих және қоғамдық пәндер мұғалімдері құрады.

2015 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Лекторий кестесіне сәйкес келесі шаралар өткізілді:
Дәрістер:
– «Қазақстан Республикасында құқықтық сана мен мәдениет қалыптастыру»;
– «Қазақстан халқы Ассамблеясы және ұлтаралық қатынас»;
–  «Жастар және дәстүрлі емес діни ұйымдар»;
–  «Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақ мемлекеттілігі».

«Жастардың бойында лидерлік қасиетті дамыту жағдайлары» элективті курсының аясындағы сабақтар (4).

«Жастардың бойында лидерлік қасиетті дамытудағы әлеуметтік институттардың рөлі» ғылыми жобасының негізінде «Лидер болу – уақыт талабы» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. 

Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Астана қ. Білім басқармасының әдіскерлері, ғылыми және педагогикалық қауымдастық, үкіметтік емес ұйымдар мен білім беру ұйымдарының өкілдері, «Жастардың бойында лидерлік қасиетті дамыту» элективті курсының тыңдаушылары қатысты. Конференция барысында отандық ғылымда лидерлік қасиеттің отбасы, мектеп және басқа да әлеуметтік институттарда қалыптасу тәжірибесі зерделенген мәселелер талқыланып, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің зерттеу жұмысының нәтижелері таныстырылды.