19 мамыр 2016 ж. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінің Күмбезді залында Санкт-Петербург Концерттік хорының (Смольный соборының камерлік хоры) концерттік бағдарламасымен «Жаңа көзқарас. New Vision» фотосуреттер көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

      Көрме «Исаакий соборы» Мемлекеттік ескерткіш-музейі мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің арасындағы қызметтестік жөніндегі меморандумы, сондай-ақ «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасының шеңберінде ұйымдастырылды.

      Көрменің мақсаты – Санкт-Петербургке және қаланың көрікті жерлеріне, сондай-ақ, бірегей тарихи-көркемдік кешен – төрт собор музейі: Исаакий соборы, Христостың қайта арылу ғибадатханасы («Спас на крови»), Смольный соборы, Сампсониев соборларына деген жас фотосуретшілердің өзіндік көзқарасын көрсету. Осы жобаның барысында қала тұрғындары мен қонақтары Санкт-Петербургті жаңа қырынан танып, қаланың заманауи тынысын және классикалық дәстүрлер көркемдігіне бай өмір ырғағымен танысады.

      Көрменің ашылу рәсімінде Санкт-Петербургтің атақты хор ұжымдарының бірі Санкт-Петербург Концерттік хоры (Смольный соборының камерлік хоры) өз өнерлерін көрсетті. Хор 1991 жылы құрылған болатын. Санкт-Петербург Концерттік хорының вокалдық орындау мәнерінде еуропалық жеңіл дауыс ырғағы мен нағыз орыс халқына тән дауыс тембрі әдемі үйлесім тапқан.