Array
(
)

Пiкiр-тiлек кiтабы

Добавить сообщение

От kz: Баубекова Әлфия Бағабиқызы Дата kz: 10-03-2017

Мен Баубекова Әлфия Бағабиқызы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейіне барған сәтіммен сіздермен бөліскім келді. Музейде барлық экспонаттарды - Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың отбасымен қолданған заттарын көріп тамашаладым, Әлжан әжеміздің тігін машинасы көзіме оттай басылды. Балалық шағым есіме түсті. Қайталанбас балғын балалық шағыммен қайта қауышып кездескендей болдым.Шіркін шаттана күліп, шүйіркелесіп,Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бала кезімізде бірге ойнап, бірге жүрген шақтарым көз алдымнан дәл бүгінгідей өтіп жатты. Осы музейден Нұрсұлтан Әбішұлының отбасымен түскен суретін көргенде Әбіш ата мен Әлжан апаммен сөйлескендей, бір мауқымды басып, туған-туыстай жақсы араласып, сыйласып өскендіктен, қуанып көзіме жастың қалай келгенін байқамай да қалдым. Нұрсұлтанның еңбек жолындағы жетістігі көрсетілген көрмені көріп,ерекше марқайып, жерлесімнің жетістігін мақтан еткенім сырт көзге байқалып тұрды.Сонымен қатар өмір мектебінен өткен Нұрсұлтан Әбішұлының бірнеше елден алған марапаттарын, төс белгілерін, алқаларын көріп бір ерекше қуанышқа кенелдім. Елбасы болып елінің, халқының сенімінен шыққан, Отаны үшін ерен еңбегінің шыңырау биігіне жеткен, елу елдің қатарына жеткізген Нұрсұлтан бауырымдай болсыншы әр жеткіншек деймін. Жастарымыз Ұлы да, Ұлағатты Елбасынан үлгі алып, санасына тоқып, болашағына мақсат қоя білсе, нұр үстіне нұр емес пе! Ал құрметті халқым әр ер азамат дәл осы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы көрсеткен жолды жалғастырып, ерен еңбек жетістігіне жетсе, бұл қазақ халқы үшін үлкен жетістік болары сөзсіз. Мені музейге сұхбат беруге шақырып, Елбасымыз туралы естелігімді мұқият жазып алған, мені зор ықыласпен қарсы алып, көрмелерді аралатып таныстырған музейдегі қыздарыма Ботагөз Қайыпова, Ләйла Омарова, Гүлмира Атабаеваларға, өте риза болдым. Нұрсұлтанның жақсы көретін әндерін орындап, Елбасы туралы кітаптарды сыйға алып, естелік, әңгімелерімді айтып төбем бір көкке жеткендей, үлкен қуанышпен бойыма қанат біткендей әсер алдым.Музейдегі қызметкер қыздарыма айтар алғысым шексіз! Сексенге келген аналарың Сендерге өмірлерің ұзақ, қызметтерің мерейлі, бақыттарың баянды болсын деп батасын береді. Алғыс айту күніне сәйкес келген бұл күн, Ерекше күн болып есімде қалды. Сұлу да сүйкімді қыздарым Ерекше құрметпен қарсы алды. Қазақи ерекше ықыласпен Ерекше құрметпен шығарып салды. Қыздарым еңбектерің жемісті! Жемісі шексіз болсын!!!

От kz: РГУ «Кинологический центр» Дата kz: 03-02-2017

Уважаемая Алма Сагынгали! РГУ «Кинологический центр» Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан выражает Вам и Вашему коллективу искренние слова благодарности за оказанное содействие в проведении впреддверии празднования Дня Первого Президента Республики Казахстан, 25-летия дня Независимости Республики Казахстан и 15-летия со дня образования Кинологического центра КГД МФ РК мероприятия по передаче в фонд Музея Первого Президента РК экспонатов (кубки, медали,выигранныена международных соревнованиях, памятные сувениры по линии кинологии), фотографий со значимых событий из истории деятельности кинологической службы КГД МФ РК. Реализация данного проекта является важнейшими значимым для нашей службысобытием, а также послужит примером для кинологических служб правоохранительных органов РК. Так как основной идеей создания Музея Первого Президента РК является отображение истории суверенного Казахстана, мы уверены, что наши экспозиции послужат формированию у граждан Казахстана и гостей нашей столицы интереса и представления об истории и деятельности Кинологической службы КГД МФ РК, как одной из служб, обеспечивающих безопасность страны. Хотели бы выразить отдельное спасибо КуляйшеКабдуалиевне АКТАЕВОЙ, благодаря которой реализовано мероприятие и прошло на высоком уровне. Коллектив Кинологического центранадеется на дальнейшее плодотворное сотрудничество. Желаем Вам и Вашему коллективу новых достижений, творческого энтузиазма, креативных идей,профессиональных успехов! С уважением,РыспекСмаков

От kz: Жиенбаева Жанаргүл Оразбекқызы, № 63 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Дата kz: 05-12-2016

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Қазақстан халықаралық аренада» атты үздік музейлік сабаққа арналған қалалық конкурсқа қатысу аясында өткізетін сабағым 1-желтоқсан қарсаңына жоспарлануы маған және сыныбыма үлкен жауапкершілік артты. Себебі байқауға таңдап алған тақырыбым – «Елін сүйген Елбасы» деп аталуы. Сабаққа дайындық барысында Музейдің «Атамекен» экспозициясымен танысуымен қатар, көптеген бейнеқұжаттар мен кітаптардың материалдарын қарап шықтық. Сабақ барысында экспозицияға қойылған Елбасының өмірі мен отбасы туралы деректер оқушылардың жаңа мәліметтерді білуге деген қызығушылығын арттырды. Соның негізінде олар Елбасы өміріне қатысты мәліметтерді әңгімелеп қана қоймай, көрініс түрінде де қызықты етіп ұсына алды. Осы сабақты ұйымдастыруға көмектескен Музей әкімшілігі мен қызметкерлеріне үлкен алғысымызды айтамыз.

От kz: Шубаева Гүлзада Мейірбекқызы, Гуманитарлық колледждің оқытушысы: Дата kz: 02-12-2016

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жанындағы «Ақиқат» дебаттық клубының ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап «Әлемдік қауымдастық таныған ел» тақырыбында өткізген қалалық турнирі жоғары дәрежеде ұйымдастырылды және өте тартысты болды. Пікірсайыста тыңдалған тақырыптарда қазіргі таңдағы өте өзекті мәселелер қарастырылған. Ойын барысында жастарымыз өздеріне бірқатар ойлар түйді деген ойдамын. Әсіресе батыс мәдениеті тақырыбы қазіргі кездегі өте өзекті мәселенің бірі болғандықтан өте жақсы таңдалып алынған. «Ақиқат» клубының мүшелеріне осындай қызықты да мазмұнды, жастарымыздың ой-өрісін дамытатын ойынды ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақыттарда осындай кездесулер көптеп өтіп тұрса деген ұсынымызды білдіреміз.

От kz: Газизов Рустем и К. Едресов Дата kz: 02-12-2016

Второй год в канун Дня Первого Президента Республики Казахстан проходит гала-концерт в рамках полюбившегося нам, учителям музыки и пения учреждений образования, городского конкурса «Сокровенные струны души: песенное творчество Н.А. Назарбаева» / «Көңілдің асыл пернесі: Н. Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы». Финал II общегородского конкурса показал: число желающих участвовать в конкурсе растет, заявки представили и студенты колледжей. Особенно отрадно, что в этом году впервые была предоставлена возможность проявить свои таланты и нам, педагогам. Этот конкурс интересен и тем, что в нем участвуют ребята не из специализированных школ, поэтому для этой категории молодежи появилась новая возможность для самореализации. На этой площадке учат вслушиваться в авторский текст песни, за строками стихов видеть образ Родины, проникнуться авторскими чувствами любви и уважения к культуре и народным традициям. В течение 2 часов компетентное жюри определяло лучших из 31 конкурсанта. Хорошая организация гала-концерта, уважение к конкурсантам, доброжелательная атмосфера помогали нам на протяжении финала. Мы благодарим Музей Первого Президента, инициировавшего этот конкурс. Поздравляем Ваш коллектив с 25-летием Независимости Казахстана и успешным финалом песенного конкурса. Удачи вам и новых интересных начинаний! Газизов Рустем, обладатель Диплома II степени в возрастной категории 10-12 лет с песней «Бейбіт өмір болсын әлемде» и победитель в номинации «Лучшее авторское сочинение на патриотическую тему», учитель школы-гимназии № 70 К. Едресов

От kz: Канапиевой Саулеш Толегеновны, директора Детской музыкальной школы №1 г. Астаны Дата kz: 19-10-2016

Педагогический коллектив Детской музыкальной школы №1 г. Астаны благодарит Музей Первого Президента за совместную работу в течение апреля – октября по подготовке лекции-концерта «Елбасының сүйікті әндері», организованного в рамках Второго общегородского конкурса среди одаренных в музыке детей «Сокровенные струны души: песенное творчество Н. А. Назарбаева». Сотрудничество с вами позволило нам глубже познакомиться с творчеством Главы государства, глубинным содержанием песен, написанных на слова Н. А. Назарбаева. Сколько новых песен разучили наши учащиеся в рамках мастер-класса для учителей музыки и пения – «тренеров» новых звездочек на эстрадном олимпе. Концерт прошел с аншлагом, потому что проект интересен не только для взрослой категории, но и детей. Выступление наших учащихся встречалось с восторгом. Благодаря участию в лекции-концерте ребята получили огромное воодушевление. Для нас, учителей музыки, важнее всего подвигнуть своих воспитанников к новым вершинам мастерства. А это колоссальный труд. И вы предоставили нашим юным артистам этот миг признания публикой, желание работать над собой, наращивать умения и навыки, совершенствоваться. Желаем вам дальнейших успехов в замечательном проекте по исследованию уникальной грани личности Елбасы – его песенного творчества!

От kz: Ордаева Зоя Жұмабердіқызы Дата kz: 11-10-2016

Алматы облысы,Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы Өлкетану мұражайына ҚР Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары Қайыпова Ботагөз Муттахиденқызы, бас ғылыми қызметкері Омарова Лайла Арипқызы "Елбасытану", Оспанова Асия Аділқызы "Жастардың бойында лидерлік қасиеттерді қалыптастыру" курстарын 10 сынып оқушыларымен өткізді . Бізге келіп осындай курстарды өткізген жоғарыда аты аталған ғылыми қызметкерлерге алғысымыз шексіз! Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының тарих пəні мұғалімі Ордаева Зоя Жұмабердіқызы

От kz: родителей Курмангалиевой Алии, ученицы 3 класса по классу фортепиано Детской музыкальной школы № 1 г. Астаны Дата kz: 29-09-2016

Выражаю огромную благодарность от лица родителей Детской музыкальной школы № 1 г. Астаны и от своего имени лично музейным педагогам Музея Первого Президента Республики Казахстан за прекрасно проведенный День открытых дверей. Программа Дня была насыщенная. Время пролетело незаметно. За 2 часа мы смогли узнать, увидеть и проникнуться тем, как много делается в нашей стране по поручению Главы государства Н. А. Назарбаева в рамках Государственной программы «Культурное наследие» и патриотического акта «Мәңгілік Ел» для воссоздания, охраны и развития историко-культурного наследия. В залах «Совета безопасности», «Спортивной славы», фойе Купольного зала наши дети соприкоснулись с музейными раритетами, смогли подержать их в руках и даже примерить на себя. Конечно же, такие мгновения незабываемы. Они учат гордиться своими истоками, толерантности, желанию бережно относиться к предметам народно-прикладного искусства. Большое вам спасибо от лица родителей, ведь наши дети да и мы сами впервые осознали, сколько уважения и признания заслуг нашего Президента вложено в каждый подарок, преподнесенный в дар Елбасы. Искренне желаем всеобщего признания и процветания! Успехов и добрых начинаний!

От kz: Адибаева Салиха Бейсенәліқызы, № 64 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Дата kz: 29-08-2016

Елбасымыздың Музейінде «Ата Заң – елдігімнің еңсесі» сабағын № 64 мектеп-лицейінің өткізу мәртебесіне ие болғанына қуанышытымын. Сабаққа дайындық барысында оқушыларымызбен Музей қызметкерлері тығыз жұмыс істеп, өздерінің әдістемелік көмегін аямады. Ал шара жас ұрпағымызды патриоттық тұрғыда тәрбиелеп, елін, жерін сүйетін, Мемлекеттік рәміздерді құрметтейтін азамат етіп тәрбиелеуге бағытталған. Осы игі ісіміз Мәңгілік еліміздің болашағының жарқын болуына өз үлесін қосуға оң әсерін береді деп сенім білдіреміз. Ата Заң күнімен құттықтаймыз! Сіздердің жұмыстарыңызға шығармашылық шабыт тілейміз.

От kz: С/у, мама Алишера, Базарбаева А.Д. Дата kz: 01-07-2016

Коллективу Музея Первого Президента РК. Разрешите от себя лично и родителей детского сада № 53 «Мерей» выразить искреннюю благодарность за сотрудничество в рамках организации детского праздника «Жүрегімде мәңгі сенсің – Астана!». Вы предоставили возможность, выступить нашим детям в числе первых в канун Дня столицы в стенах Музея Первого Президента РК! Желаем Вам успехов и процветания! Спасибо за настоящий праздник, педагогическое мастерство, профессионализм и памятные подарки для наших детей.

Go to page: