Күмбезді зал. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»

Күмбезді зал. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
 
     Күмбезді зал – Резиденцияның ең әдемі әрі кең залдарының бірі. Күмбездің биіктігі - 4,5 м.
Бұл залда 1997 жылдың 10 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Ақмола қаласын мемлекетіміздің жаңа астанасы ретінде жариялады. Күмбезді залда жаңа астанада тұңғыш рет Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттері басшыларының кездесуі өтті. 1998 жылдың 9 маусымында Түркі тілдес мемлекеттер саммиті өткізілді. 1999 жылдың 6 қазанында Үкімет басшыларының кеңесі өтті, онда ЕурАзЭҚ құру туралы мәселе талқыланды.
    Қазіргі кезде мұнда «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» экспозициясы қойылған, ол еліміздегі саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалардың, зиялы ұлт қалыптасуының, сыртқы саясаттың  жетілдірілуі мен республиканың өңірлік және жаһандық қауіпсіздігі нығаюының өзекті басымдықтарымен таныстырады.