Ғылыми жобалау

     Музейдің ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттарының бірі Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөлін көрсететін экспозицияларды ғылыми жобалау болып табылады. 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің негізгі экспозициялары Музейдің 2007-2009 жылдарға арналған Даму тұжырымдамасын іске асыру қорытындылары бойынша құрылған: 

2-қабат: 
1. Холл. «Тәуелсіз Қазақстан (1985-1991 жж.)» экспозициясы. 

3-қабат: 
2. Холл. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» экспозициясы, 
3. Қабылдау бөлмесінің холы. «Атамекен» экспозициясы, 
4. Қабылдау бөлмесі. «Н.Ә. Назарбаевтың еңбек жолы» экспозициясы, 
5. Жұмыс кабинеті. «Қазақстан Республикасындағы Президенттік институт» экспозициясы, 
6. Мәжіліс залы. «Қазақстан Республикасы: мемлекеттің қалыптасуы мен даму стратегиясының айқындалуы (1992-2005жж.)» экспозициясы, 
7. Алтын зал. «Қазақстан және әлемдік қоғамдастық» экспозициясы, 
8. Ресми рәсімдер залы (Күмыс зал). «Елбасы мәртебесі- ел мәртебесі, 
9. Холл. «Н. Ә. Назарбаев еңбегінің қоғамға танылуы» экспозициясы, 
10. Холл. «Ұлттық, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Н.Ә. Назарбаевтың рөлі» экспозициясы, 
11. Қауіпсіздік кеңесі мәжілісі залы. «Қару-жарақтар коллекциясы» экспозициясы. 

4-қабат: 
12. Күмбезді зал. «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» экспозициясы, 
13. Фойе. «Қазақстан Республикасының Президентіне тарту етілген сыйлықтар» экспозициясы. 

Қазіргі кезде Музейдің ғылыми жобалау жөніндегі негізгі қызметі мыналарға бағытталған: 
- экспозиция материалдарын жедел жаңғыртуды қамтамасыз ету және реэкспозициялар жүргізу; 
- тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін зерттеу және насихаттау бойынша әдістемелік еңбектер жазу; 
Тақырыптық экспозициялар өзекті қоғамдық-саяси ақпаратпен, Президентке тарту етілген бірегей экспонаттармен, мемлекет мен үкімет басшыларының сыйлықтарымен, жоғары мемлекеттік наградалармен жүйелі түрде толығып және жетілдіріліп отырады.