Ғылыми қызмет

     Ғылыми-зерттеу қызметі келесі түрлерде жүзеге асырылады:

I. Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тарихи рөлін бейнелеуге бағытталған түбегейлі және мониторингті зерттеулерді жүргізу.
II. Музейлік заттарды талдау, атрибуциялау, ғылыми сипаттау және жүйелеу, олардың төлқұжаттарын және каталогтарын жасау.
III. Ғылыми мақалалар, монографиялар, тарихнамалық және библиографиялық шолулар, альбомдар, буклеттер және басқа басылымдарды жарияланымға дайындау.
IV. Тұжырымдамалар, тақырыптық құрылымдар, тақырыптық-экспозициялық жоспарлар, экспозициялық сценарийлерді әзірлеу.
V. Музейдің ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша ғылыми баяндамаларды дайындау, Қазақстан тарихы және музейтану мәселелері бойынша республикалық және халықаралық ғылыми конференциялар, семинарлар және басқа ғылыми жобаларда ғылыми баяндамалар мен хабарламаларды жасау.
VI. Музей ісі саласы бойынша ғылыми-әдістемелік материалдарды әзірлеу, оның ішінде ғылыми-ағарту жұмысы (экскурсиялық, дәрістік және т.б.) және музей педагогикасы, ағарту және білім беру бағдарламалары, музейлік іс-шаралар циклдары және т.б. бойынша әдістемелік құралдарды дайындау.

      Музейдегі ғылыми-зерттеу қызметінің міндеттері:
• республика дамуының тәуелсіздік жылдарындағы заңдылықтары мен негізгі қорытындыларын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының өмірбаянын және тәуелсіз мемлекеттің нығаюындағы тарихи рөлін одан әрі қарай зерттеу;
• жаңа тарих оқиғаларын баяндаудағы ғылыми негізделген әдіснаманы жетілдіру;
• зерттеулер нәтижелерін іздестіру, ғылыми айналымға енгізу, насихаттау және оларға көпшіліктің қол жетімділігін қамтамасыз ету.