2016 ж.

 

   Издания Музея Первого Президента Республики Казахстан за 2016 г. дополнительно:

1. Ұлағатты ұстаздар / Жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали,Б. М. Қайыпова; автор–құраст.: Л. А. Омарова, Г. М. Атабаева. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің  Музейі, 2016. – 44 б. – Қазақ, орыс тілдерінде.

Альбом «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев: мемлекеттік басқару стратегиясы және көшбасшылық феномені» ғылыми бағдарламасы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев: тұлға және тарих» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.Альбомға ғылыми-іздестіру, зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Елбасының ұс­таздары туралы жинақталған естеліктер, мәліметтер, музей қорындағы фотосуреттер енгізілді.Альбом оқушылар мен студенттерге, ұстаздарға, музей қызметкерлеріне, зерттеу­шілерге, жалпы көпшілік оқырман қауымға арналған.

 
 
 
 
2. Музей и дети (азбука-путеводитель для самых маленьких) / Жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова; автор–құраст.: С.Қ. Жакупова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2016. – 32 б.
Жол көрсеткіш-әліппе- мектеп жасына дейінгі балаларға арналған. Аталған басылымда әліппені Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихындағы маңызды оқиғалар арқылы оқыту ұсынылып отыр. Басылым балалар үшін ұғынықты тілде жазылған. Жол көрсеткіште орыс алфавитінің 28 әрібі пайдаланылған (Ё, Й, Ъ, Ы, Ь әріптері қамтылмаған). Әр бір әріпке жеке бет арналған. Жол көрсеткіш балаға музейлік мәліметтерді тиімді түрде жеткізе алады. Музейлік әліппенің басты ерекшелігі танымдық материал дербес оқу үшін құрастырылған. Өлең жолдары түрінде берілген тапсырмаларды орындау, жұмбақтардың шешуін табу, рәміздерді зерделеу, ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі қорының фотосуреттерімен көру арқылы балалар музей экспонаттарын таниды және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ролі туралы алғашқы танымдарын қалыптастырады.
Жол көрсеткіш-әліппе мектепке дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларына, ата-аналар, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне, педагогикалық және музейтанулық мамандықтарының студенттеріне ұсынылады. 
 
 
 
3.Мемлекеттік рәміздер – егемендігіміздің белгісі: ғыл.-әдіст. құрал / ғыл. ред. басқ.А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова; авт.-құраст. Г. Ә. Рамазанова. – Астана: ҚР ТПМ, 2016. – 88 б. – қазақ тілінде Ғылыми-әдістемелік құрал «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев: мемлекеттік басқару стратегиясы және көшбасшылық феномені» ғылыми бағдарламасының «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан» ғылыми жобасын жүзеге асыру шеңберінде дайындалды. Еңбекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы кеңірек әрі жан-жақты мағлұмат беріледі. Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздерін – Туын, Елтаңбасын, Әнұранын білу, қастерлеу, ардақтау әрбір азаматтың парызы. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді жас ұрпаққа үйрету негізінде қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, адамгершілікке баулу мәселелері баяндалады. Аталмыш еңбекте Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қор материалдары ғылыми айналымға енгізілген. Еңбек көпшілік оқырманға арналған.