2015 ж.

     2015 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінен басылымға дайындалғандар:

1.  Қазақстандық жетістіктердің сәулетшісі / құраст. Г. Б. Карагизова, Д. С. Макубаева; жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2010. – 64 б.
Бұл кітапша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бастамашылығымен «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми бағдарламасын жүзеге асыру аясында дайындалды. Кітапшада әлемдік қоғам өкілдерінің Елбасы Н. Ә. Назарбаев туралы өзіндік пікірлері, яғни Қазақстан Президентінің саяси қайраткер ғана емес, сондай-ақ бірегей тұлға ретіндегі жылы лебіздері жинақталған.

2.    Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жинағындағы Астананың қалыптасу тарихы: кітап-альбом / құраст. Н. Қ. Мусина; ғыл. ред. басқарған
А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2014. – 118 б.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жинақтарына арналған бұл басылым Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың қалыптасу тарихынан сыр шертетін маңызды құжат материалдарының, фондтың  алуан түрлілігінен мәлімет береді.
Кітап-альбом Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев: өмірбаяны, бастамалары және саяси ұстанымы» ғылыми бағдарламасының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев және қазақстандық қоғамды әлеуметтік-саяси жаңғыртудың стратегиясы» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.
Кітап-альбом Астана тарихына қызығушылық білдіретін кең көлемді оқырмандар қауымына арналған.  

3. Қазіргі қоғамдағы музей. Жаңа даму жолдарын іздестіру: халық. ғыл.-тəж. конф. мат., Астана қаласы, 25 тамыз 2014 ж. = Музей в современном обществе. Поиски новых путей развития: мат. междунар. науч.-практ. конф., г. Астана, 25 августа 2014 г. / ғыл. ред. басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2014. – Қазақ, орыс тілдерінде. – 274 б.
Жинаққа Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 10 жылдығына арналған «Қазіргі қоғамдағы музей. Жаңа даму жолдарын іздестіру» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары енгізілді.
Музейлердің қазіргі кезеңдегі дамуына, олардың ғылыми жəне ағартушылық потенциалына, музейлік тəжірибеде интерактивтік жəне ақпараттық технологияларды пайдалануға, музей педагогикасына, Музейге келушілермен жұмыс жүргізудің жаңа əдістеріне байланысты өзекті мəселелер талқыланды. Сонымен қатар, кешенді ғылыми тəсілді талап ететін музейтану саласындағы өзекті міндеттер белгіленді.
Конференцияға мемлекеттік ұйымдар, елшіліктер жəне музейлік қауымдастық өкілдері қатысты.

4.    Еуразиялық ынтымақтастық жолында: ғылыми мақалалар жинағы = На пути к евразийской интерграции: сборник научных статей / ғыл. ред. басқ. А. Сағынғали,
Б. Қайыпова.
– Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2014. – 90 б. – Қазақ, орыс тілдерінде.
Ғылыми мақалалар жинағы «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми бағдарламасының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және елдің сыртқы саяси стратегиясының қалыптасуы» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.
Жинаққа еліміздің көрнекті саяси және мемлекеттік қайраткерлерінің, алдыңғы қатарлы қазақстандық және ресейлік ғалымдардың еуразиялық интеграция мәселелеріне арналған еңбектері еңді.
Жинақ кең көлемді оқырмандарға арналған және анықтамалық, әрі оқу құралы ретінде пайдалануға ұсынылады.

5. Жоғары құрмет белгілері: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық наградаларының каталогы / С. Т. Нұраханов,  А. С. Сағынғали, К. Қ. Ақтаева жалпы редакциялауымен. Құрастырушы-автор  З. И. Молдагаринова. Астана. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2015. – 158 б.
Каталогта тұңғыш рет ғылыми-қор зерттеу нәтижелері ретінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қор сақтауындағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық наградалары жинағы туралы мәліметтер ұсынылып отыр. Жинақ 500-ден астам бірліктен тұрады және құрамында: ордендер, медальдар, құрмет және естелік төс белгілері, аттестаттар, куәліктер, дипломдар, грамоталар және сертификаттар бар.  
Құрмет белгілерінің тізбесі шартты түрде түрлі салалар бойынша құрастырылған: мемлекетаралық ынтымақтастық және интеграция, мемлекеттік басқару және экономика, білім, ғылым және денсаулық сақтау, өнер және мәдениет, спорт және туризм  және т.б. салаларындағы тақырыптық (салалық) айдарлар пайдаланыла отырып, құрылған. 
Әрбір награда бойынша оның атауы, берілген жылы, наградталушының қысқаша және нақты еңбегінің сипаттамасы, жекелеген жағдайларда – хаттама нөмірі және наградттаушы ұйымның актілік шешімінің күні, уақыты және тапсырылған орыны  көрсетіледі. Награда сипаттамасы түсті фото бейнелеумен жабдықталған.
Безендірілген каталог музей және кітапхана қызметкерлеріне, зерттеушілерге және педагогтарға, сондай-ақ оқырмандардың қалың көпшілігіне арналып шығарылған.