2014 ж.

2014 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде басылымға дайындалды:
 
1. Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық бастамалары: тарихы, жағдайы және перспективалары: ғылыми-қор жинағы / жалпы ред. басқарған С. Т. Нұраханов, А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова; авт.-құраст.: Н. Қ. Мусина, Г. А. Рамазанова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2014. – 204 б.
Ғылыми-қор жинағы Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық бастамаларының 20 жылдығына арналады және «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев: өмірбаяны, бастамалары және саяси ұстанымы» ғылыми бағдарламасының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазіргі әлемдегі жаһандық қауіп-қатерді еңсерудегі бастамалары» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.
Жинақта алғашқы рет Елбасының Жеке мұрағатынан алынған Елбасының қолтаңбасы бар материалдар, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан алынған материалдар ғылыми айналымға енгізілді. Осының негізінде еуразиялық идеяның тарихы, XXI ғасырда жаңа импульске және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тағдыршешті бастауларының арқасында халықаралық-саяси атаққа ие болған қазіргі заманғы еуразиялық интеграцияның жағдайы қарастырылады.
Жинақ көпшілік оқырман қауымға арналған және анықтамалық құрал ретінде қолданылуы мүмкін.
2. Тұлғаны әлеуметтендірудің өзекті мәселелері (Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жұмыс тәжірибесінен) / авт.-құраст.: Р. Казбекова; жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2014. – 46 б.
Аталмыш брошюра Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі білім бағдарламасының «Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Н. Ә. Назарбаевтың саяси бастамалары» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.
Жұмыста тұлғаны әлеуметтендірудің өзекті мәселелері, социомәдени институттар жүйесіндегі музейдің рөлі туралы баяндалған, тұлғаны әлеуметтендірудегі музей педагогикасының алатын орны көрсетілген, оқушының өз пікірін білдіруге талпындыруды, әлеуметтік бейімдеуді жүзеге асыру үшін музейлік коммуникацияның интерактивтік формалары мен әдістері ұсынылған, музейдің білім мекемелерімен өзара қатынас тәжірибесі көрсетілген.
Брошюра материалдары музейлердің әлеуетін пайдалана отырып, оқушыларды әлеуметтік тәрбиелеудегі ғылыми зерттеулерді белсенді етуге көмектеседі., музей ісінің қызметкерлеріне, әлеуметтік жұмысты жүргізетін мамандарға, әлеуметтік педагогика факультетінде оқитын студенттерге,  әлеуметтік сала қызметкерлерінің көпшілік қауымына арналған.
3. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейіне 10 жыл: буклет / жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2014. –134 б.
Буклет 2004 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 10 жылдығына арналған.
Басылымда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 10 жылдық қызметінің хроникасы: 2004 жылдан 2014 жылға дейінгі Музей тарихынан негізгі оқиғалар көрсетілген.
Буклет оқырмандарды Музейдің құрылымдық бөлімшелеріндегі бағыттармен және жетістіктермен таныстырады: Ғылыми-зерттеу орталығы, Музей құндылықтарын есепке алу  және сақтау орталығы, Экспозицияларды  және көрмелерді ұйымдастыру орталығы, Экскурсиялық қызмет көрсету орталығы,  Музей педагогикасы орталығы,  Ақпараттық орталығы.
Басылым Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан алынған фотолармен иллюстрацияланған.
4. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі жинағының музейлік коллекциялар тізімдемесі = Каталог музейных коллекций из собрания Музея Первого Президента Республики Казахстан / жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, К. Қ. Ақтаева. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2014. – 88 б.
Басылым музей жинағын көпшілікке жария ету қызметін жүзеге асыру мақсатында дайындалды. Каталог музей топтамаларын жүйелеу бойынша тұрақты жұмыстардың нәтижесі болып табылады.
Басылымда бейнелеу өнері мен материалдық дереккөздері бойынша топталған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі жинағының жәдігерлері көрсетілген. Жалпы түрде олар музей топтамаларының бір бөлігі болып келеді: «Бағалы металдар және асыл тастар бұйымдары», «Сәндік вазалар», «Кілемдер», «Бейнелеу өнері бұйымдары: мүсіндер».
Әр бөлім кіріспе мақалалардан, жәдігерлердің фотосуреттерінен тұрады.
Көпшілік оқырман қауымға арналған.