Басылымдар

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ ақпараттық-баспа бағыттарын жүйелеу қамтамасыз етілуде, сонымен бірге баспа қызметін – баспа өнімінің қазіргі заманғы талаптарына сай келетін қоғамдық-саяси және ғылыми-көпшілік «Мирас» журналын, ғылыми, ғылыми-қор, анықтамалық, ақпараттық, көрнекі басылымдарды шығаруға бағытталған шығармашылық іс-шаралар және ұйымдастыру-техникалық жұмыстар кешенін жүзеге асыру қолға алынған.

Зерттеулердің нәтижелері бойынша «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев: мемлекеттік басқару стратегиясы және көшбасшылық феномені» ғылыми бағдарламасын, білім бағдарламасын, ғылыми-қор зерттеулерін, ақпараттық-имидждік қызметін жүзеге асыру аясында мақалалар жинағын, монографиялар, альбомдар, жолсілтемелер,  брошюраларды және баспа өнімінің басқа да түрлерін, сонымен бірге қоғамдық-саяси және ғылыми-көпшілік «Мирас» журналында мақалаларды жариялау қарастырылған.

Кітапхана Музейінің баспа өнімін дайындау және «Мирас» журналын басып шығару нәтижесінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаю процестеріндегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың рөлі туралы қазақстандық саяси, ғылыми және білім қауымдастығын, мемлекеттік қызметтің аймақтық өкілдерін, халықты ақпараттандыру; тәуелсіз Қазақстанның тарихына арналған музейтанушылық зерттеулердің нәтижелерін және Кітапхана Музейінің экспозициясы туралы материалдарды жариялау арқылы оқырмандарға өз білімдерін толықтыруға  көмектесетін туған елдің тарихымен таныстыру; тарихқа, салт пен дәстүрге құрметпен қарау секілді жалпы адамдық құндылықтарды насихаттау мақсатында өскелең ұрпақ бойында саналы патриотизмді дамыту болып табылады.

Кітапхана Музейінің баспа өнімі және Музейдің «Мирас» журналы музейлік қызметті ақпараттандыру элементі болып табылады, осының арқасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы Қазақстанның мәдени өрісінде өзін жаңашылдығы жағынан көрсете алады және өз елінде ғана емес, тысқарыда да социомәдениеттің белсенді субъектісі бола алады.