«Н.Ә.Назарбаев еңбегінің қоғамға танылуы»

«Күміс залдың» холы. «Н.Ә.Назарбаев еңбегінің қоғамға танылуы» экспозициясы

      Көрме Күміс залдағы экспозицияның жалғасы болып табылады әрі Қазақстан лидеріне берілген құрметті атақтармен және сыйлықтармен таныстырады.
      Қазақстанның әр алуан салалардағы тату көршілік пен ынтымақтастыққа бағытталған халықаралық деңгейдегі қызметі әлемдік қоғамдастық тарапынан кең қолдау табуда және олардың Елбасы мен халқымызға деген терең құрмет сезімін оятуда. Ел мен әлем алдында Қазақстанның Тұңғыш Президентінің еңбегінің танылуы әр түрлі мемлекеттердің, республикалық және халықаралық қоғамдық ұйымдардың, отандық және шетелдік оқу орындарының көптеген наградалары арқылы өз көрінісін табады.
      Музейдің мұрағат қорынан Н.Ә.Назарбаевты ресми марапаттау рәсімдері жазылған бейнесюжеттерді залда трансляциялау осы оқиғаларды қайта жаңғыртуға көмектеседі.
 

 
      2016 жылдың наурыз айында Музейдің экспозицияларды және көрмелерді құру Орталығы «Н.Ә. Назарбаевтың еңбегінің қоғамға танылуы» тақырыптық залының реэкспозициясының ғылыми концепциясын дайындап іске асырды. 
      Жобалау барысында экспозицияны құрудың барлық негізгі ережелері есепке алынды (ғылыми объективтілік, жәдігерлердің коммуникативтілігі). Барлық ережелердің орындалуы жәдігерлерді мәдени концептке сәйкес топтастыруға мүмкіндік берді.
      Барлық жәдігерлерді (91 бірлік) топтастыру келесі принциптерге сәйкес жүргізілді:
а) тақырыптық-комплекстік;
б) географиялық ерекшелігі;
в) хронологиялық; 
      Экспозициялық тақырыпты келесі бөлімдер ұсынылған:
1. «Мемлекеттік басқару, экономика, мәдениет және денсаулық сақтау саласындағы марапаттар»;
2. «Білім беру саласындағы марапаттар. Қазақстандық және шетелдік оқу орындарының марапаттары»;
3. «Спорт саласындағы марапаттар»;
4. «Құрметті азамат»;
5. «Мемлекетаралық қатынас және интеграция саласындағы марапаттар»;
6. «Қауіпсіздік және ұлтаралық, конфессияаралық келісім саласы бойынша марапаттар».