2016 ж.

 
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейіндегі
БАҚ өкілдері жұмысының
Жадынамасы
 
     I. БАҚ бастамасымен түсіру (бейне, фото) жүргізу үшін, сұхбат алу үшін Музей директоры Алма Сағынғалидың атына (тел./факс 75 12 49) нақты нұсқауы бар, мөрмен расталған бағыттаушы мекеме жетекшісінің қолы бар хатты алдын ала жіберу қажет: 
1) сценарлық жоспарымен бірге (Музейді түсіруге қатысы бар бөлім) қарастырылған түсірілімнің нақты мақсаты мен форматы (телесюжет, бағдарлама, деректі фильм және т.с.с.)
2) түсірілімнің нақты датасы және уақыты;
3) сюжет жазбасының тілін көрсету (қазақ, орыс, ағылшын);
4) Музей өкілдерінің қатарынан қарастырылған қатысушыларды көрсету;
5) Музей бойынша экскурсия ұйымдастыру қажеттілігі (алдын ала Музейге келу және түсірілім үшін нақты залдар мен экспозицияларды көрсету);
6) түсірілімдік топ қатысушыларының саны (аты-жөні, лауазымы)
   II. Түсірілімді жүргізу рұқсатын алғаннан кейін барлық ұйымдастырушылық мәселелерді (БӨБ-тен өткізу рұқсатнамасын рәсімдеу, Музей туралы қосымша ақпаратты көрсету және т.с.с.) Музейдің ғалым хатшысының қызметі арқылы шешу керек (тел./факс 75 12 15).
     III. Музей ұйымдастырған шараларды көрсету үшін ғалым хатшының қызметіне немесе баспасөз релизінде көрсетілген телефондар бойынша  аккредитациялауға міндетті түрде өтінім жіберу керек.
     IV. Түсірілімді жүргізу барысында экспонаттар мен жабдықты сақтауды қамтамасыз ету бойынша музей мекемелеріндегі ережелерді сақтау қажет.
    Музейде өткізілетін іс-шаралар туралы ақпаратты Музейдің ғалым хатшысының қызметінен немесе Музейдің ресми сайты http://www.prezidentsmuseum.kz  арқылы біле ала аласыздар.
      Өзара түсіністік пен тиімді серіктестікке үміттенеміз!

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі

Астана қаласының білім Басқармасы

ЮНЕСКО клубы – Балалар көркемсурет мектебі

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

2016 жылдың 6 желтоқсанында, сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде XII Республикалық балалар шығармашылығының байқауының «Графика. Линогравюра» номинациясы бойынша  «Туған жерім» атты көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнінің 25-жылдығына  арналады.

Балалар шығармашылығына арналған «Туған жерім» республикалық байқауы жыл сайын ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің «Балалық шақтан көзқарас» атты балалар жобасының аясында, Астана қаласының ЮНЕСКО клубы – Балалар көркемөнер мектебімен бірлесіп өткізіледі. 

Алғаш рет сайыс 2004 жылы өткізілді. Қазіргі уақытта жоба кеңейтілуін жалғастыруда  және одан әрі маңызды бола бастады. Байқауға 10-16 жас аралығындағы көркемсурет мектептерінде және өнер мектебінің көркемсурет бөлімінде оқитын, ҚР Оқушылар Сарайының шығармашылық үйірмелерінде және бейнелеу өнері студияларында тәлім алатын балалар қатысады.

     Жыл сайын конкурс шарттары бойынша орындалу техникасы ұйымдастыру комитетімен жеке келісіледі. Қатысушылар қазылар алқасының назарына  кескіндеме техникасы, мүсін және әр түрлі техникаларда орындалған сәндік-қолданбалы өнер туындыларын ұсынды.  Ағымдағы жылы, сайыстың шартына сәйкес, «графика және линогравюра» техникасында орындалған балалардың көркем  шығармашылығы бағаланады. Графикалық жұмыстар әдетте өзінің ықшамдылығымен  және айрықша сұлулығымен ерекшеленеді. Графикалық жұмыстар орындалуы жағынан алуан түрлі – себебі туындылар көмірмен, тушьпен, сангинамен және т.б. жасалған.  Суретшілерге көптеген  бейнелеу мүмкіндіктерін беретін, линолеумге ойып бедерленген бейне - линогравюра ерекше қызығушылық  танытады.

     Дәстүр бойынша, сайыс жеңімпаздарына арналған, әр аймақтардан келгендерге, шеберлік-сыныптар ұйымдастырылады. ХІІ сайысқа Қазақстанның барлық аймақтарынан 250-ден аса жұмыстар келіп түсті.

 

«Туған жерім» көрмесі 2016 жылдың 16 қаңтар айына дейін жалғасады.

 

Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 11.

тел: 75 12 85, 75 12 14

БАҚ өкілдері үшін - 75 12 15

E-mailmuseum _08@mail.ru


         Қазақстан Респубикасы Тұңғыш Президентінің Музейі

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

 2016 жылғы 25 қарашада сағ. 15.00-те Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында Қазақстан Респубикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі: Н. Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» ІІ Жалпықалалық шығармашылық конкурсының қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізіледі.

Конкурсты ұйымдастырушылар: Қазақстан Респубикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, Астана қаласының Білім басқармасы, Астана қ. білім қызметкерлерінің қалалық «Әділет» кәсіподағы,  М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы.

Тұлғаның өзін-өзі тануы факторларының бірі ретінде ән мұрасының педагогикалық әлеуетінің орыны ерекше. Қазақстан Респубикасы Тұңғыш Президентінің Музейі әзірлеген бұл арнайы жоба Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайымен өзара әріптестік аясында жүзеге асырылып отыр. «Көңілдің асыл пернесі: Н. Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» жобасы – Музейдің ұлттық дәстүрлерді сақтауға және «Мәңгілік ел» патриоттық идеясының негізінде жеке тұлғаны рухани тұрғыдан дамытуға бағытталған мәдени-білім беру қызметі формаларының бірі. Конкурстың негізгі мақсаты: жеке тұлғаны қалыптастырудағы аса бай ресурс ретінде ән шығармашылығының маңыздылығын арттыру, музыка өнерінің түрлі жанрларында жас дарынды орындаушыларды анықтау және қолдау.   

Жоба негізінде Н. Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығын және Мемлекет басшысының сүйікті әндерін зерттеу қарастырылған. Ұлт Көшбасшысының ән шығармашылығынан оның адам және азамат ретіндегі жеке тұлғасының бірегей қырларын көруге болады. Оның сүйікті әндері мен авторлық әндері жеке тұлғаның рухани талпыныстарының бейнесі ретінде Отанға, халыққа, ел тарихына және дәстүрлеріне деген ерекше сезімін көрсетеді.

Бұл Жалпықалалық конкурс астаналықтар арасында барынша танымал болып келеді. Конкурс 2016 жылғы 1 қазанда өз жұмысын бастады. Конкурстық комиссияға 79 білім беру мекемелерінен 164 өтінім түсті. Конкурсқа тұңғыш рет астаналық колледждердің студенттері де қатысып отыр. Сондай-ақ алғаш рет конкурсқа қатысушылардың жеке санаты бойынша білім беру мекемелерінің музыка пәні мұғалімдері аталған номинацияларда өздерінің конкурстық өнерлерін көрсетуі белгіленіп отыр. Көптеп түскен өтінімдердің негізінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің Музей педагогикасы орталығы музей-педагогикалық қызмет жөніндегі серіктесі – Астана қаласының № 1 Балалар музыка мектебінің ұжымымен бірлесе отырып, «Елбасының сүйікті әндері» дәріс-концертін өткізді.

            Конкурс жас ерекшеліктері бойынша 4 санатта: 10-нан 12 жасқа дейін, 13-тен 16 жасқа дейін, 17-ден 20 жасқа дейін, 20 жас және одан әрі қарай үш номинацияда өткізіледі:

– «Бабамнан калған кең дала» (Н. Ә. Назарбаевтың сөздеріне жазылған әндерді орындау);

– «Біздің сүйікті Президентіміздің әндері толқынында» (Мемлекет басшысының сүйікті әндерін орындау);

– «патриоттық тақырыптағы авторлық шығарма» (өзі шығарған әндерді орындау).

            Іріктеу турынан соң конкурстың финалына 33 номинант өтті   (өткен жылы – 18). Жеке орындаушылар, дуэттер және вокалдық топтар әділ қазылар алқасы төрешілігіне өз шеберліктерін ұсынады.

           Ұйымдастырушылар биылғы жылғы конкурстың бас жүлдесі – «Алтын микрофон» кімге тиесілі болады екен деген мүдделілікті сақтауды жалғастыруда. Алайда бір-де бір қатысушы назардан тыс қалмайды деп сендіруде. 

 

Конкурстың өткізілетін орыны: Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы, Астана қаласы, Бөкейхан көшесі, 1-ші үй.

 

Тел/факс: 75-12-15, 75-12-12, 32-49-89

E-mail: museum _08@mail.ru


Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне,

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Музей қорының ең ауқымды көрмесі

 

2016 жылы 24 қарашада сағат 17.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасының жалғасы болып табылатын «Тарихи таңдау. Стратегиялар» тақырыптық қор көрмесінің ашылуы өтеді.

Аталмыш көрме маңыздылығы жағынан мерейтойлық күндерді мерекелеуге арналған Музейдің ең басты іс-шаралар топтамасы болып табылады. Ол Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралардың Республикалық жоспар-кестесіне енгізілген.

Көрменің негізгі мақсаты – мұрағаттық және музейлік материалдар негізінде Тәуелсіздік идеясын және оның мемлекеттік егемендік жағдайындағы жүзеге асуын жүйелі түрде ашып көрсету.

Көрмеге газеттер, қолжазбалар, ресми құжаттар, фотоматериалдар тәрізді түрлі дереккөздерді біріктіруге мүмкіндік берген жаңа экспозициялық шешімдер, сондай-ақ ел тәуелсіздігінің тарихын деректі хроникалар кадрларымен толықтырылған кең көлемді ақпараттық ресурстар қолданылды. Бұл тарихи деректер барлық келушілерге қол жетімді, яғни парақтауға және оқуға, 100 жылдық дәуір бейнелерін көруге және дауыстарын тыңдауға мүмкіндік береді.

Экспозиция Қазақстанның жаңа астанасын жариялаған орын ретінде Астана тарихына енген Күмбезді залда орналасқан. Көрме келесідей негізгі бөлімдерден тұрады: «Тәуелсіздік жаршылары», «Тарихи таңдау», «Табыс стратегиясы» және «Болашақ энергиясы».

Әр бөлім Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің негізгі кезеңдерін, оның қалыптасуы мен нығаюын, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік аренадағы жетістіктерін ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің, ҚР Президенті Мұрағатының, Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының, Қызылорда тарихи-өлкетану музейінің, Солтүстік Қазақстан облыстық музейлер бірлестігінің кітапхана және мұрағат қорларынан алынған тарихи құжаттар, мұрағаттық фото- және бейнематериалдар, газеттік жарияланымдар мен жәдігерлер арқылы кезең-кезеңімен ашып көрсетеді. Осының барлығы соңғы өткен оқиғалар мен қазіргі Қазақстан туралы объективті пікірді қалыптастыруға, сондай-ақ тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасын құрудағы Н. Ә. Назарбаевтың тарихи рөлін ашып көрсетуге мүмкіндік береді.

«Тәуелсіздік жаршысы» бөлімінде тәуелсіздік тарихындағы маңызды мерейтойлық сәттер – 1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығы; Қазақстанның алғашқы премьер-министрі, Алаш Орданың жетекшісі Ә. Бөкейхановтың туғанына 150 жылдығы, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы көрініс тапқан.

«Тарихи таңдау» бөлімі халықаралық қатынастардың жаңа жауапты субъектісі ретінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен халықтың маңызды тарихи таңдау жасаған оқиғаларын бейнелейді. Бұл – Семей ядролық полигонының жабылуының 25 жылдығы, Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық заңының қабылдануы, ҚР Президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы, тұңғыш қазақстандық ғарышкерлер Т. Әубәкіров пен Т. Мұсабаевтардың ғарышқа ұшуы, Елтаңба, Ту, Әнұран – мемлекеттік рәміздерінің қабылдануы, сондай-ақ, ұлттық валютаның енгізілуі, ҚР Конституциясының қабылдануы туралы әңгімелейді.

«Табыс стратегиясы» бөліміндегі материалдар Қазақстанның БҰҰ, НАТО, ТМД, ЕурАзЭҚ, АӨСШК және тағы да басқа халықаралық және аймақтық ұйымдарға белсенді қатысуын, сондай-ақ ЕҚЫҰ, ИКҰ, ШЫҰ төрағалық миссиясын табысты жүзеге асыруға мүмкіндік берген Қазақстанның әлемдік аренадағы жетістіктері туралы куәландыратын құжаттарды көрсетеді. Ширек ғасыр ішінде біздің еліміз аймақтық және жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздік жөнінде әлемге өз көзқарасын білдіре отырып, қазіргі заманғы халықаралық үдерістердің бастамашыл әрі белсенді қатысушысы болды. Республикамыздың ел ішінде де, қазіргі заманғы мемлекеттердің қауымдастығы шегінде де табысты дамуының кілті – республиканың алғашқы жылдарынан бастап мемлекет құрылымының негізі болған толеранттылық идеясы. Бұған дәлел – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы мен Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің тұрақты түрде өткізілуі. Сонымен қатар, экспозицияда Алматыдан Астанаға елорданы ауыстыруға арналған тарихи деректер көрсетілген.

Көрменің бұл бөлімінде барлық ішкі ресурстарын тиімді пайдалануға негізделген ашық қоғам қалыптастыру тәрізді тарихи таңдау болып табылатын елдің стратегиялық даму осі ұсынылған.

«Болашақ энергиясы» бөлімінде инновациялық іздестіру, серпінді технологиялар, адами капитал және азаматтық сана-сезім тұрғысына баса көңіл бөлінген. Бәсекеге қабілеттілік пен динамизм білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саясат салаларының ең басында тұрады. Осы идеялардың өзегі халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу идеясына шоғырланған. Қазақстанның спорттық жетістіктері табыстың белгісі ретінде жаңа жеңістерге жігерлендіреді және қазақстандық патриотизмді арттыруда маңызды рөл атқарады.

«Тарихи таңдау. Стратегиялар» көрмесі Н. Ә. Назарбаевтың мазмұны жағынан әлемдік қауымдастықтар тарапынан мойындалған және бүкіл әлем үшін бүгінгі күні елеулі нәтижелер көрсеткен алғашқы саяси бастамаларымен танысуға мүмкіндік береді.

 

«Тарихи таңдау. Стратегиялар» көрмесі 2017 жылдың 30 қаңтарына

дейін жалғасады.

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі

Астана қ., Бейбітшілік к., 11.

тел: 75 12 15, 75 12 85,  75 12 14

e-mail: museum _08@mail.ru


 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 25 жылдығына арналады

 

«Бейнелеу өнерінің тарихында әйелдер негізінен жанрлық көріністер бейнеленген суреттерді салса, ер адамдар түрлі соғыстар мен небір жаңалықтарды бейнелеп келген. Мен соғысты бейнелегім келді, бірақ көргендерімді жан алысқан ұрыс алаңы ретінде емес, қылмыс жасалған орындар ретінде салғым келді» (Туве Крабо)

2016 жылдың 2 қараша күні сағат 17.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің  Музейінде Швеция Корольдігінің Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен Музейдің «Мәдениет арқылы үн қатысу» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылған швед суретшісі Туве Крабоның «Түзелмейтін қателік: алғашқы жарылыс» жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

 2016 жылы Қазақстан халқы ел тәуелсіздігінің  25 жылдығымен қатар, 1991 жылы 29 тамызда ҚазССР-нің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың  «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» № 409 Жарлығына қол қойғанына 25 жыл толуын атап өтіп отыр. Сол қиын-қыстау кезеңде Қазақстанның Президенті полигонды жабу жайлы өте маңызды әрі жауапты шешім қабылдады. Бұл шешім Қазақстанның саяси стратегиясының қалыптасуындағы маңызды қадамдардың бірі болды.

«Түзелмейтін қателік: алғашқы жарылыс көрмесі» ядролық сынақтарға және олардың адамзатқа, қоршаған ортаға тигізген зардабын көрсетуге арналған жұмыстар сериясын ұсынады.

Швеция ұзақ жылдар бойы қарусыздану саласындағы белсенді іс-қимылдарға өз тарапынан күш сала отырып, Қазақстанның ядролық қарусыздануға бағытталған бастамаларын жоғары бағалайды.

Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 25 жылдығы және Қазақстанның Кеңес Одағынан қалған дүниежүзіндегі қуаты жөнінен 4-ші орынды иеленетін ядролық қарудан бас тарту шешімі маңызды әрі елеулі оқиға болып табылады.

Айта кететін жайт, биылғы жылы Швеция және Қазақстан мемлекеттері 2017–2018 жылдарға Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Қазақстанмен бірге Біз де БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде қарусыздану және қаруды таратпау бастамаларын қолдаймыз. Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында осы бірегей көрмені ұсыну арқылы біз ядролық қарудың және ядролық сынақтардың зардаптары жайлы ақпарат беру жұмысын жүргіземіз деген үміттемін».

Швецияның Қазақстандағы Елшісі Христиан Камилл

Суретші Туве Крабо ядролық қарудан зардап шеккен орындарды бейнелейтін жұмыстар сериясын ұсынады. Дүниежүзінде адамдардың кесірінен күн сайын техногенді апаттардың орын алатыны суретшінің санасына жеткен кезде бұл суреттер қазіргі замандағы қауіп-қатерлерге жауап ретінде пайда болды. Туве Крабоның суреттері кинодағы секілді әңгімені баяндайтын сахналық көрініске айналды. Бұл топтаманың басты арқауы – «барлық зұлымдықтың артында адам тұрады». Бұл жеке адамдарға да, сондай-ақ қатаң режимдерге де қатысты.

Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар – осының айқын дәлелі. «Первая молния» – бұл 1949 жылы қолданылған арнайы құпия сөз. Кеңестік режим маңайдағы халықты басқа жерге көшірместен, ядролық сынақтар жасай бастады, соның салдарынан жергілікті тұрғындар сұрапыл зардап шекті.

«Мен өз тәжірибемде мәтінмен жеткізу мүмкін емес әлдебір нәрсені, мәтіннен айтарлықтай өзгеше бір дүниені салуға тырысамын. Ол мен жұмыс жазып жатқан кезде шығармашылық үстінде, көңіл-күйдің әуеніне қарай пайда болуы мүмкін. Нәтижесінде соңғы шешімді акварель мен сия қабылдайды. Менің өнерім кино секілді, онда драма, көңіл-күй, қозғалыс, жарық пен түнек бар. Көбіне өз образдарымды интернет желісінен аламын, олардың басым бөлігі адамзат трагедиясы мен экологиялық зардап шеккен орындар. Мен қазіргі қоғамдағы апатты оқиғалар ағымы адамзатты мейірімсіз ете ме деп қорқамын. Адамзатқа қасірет әкелетін құбылыстар мен оқиғаларға жаңа, шынайы мән-мағына беретін жанашырлық пен түсіністік секілді сезімдерді бейнелеу өнері арқылы қайтарғым келеді» – дейді суретшінің өзі.

Туве Крабо кино, проза, бейнелеу өнері тәрізді өнердің түрлі саласымен шұғылданады. Суретші әрбір фильмі жеке жоба әрі мәтінге (сценарий, тарих) сай өнер болып табылатын өзінің кинодағы жұмыс тәжірибесін бейнелеу өнерімен ұтымды ұштастырып келеді.

 

«Түзелмейтін қателік: алғашқы жарылыс» көрмесі

2016 жылдың желтоқсан айының 2-не дейін жалғасады.

 

Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 11.

тел.: 75 12 85, 75 12 52, 75 12 14

БАҚ өкілдері үшін - 75 12 15

e-mail: museum _08@mail.ru

 


 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі

жаңартылған экспозициялар және жаңа залдарды ашады

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

2016 жылы 27 қазанда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде бұған дейін келушілер үшін жабық болған залдары, сондай-ақ  Музейдің тұрақты экспозициясының жаңартылған залдары бойынша баспасөз туры өтеді. Бұл Музейдің экспозиция залдарының тақырыптарын жаңарту және Астанадағы Музей орналасқан Қазақстан Республикасы Президентінің тұңғыш Резиденциясы ғимаратын музейлендіру бойынша жүргізілген үлкен жұмыстың бірінші кезеңінің нәтижесі  болып табылады.

Барлық келушілерге жабдықтары және интерьері  бастапқы түрінде толығымен қайтадан жаңғыртылған Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың Шағын жұмыс кабинеті және 2-қабылдау бөлмесі алғаш рет ұсынылатын болады.

Шағын жұмыс кабинетінде Президент бейнеконференция байланыс жүйесінің көмегімен селекторлық кеңестер өткізген, ол екі немесе бірнеше тараппен дыбыстық байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қабылдау бөлмесіне  Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері қойылған және бұл жерде естелікке суретке түсу мүмкіндігі қарастырылған.

Музей қызметкерлері Мәжіліс залы мен Күмбезді зал фойесіне жасалған реэкспозиция нәтижелерімен таныстырады. Бұл жұмысты күрделілігі мен көлемі жағынан сүбелі ғылыми зерттеу және көркем жобалау жұмыстарымен қатар салыстыруға болады.

Қазақстан Президенті 1997-2004 жж. аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлерімен жұмыс кеңестерін өткізген Мәжіліс залында тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік даму стратегиясының негіздері әзірленді.  Залда орналасқан «Қазақстан Республикасы: мемлекеттік даму стратегиясы» экспозициясы қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын материалдарды жаңаша ұсынады.

Түрлі жастағы келушілер үшін барынша қолжетімді болған мұрағат және музей материалдарын креативті түрде ұсынумен қатар бірегей экспозиция фрагменттері де бар. «Қазақстан Республикасының Президентін ұлықтау» атты қайта жасалған экспозиция бөлігінде  келушілер үшін материалға «мейлінше терең бойлау» арқылы тарих қойнауына ену ұсынылады.

Әр жылдардағы ұлықтау рәсімдерінде тапсырылған түпнұсқа заттар халық сайлаған мемлекет басшысының қызметіне ресми кіріскен кездегі салтанатты сәттерді қайтадан көз алдыңа келтіреді. Бұл аймақ интерактивті мұрағат және музей  материалдарымен  ғана толып тұрған жоқ, сонымен қатар «селфи» жасауға немесе шынайы тарихи жағдайда ұжым болып суретке түсуге мүмкіндік береді.

Интерактивтік аймақта қағаз тасымалдағыштардағы мол құжаттар топтамасы және зал тақырыбы бойынша бейнемұрағат қойылған. Келушілер қолайлы ахуалда мемлекет Басшысының еліміздің мемлекеттік даму стратегиясы бойынша белгі соққан қолжазбаларымен және құжаттармен таныса отырып,  сондай-ақ Тәуелсіздік  кинохроникасынан алынған бірегей кадрларды тамашалай алады.

Дәстүр бойынша Мемлекет басшысына тартылған сыйлықтар қойылатын Күмбезді зал фойесіндегі экспозиция түбегейлі жаңартылды.  Бай музей жиынтығы мен оны толықтырушы экспонаттар оны ғылыми-қор тұрғысынан зерттеу нәтижесінде орындалу техникасы мен материалы бойынша жүйеленген экспонаттарды ұсынуға мүмкіндік берді. Ағашқа, теріге, шыныға, хрустальға жаңашакөзқарас;  алтын және күмісті айрықша жалтырату;  сүйекке, нефритке оймышталған және жібек жіппен шебер кестеленген өрнектер - «Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтары» экспозициясын тамашалауға келушілерді ерекше сезім мен түрлі әсерлерге бөлейтініне сенімдіміз.

Айтулы мерекелер: ҚР Тұңғыш Президентінің Күні және Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейіне келушілер Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының үлесі бар осынау өзгерістер ауқымын тағы бір қайтара бағалай алады.

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі

Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11.

тел: 75 12 15, 75 12 85, 75 12 14

 


 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

2016 жылдың 9 қыркүйек күні сағат 17.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстандағы Беларусь Елшілігінің қолдауымен Музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» жобасының аясында Беларусь Республикасы Ұлттық тарихи музейінің қорынан ұйымдастырылған  «Лев Дашкевичтің фотосуреттері. Жарық пен көлеңке»  атты көрмесінің ашылуы өтеді.

Көрме Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі мен Беларусь Республикасының Ұлттық тарихи музейі арасында 2015 жылдың қазан айында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберіндегі бірлескен жұмысының алғашқы тәжірибесі болып табылады. Көрме Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінің бастамашылық етуімен Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жылдық мерейтойына орай, республикалар арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылған.

Беларусь Республикасы Ұлттық тарихи музейінің негізі 1919 жылы қаланды. Музей қорында - ежелгі археологиялық ескерткіштерден бастап, мемлекет тарихының  қазіргі кезеңін қамтитын материалдардың 400 мыңдай сақтам бірлігін қамтитын Беларусьтегі ең ірі коллекция жинақталған. Музей қорында сақталған таңдаулы жазба және бейнелеу өнері ескерткіштерінің бірегей жинақтары Беларусь Республикасының бай тарихи-мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік береді. Осындай ғажайып коллекциялардың бірі, музей жинағының мақтанышы – фотосуретші Лев Урбанович Дашкевич жұмыстарының сериясы.

Лев Урбанович Дашкевич (1882 – 1957 жж.) – беларусьтік фотосуретші, публицист, педагог, ғалым, өнертапқыш. 1882 жылы 31 қаңтарда Минскіде, дворяндар – Минск қазыналық палатасының кеңесшісі Урбан Клеофасович және Антонина Ивановна (Круковской) Дашкевичтердің жанұясында дүниеге келген. Дижон университетінде (әдеби шығарма факультетінің роман бөлімі)  және Париждегі Графикалық өнердің жоғары мектебінде (фотосурет бөлімі) білім алған фотосуретші Ереванның (Армения), Гянджи (Азербайджан), Тифлис (Грузия), Минск қаларында оқытушылық қызметпен айналысты. Лев Дашкевич Беларусьте алғашқы болып фотосурет өнері бойынша оқыту курсын әзірлеп, дәріс оқыды (Минскінің халыққа білім беру институты), пикторалды (бейнелеу) фотосурет өнерінің негізін қалаушылардың бірі, әр түрлі күрделі фототехникаларда жұмыс жасады. Фотосурет өнерімен айналысуымен қатар, Лев Урбанович рентгенография саласын және биологиялық ультрокүлгіннің адам ағзасына әсерін зерттеді. Нәтижесінде жараны жеделдете жазудың бірегей әдіснамасын жасады.

«Лев Дашкевич фотосуреттері. Жарық пен көлеңке» көрмесі Беларусь Республикасы Ұлттық тарихи музейі қызметкерлерінің кешенді ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі, әсіресе көрменің кураторы, музейдің жазба және бейнелеу дереккөздері бөлімінің меңгерушісі Надежда Ивановна Савченконың еңбегін атап айтуға болады. Надежда Савченко фотосуретшінің «Л.Д.» монограммасы бар, 1923 жылы басылған фотосуреттерін Л.Дашкевичтің суреттері екендігін дәлелдей алған. Нәтижесінде таңдаулы фотосурет коллекциясының авторын анықтаумен қатар, фотосуретшінің ғажайып өмірбаянына байланысты деректердің, фотосуреттер түсірімдерінің мезгілі және жасалған орны белгілі болды, тіпті, коллекция Л.У.Дашкевич ұрпақтарының жанұялық мұрағатында сақталған фотосуреттермен толықты. Лев Дашкевич фотосуреттері израильдік фотосуретші Борис Равичтің көмегімен қайта қалпына келтіріліп, осы жылдың сәуір айында Иерусалимде «Жарық пен көлеңке»көрмесінде көрермен назарына ұсынылды. Көрменің осылай аталуы кездейсоқ емес, себебі Лев Урбановичтің шығармашылығында жарық пен көлеңкенің маңызы өте жоғары болды. Бұл атау Астанадағы көрме үшін де сақталып отыр. Көрмеде Лев Дашкевич 1910 және 1950 жылдар аралығында жасаған 39 фотосурет ұсынылатын болады. Фотосуреттердің бірқатар бөлігі 1923 жылы Игумен және Повет аймақтарына этнографиялық экспедиция барысында түсірілген.

 

«Лев Дашкевичтің фотосуреттері. Жарық пен көлеңке» көрмесі

2016 жылдың 6 қазанға дейін жалғасады.

Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 11.

тел: 75 12 85,  75 12 52, 75 12 14

БАҚ өкілдері үшін - 75 12 15

E-mail: museum _08@mail.ru

 


Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

2016 жылдың 29 тамызында Білім күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде сағ. 11.00-де № 64 мектеп-лицейдің бірінші сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Ата Заңы Күніне және Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  «Ата Заң – елдігімнің еңсесі» мерекелік сабағы өтеді.

Сабақ Президент Резиденциясы кезінде Құрметті қарауыл қойылған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» музейлік экспозициясының жанында өткізіледі. Экспозицияда Мемлекеттік Әнұранның мәтіні, Елтаңба, Ту және еліміздің Конституциясы қойылған.

         1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан Конституциясы адам, оның өмірі, құқығы мен міндеттері жоғары құндылық болып табылатын республиканың демократиялық құқықтық мемлекет ретінде дамуының жаңа қадамы болды. Мемлекеттің Негізгі заңы – егеменді мемлекеттің дамуының іргетасына айналған ерекше тарихи маңызды құжат.

         Бүлдіршіндерге арналған мереке өзін-өзі тану элементтерімен «Менің Отаным – Қазақстан» ойын-викторина форматында өтеді. Еліміздің ең жас азаматтары – № 64 мектеп-лицейдің бірінші сынып оқушылары патриотизм, республика тәуелсіздігі және Қазақстан халқының бірлігі туралы тақпақтар дайындады. Сабақ барысында олар Қазақстан картасын салып, өмір барысында басшылыққа алатын «алтын ережелер» құрастырады.

         Отан, туған тіл, мемлекеттік рәміздер сынды ұғымдар жайлы өз білімдерімен бөлісе отырып, балалар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Негізгі Заңды әзірлеудегі рөлі туралы біледі.

Сабақ барысында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінің электронды қорынан алынған бейне және фотоматериалдар қолданылады.

         Бірінші сынып оқушыларына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейіндегі бірінші сабақтан естелік ретінде сыйлықтар дайындалды.

 

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі

Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 11

Тел.: 75-12-15, 75-12-12, 75-13-70

museum_08@inbox.ru

 


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МУЗЕЙІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

      2016 жылдың 1 шілдесінде сағ. 10.00-де Елорда күнін атап өту қарсаңында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Бала және мәдениет» жобасының аясында қаламыздың ең кішкентай тұрғындарына «Жүрегімде мәңгі сенсің – Астанам!» музейлік балалар мерекесі өтеді.

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қалалық Білім басқармасына қарасты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен табысты серіктестігінің нәтижесінде Астана күніне орай балалар мерекесін ұйымдастыруды игі дәстүрге айналдырған. Бұл жылы мерекелік іс-шара № 53 «Мерей» балабақшасының ұжымымен бірлесіп дайындалуда. Мерекеге Білім басқармасының әдіскерлері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, балабақшаның тәрбиеленушілері мен ата-аналары қатысады.

      Мұндай шаралардың Музейдің білім беру қызметінде орны ерекше: достық пен жылулықтың сиқырлы әлемі, мерекенің ерекше атмосферасы бүлдіршіндердің елордада өтіп жатқан тарихи оқиғаларға қатыстылығын сезіндіреді, өз қаласы мен еліне деген мақтанышы мен сүйіспеншілігін қалыптастырады. Бұл жылы өтетін мереке Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шаралардың аясында өтуде.

      Мереке барысында әдеби-сазды композициялар, сахналандырылған көріністер, би қойылымдары көрсетіледі. Бұл еліміздің Астанасына арналған балалардың көңілді, жарқын, қуанышты күлкілері мен шаттыққа толы дауыстарымен есте қалар мереке болмақ.

      Барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар беріледі.

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі
Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 11.
тел: 75 12 15, 75 13 70, 75 12 12.
 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі

Қазақстан Республикасының Астанасы күніне арналады

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

      2016 жылдың 1 шілдесінің сағат 17.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Елбасының туған күні және Астана күніне орай,  ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Төлеуғазы Байғалиевтің және «Baigaliev» арт студиясы шәкірттерінің жұмыстарынан «Шебер және шәкірттер» айдары бойынша  «Атамекен» көрмесінің ашылуы өтеді.

      Көрменің негізгі мақсаты – Музейдің ғылыми-тарихи негізде құрылған  «Атамекен» тұрақты экспозициясында орналасқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының туып өскен жері, балалық шағы, өскен ортасы, ата-бабасы туралы тақырыптың жалғасы болып табылады. Көрмеге қойылған жұмыстардан Президенттің айбынды атамекені Үшқоңыр мен біздің Републикамыздың елордасы Астананың өзара тығыз байланысын байқауға болады.

      Кеңестік әдебиеттің классигі Ш.Айтматов «Адамның тағдырын оның туған, өскен жері, атамекені жасайды. Бал жиған арадай  туған жерден алғаныңды жан дүниеңнен өткізе отырып, жүрегіңе құя білуің керек» деп атап көрсеткен болатын. Жер жәннаты – Жетісу тамаша дәстүрлерді жаңғыртқан, бейбітшілікке тұтқа болып, халқына қалтқысыз қызмет еткен қазақ халқының мақтанышына айналған ұлы тарихи тұлғаларды қияға қанат қақтырған құтты мекен. Солардың қатарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты да айтуға болады. 

      «Кіші Отанына» деген, сондай-ақ Президенттің баласындай болған –Астана тақырыбына деген адалдық Музей мен суретшінің шығармашылық серіктестігінде үнемі жалғасын тауып келеді.  2011 жылы Тұңғыш Президенті Музейінде Төлеуғазы Баяндыұлының «Ақмола-Целиноград-Ақмола-Астана» атты көрмесі өтті. Көрме Астана тарихының дамуы мен қалыптасуының әртүрлі кезеңдеріне арналған еді.

      2015 жылдың тамыз айында Т. Байғалиев  Н. Назарбаевтың кіші отаны Үшқоңырда өткізілген Қазақстан суретшілерінің плэнеріне қатысқан болатын. Өткізіліп отырған «Шебер және шәкірттер» айдары бойынша «Атамекен» көрмесі аталмыш плэнердің тақырыптық жалғасы болып табылады. Ол біздің бабаларымыз туып-өскен, өмір сүрген, махаббатын арнаған, еңбек еткен, өз Отанын  қорғаған атамекенге деген шексіз құштарлықты сезінуге мүмкіндік береді.

      Төлеуғазы Байғалиев Шығыс Қазақстан облысы, Шар қаласында 1963 жылы              20 тамызда дүниеге келген. 1985 жылы Семей қаласындағы Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институттың көркемсурет және графика факультетін тәмамдаған.

      Суретшінің қыл қаламынан туындаған шығармалардан қазақтың дархан кең даласы және әсем табиғаты үйлескен  үндестікті көруге болады. Әр шығармасы шынайы сезім мен әсем көріністердің толық жиынтығын білдіреді. Суретші туындыларына қарай отырып, автордың көңіл-күйін, сезімін аңғару қиын емес. Бояулар үйлесімі, байыпты мазмұндық және композициялық шешімдер суретшінің шеберлігі мен дарынын байқатады.

      Төлеуғазы Баяндыұлы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткізілген халықаралық конкурста «Реализм» номинациясының Алтын медалін иеленді. Автордың туындылары Семей қаласының Невзоровтар мұражайында, Абай атындағы мұражайда, Қырымдағы «Бахчисарай» музей қорығында орналасқан. Оның жұмыстарын сондай-ақ Германия, Ресей, Корея, АҚШ, Қытай, Украина, Қазақстанның жеке коллекцияларынан кездестіруге болады.

      2011 жылы Астана қаласынада Т. Байғалиевтің басшылығымен «Baigaliev»  атты арт-студиясы құрылды. Қазіргі таңда студияда шеберден 6 және 30 жас аралығындағы 50-ден аса шәкірттер тәлім алуда. Студия құрылғаннан бері екі көрме:  бірі - «Көрме» экспо-орталығында, екіншісі -  Астана қаласы Қазіргі заманғы өнер музейінде ұйымдастырылды.  Сонымен қатар, шебер өзінің шәкірттеріне арнайы бірнеше рет «Қазақстан» телеарнасының «Таң шолпан» бағдарламасында шеберлік дәрістерін өткізді. Төлеуғазы Байғалиевтің шәкірттері арасында бейнелеу өнері бойынша қалалық, республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары бар, олардың қатарында: Д. Жармағамбетова, А. Тәкенова,                 К. Болотова, А. Шарипова және т.б атауға болады. 

 

«Атамекен» көрмесі 2016 жылдың 31 шілдесіне дейін жалғасады
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі
 Астана қ,  Бейбітшілік көш., 11.
тел: 75 12 85, 75 12 14.   
БАҚ өкілдері үшін - 75 12 15

 


 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі (Астана қ.)

Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейі  (Қаскелең қ.)

Баспасөз анонс

 

      2016 ж. 16 маусымда сағат 13.00-де  Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған «Уақыт құдіреті» атты көрменің ашылуы болады.

      Алғаш рет «Уақыт құдіреті» көрмесі ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде жаңа 2016 жылдың қарсаңында ашылып, елорда тұрғындары мен қонақтарының арасында өте сәтті өтті. Аталған көрменің бірегейлігі мен қалың көпшіліктің қызығушылығын ескере отырып, топтаманы аймақтарға шығару туралы шешім қабылданды.

      Н.Ә. Назарбаевтың туған күні қарсаңында Елбасының кіші Отанында ашылатын көрме Алматы облысының тұрғындары мен қонақтарына Музей қорындағы бірегей әрі қайталанбас сағаттар топтамасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Елбасына табыс етілген әрбір сыйлық Қазақстан халқы мен оның Президентіне  деген айрықша құрметтің белгісі.

      Музейдің сағаттар коллекциясының ең үздік үлгілері Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің экспозициясын безендіреді. Көрмені шын мәнінде бірегей деп айтуға болады, өйткені экспозицияда сағат өнерінің биік шыңына жеткен 50 астам әр түрлі және көбінесе сирек кездесетін туындылар ұсынылған. Жәдігерлердің арасында - пішіні, орындалу техникасы мен жасалу уақыты бойынша алуан түрлі камин, үстел, қабырға, қалта және қол сағаттары. Көз тартарлық скелетон сағаттары, түрлі көркемдік техникалар мен материалдардан жасалынған сағаттар, XIX-XX ғғ. кең тараған танымал үлгілері және, сонымен қатар, еуропа сағатшыларының лайықты даңқын артқан үлгілер - көрмеге жинақталып қойылған.

      «Уақыт Құдіреті» көрмесі 2016 жылдың 15 қыркүйегіне дейін жұмыс істейді.

 


Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі (Астана қ.)

Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейі  (Қаскелең қ.)

Баспасөз анонс

 

      2016 ж. 16 маусымда сағат 13.00-де  Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған «Уақыт құдіреті» атты көрменің ашылуы болады.

      Алғаш рет «Уақыт құдіреті» көрмесі ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде жаңа 2016 жылдың қарсаңында ашылып, елорда тұрғындары мен қонақтарының арасында өте сәтті өтті. Аталған көрменің бірегейлігі мен қалың көпшіліктің қызығушылығын ескере отырып, топтаманы аймақтарға шығару туралы шешім қабылданды.

      Н.Ә. Назарбаевтың туған күні қарсаңында Елбасының кіші Отанында ашылатын көрме Алматы облысының тұрғындары мен қонақтарына Музей қорындағы бірегей әрі қайталанбас сағаттар топтамасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Елбасына табыс етілген әрбір сыйлық Қазақстан халқы мен оның Президентіне  деген айрықша құрметтің белгісі.

      Музейдің сағаттар коллекциясының ең үздік үлгілері Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің экспозициясын безендіреді. Көрмені шын мәнінде бірегей деп айтуға болады, өйткені экспозицияда сағат өнерінің биік шыңына жеткен 50 астам әр түрлі және көбінесе сирек кездесетін туындылар ұсынылған. Жәдігерлердің арасында - пішіні, орындалу техникасы мен жасалу уақыты бойынша алуан түрлі камин, үстел, қабырға, қалта және қол сағаттары. Көз тартарлық скелетон сағаттары, түрлі көркемдік техникалар мен материалдардан жасалынған сағаттар, XIX-XX ғғ. кең тараған танымал үлгілері және, сонымен қатар, еуропа сағатшыларының лайықты даңқын артқан үлгілер - көрмеге жинақталып қойылған.

      «Уақыт Құдіреті» көрмесі 2016 жылдың 15 қыркүйегіне дейін жұмыс істейді.

 


 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі

«ВІ Жұлдызай» қайырымдылық корпоративтік қоры

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Балаларды қорғау күніне арналады

 

      2016 жылдың  31 мамырында сағат 12.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде басталатын Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік бағдарлама барысында «Шығармашылық шексіздігі» көрмесінің ашылуы, шеберлік-сағаттары және «ВІ Жұлдызай» қорының мүмкіндіктері шектеулі балалар шығармашылығының ХІ Республикалық фестивалінің «бейнелеу өнері» және «сәндік қолданбалы өнер» номинациялары бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Мерекелік бағдарлама Музейдің «Балалық шақтан көзқарас» жобасының аясында «ВІ Жұлдызай» қайырымдылық корпоративтік қоры, Балалар көркемөнер мектебі - ЮНЕСКО клубы және ҚР-ның Ұлттық Олимпиада Комитетімен бірлесіп ұйымдастырылды.

      «ВІ Жұлдызай» қорының балалар шығармашылығының Республикалық фестивалі Қазақстанның барлық аймағынан жиналған балаларды біріктіреді. Фестивальдің негізгі мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі балалардың шығармашылық әлеуметтенуі. 11 жыл ішінде фестивальге 35 583 бала қатысты. Фестиваль түлектері Bala Tukvisyon конкурсына, Белая Трость фестиваліне, МУЗ-ТВ 2015 премиясына қатысуға және Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің студенті атану мүмкіндігіне ие болды. Жыл сайын фестиваль Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің және облыстық, қалалық Мәдениет басқармаларының қолдауымен өткізіледі.

      Республикалық фестиваль барысында алғашқы іріктеу кезеңі 5-сі мен 20 сәуір аралығында еліміздің 16 қаласында: Алматы, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Қарағанды және Астанада өтті. Қазылар алқасы қатысушылардың таланттарын алты номинация бойынша бағалады: «хореография», «вокалдық орындау», «аспапты орындау», «өлеңді ымдап орындау», «сәндік-қолданбалы өнер», «бейнелеу өнері». Балалар шығармашылығына арналған республикалық конкурс дәстүрлі түрде 1 маусым – Балаларды қорғау күнінде, «Қазақстан» Орталық концерт залында өтетін кең көлемдегі гала-концертпен аяқталады.

      2016 жылдың 31 мамырында Музей алаңында, Қазақстанның барлық түкпір-түкпірінен «бейнелеу өнері» және «сәндік-қолданбалы өнер» номинациялары бойынша жиналатын фестивальдің жеңімпаздарына, Астана қаласының ЮНЕСКО клубы – Балалар көркемөнер мектебінің тәжірибелі оқытушылары шеберлік сағаттарын өткізеді. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Қазақстанның олимпиада чемпиондары қатысады.

 

«Шығармашылық шексіздігі» көрмесі 2016 ж. 31 шілдесіне дейін жалғасады.
Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 11.
тел: 75 12 85, 75 12 14
БАҚ өкілдері үшін - 75 12 15

 


Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры

«Исаакий соборы» Мемлекеттік музей-ескерткіші

(РФ, Санкт-Петербург қ.)

 

«Мәдениет арқылы үнқатысу» 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің халықаралық жобасы

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

      2016 ж. 18 және 19 мамырда Астанада Санкт-Петербург Концерттік хорының (Смольный соборының камерлік хоры) шығармашылығы және Нева жағалауындағы қаланың жаңа көрінісін бейнелейтін екі фотосуреттер көрмесі ұсынылатын болады. «Петербург періштелер көзімен: Исаакийден көзқарас» және «Жаңа көзқарас. (New Vision)» фотокөрмелері – жас және кәсіби фотосуретшілердің Санкт-Петербургке және қаланың көрікті жерлеріне деген өзіндік көзқарастарын ашып көрсететін «Исаакий соборы» Мемлекеттік ескерткіш-музейінің жобалары.

      18 мамыр күні, сағат 15.30-да «Назарбаев орталығы» Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Қорының ғимаратында Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Қоры мен «Исаакий соборы» Мемлекеттік ескерткіш-музейінің арасында серіктестік және ынтамақтастық жайлы Меморандумға қол қою рәсімі өтеді. 16.00-де мүмкіндіктері шектеулі балалардың қатысуымен «Петербург Періштелер көзімен: Исаакийдан көзқарас» фотосуреттер көрмесінің салтанатты ашылуы болады және Санкт-Петербург Концерттік хоры (Смольный соборының камерлік хоры) өнер көрсетеді.

      19 мамыр күні 17.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде депутаттар мен дипломаттарға, шығармашылық көпшілікке арналған «Жаңа көзқарас (New Vision)» фотосуреттер көрмесінің ашылуы өтеді және Санкт-Петербург Концерттік хоры (Смольный соборының камерлік хоры) өнер көрсетеді.

      Санкт-Петербург Концерттік хоры (Смольный соборының камерлік хоры)
1991 жылы құрылған болатын. Хордың вокалдық орындау мәнерінде еуропалық жеңіл дауыс ырғағы мен нағыз орыс халқына тән дауыс тембрі әдемі үйлесім тапқан.

      «Исаакий соборы» мемлекеттік ескерткіш-музейі шығармашылық ұжымының Астанаға келуі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі мен аталмыш ескерткіш-музейінің арасындағы үзілмей келе жатқан ынтымақтастықтың жалғасуына септігін тигізеді. 2015 жылы Санкт-Петербург тұрғындарының назарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі қорынан ұйымдастырылған «Қазақстан жолы» көрмесі ұсынылған еді. Қазіргі уақытта да ортақ музейлік-ағартушылық жобалар жүзеге асырылуда.

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорымен серіктестік және ынтамақтастық жайлы Меморандумға қол қою арқылы алдағы уақыттарда жүзеге асырылатын жаңа көлемді жобалардың негізі қаланатын болады.  

Серіктестер:

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі. Музей 2004 ж. құрылған, жаңа елордамыз – Астана қаласында, Қазақстан Республикасы Президентінің алғашқы Резиденциясы (1997–2004 жж.) ғимаратында орналасқан. Музей республиканың мемлекеттік егемендігінің қалыптасу процесін және тәуелсіз, демократиялық мемлекет құрудағы Тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың тарихи рөлін зерттеумен, мәдени мұраны насихаттаумен, шығармашыл жастарды қолдаумен және де мәдениет аралық үнқатысуды дамытумен айналысады.

      «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры» Қоғамдық Қоры –2000 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бекітуімен құрылған коммерциялық емес мекеме. Қор әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, ағарту және басқа да қоғамдық-саяси жобаларды жүзеге асырады.  

      «Исаакий соборы» Мемлекеттік ескерткіш-музейі – бұл бірегей тарихи-көркемдік кешен, хронологиясы бойынша І Петр дәуірінен бастап ХХ ғасырдың басына дейінгі Санкт-Петербург қаласының сәулет өнері қалыптасқан барлық кезеңді қамтитын ескерткіштер-ғибадатханалар. Музей тарихы 1948 жылдың 12 желтоқсанынан бастау алады, 1969 жылдан бастап жеке музей болып құрылды. Музей құрамына 1971–2004 жылдар аралығында Христостың қайта тірілу ғибадатханасы («Спас на крови») және Сампсониев соборы кірген болатын. Бүгінгі таңда «Исаакий соборы» Мемлекеттік ескерткіш-музейі – жалпыға танымал бүкілресейлік мәдени орталық және көпфункционалды музей мекемесі.

 

Аккредитациясы «Назарбаев Орталығы» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасының Қоры:

Тел.: 8-7172-708-293

E-mail: asylhanov@mail.ru

 

Аккредитациясы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі»:

тел: 75 12 15, 75 12 85,75 12 14,

E-mail: museum_08@inbox.ru

Астана қ,  Бейбітшілік, 11.

 


Қазақстан халқының бірлігі күніне арналады

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

      2016 жылдың 5 мамырында сағат 17.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Күнделікті өмірдің бейнелері» қор көрмесінің ашылуы өтеді. «Музей жинағы» атты жаңа музейтану бағдарламасы алғаш рет әлем халықтарының күнделікті тұрмыстық мәдениетінің маңызды тұстарын көрсететін тақырыптық интерьер топтамасына жүйеленген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі жинақтарының өте шағын бөлігін ұсынады.

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі жинақтарының ерекшелігі – Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевқа, қазақ еліне, халқына әлемдегі өзара ықпалдастық пен татукөршілікті дамытуға бағытталған Қазақстанның халықаралық деңгейдегі белсенді іс-әрекетіне деген зор құрметтің белгісі ретінде табыс етілген сыйлықтардан құралған.

      Топтамалар мен жеке жәдігерлердің тұсаукесері Музей қызметкерлерінің жүйеленген тұрақты жұмыстарының нәтижесі ретінде «Музей жинағы» бағдарламасының маңызды бағыттарының бірін құрайды. Әлем халықтарының алуан түрлі шығармашылығы мен жоғары көркем мәдениетінің үлгілерінен іріктеліп алынған қайталанбайтын бірегей жиынтық өз болмыстарынан көп ақпарат береді. Қалың көрермен назарына әлем мәдениетінің әралуандығы туралы көзқарас қалыптастыратын көрмелер сериясы ұсынылады.

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «... Мен үшін халықтар арасындағы достастық абстрактылы ұғым емес, ол өзіңмен ойы бір, тағдыры бір өзге ұлт өкіліне деген адамгершілік тұрғысынан қатынас жасаумен белгіленеді...», – дегендей ұлтаралық татулық пен келісім идеялары Қазақстанның ұлттық идеясы «Мәңгілік Елдің» ажырамас бөлігі болып табылады.

      Музейдің үш залында орналасқан «Күнделікті өмірдің бейнелері» көрмесінің экспозициясы классикалық музейлік сахналық көріністерден және санамызда күнделікті өмірдегі әсемдіктің символы ретінде қалыптасқан жеке заттардан («бейнелер») құралған.

      Музей қорындағы әртүрлі коллекциялардың фрагменттері адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің маңызды бір бөлшегі ретінде көркем интерьердің көрінісін береді. Бүгінде Музей орналасқан Қазақстан Республикасы Президентінің алғашқы Резиденциясы ғимаратының жиһаздары мен заттары экспозицияның ерекше бөлігіне айналған. Сонымен қатар, бірқатар жәдігерлер тобы «бейнелеу өнерінің заттары», «материалдық мәдениет заттары», «кілемдер және теріден жасалған жәдігерлер», «ыдыс-аяқ», «киім» секілді музей жинақтарынан ұсынылған. Экспозицияның сахналық көріністері Кавказ, Ресей, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия мен Шығыс мұсылман халықтарының күнделікті тұрмыстық мәдениетінің кейбір тұстарымен таныстырады.

Бұл көрме алдағы уақытта да «Музей жинағы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, жыл сайын Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қонақтарына Музейдің қайталанбайтын топтамалары мен жәдігерлерінен құралған көрмелер ұсынуға бастама болып отыр.

 

«Күнделікті өмірдің бейнелері» көрмесі 2016 жылдың 26 маусымына дейін жалғасады.

Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 11.

тел: 75 12 85, 75 12 52, 75 12 14

БАҚ өкілдері үшін - 75 12 15

E-mail: museum _08@mail.ru

 


БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналады

      2016 жылы 6 сәуірде, сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Мәшһүр жайлы сөз еткенде...» атты белгілі фольклор танушы, көрнекті ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының тарихи-мәдени мұрасын насихаттауға арналған әдеби  кеш және көрменің ашылуы болады.

      Бағдарламада:

2 қабат. Баспасөз залы – 15.00-16.55 – Әдеби кеш, БАҚ өкілдерімен сұхбат.
Көрме залы – 17.00-18.00 – Көрменің ашылуы. Экспозициямен танысу.
 

      Аталмыш іс шара Музейдің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған көрмелер кезеңін ашады. Және бұл кездейсоқ емес: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының әдеби мұрасы тәуелсіздік пен еркін ойлау идеяларынының іргетасы болып табылатын қазақ фольклорының өзіндігі мен мәдени әралуандығының философиялық талдауын бейнелейді.

      Ұйымдастырушылардың көзқарасы бойынша, ең маңызды мақсат, ол осы уақытқа дейін қазақи ортадан басқа лайықты түрде кеңінен танылмаған  ақын және ойшылдың әдеби мұрасының ақпараттық кеңістігін ұлғайту болып табылады.

      Әдеби кеш және көрме ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің «Ұлттық игілік» музейаралық жобасы негізіндегі серіктестердің мұражайтанушылық жұмысының нәтижесі болып табылады. Көрмеде Музей қызметкерлерінің жинақтау жұмыстарының барысында жүйеленген Бұхар жырау атындағы Павлодар  облыстық әдебиет және өнер музейі, Қ. Сәтпаев атындағы мемориалдық музейі,      Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті және «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы қорларының материалдары ұсынылады. Негізгі іс-шара Бұхар жырау атындағы музейдің қазақ ақындары мен ойшылдарының мұрасын, оның ішінде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мұрасын насихаттау бағытындағы ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысының арқасында жасалды.

      Әдеби кеште тыңдаушылар үшін М.Ж. Көпейұлының өзіндік талдауындағы фольклористиканы, оның әдебиеттанушылық ойларын ұсынып, ақынның поэзиясы мен замандас орыс классиктерінің туындыларымен шығармашылық  тұрғыдан қатарластыра салыстырулар  жүргізіледі. Әдеби кеш аясында Ұлы даланың рухани мұрасын зерттеудегі өзекті мәселелер қозғалып, басты назар музей және кітапханалар қорларында сақталғанымен тұңғыш рет айналымға еңгізіліп отырған материалдарға аударылады.

      Әдеби кештің қонақтары ретінде М.Ж. Көпейұлының шөберелері және ақын шығармашылығының зерттеушілері қатысады.

      Көрме экспозициясында ойшыл ақынның жеке заттарының қатарында қолжазбалар, кітап басылымдары, әдебиеттану материалдары ұсынылды.

      Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858-1931жж.) Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған. Фольклортанушы, этнограф, тарихшы, талантты ақын, араб және парсы тілдерін жетік меңгерген. Оның әдеби және ғылыми мұрасы Тәуелсіздік идеясының тұғырына айналған, алтын қазыналы қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі
Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 11. тел: 75 12 15, 75 12 85,  75 12 14
 

Қазақстан Респубикасы Тұңғыш Президентінің Музейі

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

      2016 жылғы 28 наурыздағы сағ. 15.00-де  Қазақстан Респубикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «BI Жұлдызай 2016» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының XI Республикалық фестивалінің басталуына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

      Баспасөз конференциясына шараның ұйымдастырушылары мен серіктестері қатысады.   

      Ұйымдастырушы - «BI Жұлдызай» корпоративтік қоры. Қорды 2005 жылы «BI-Group»  инвестициялық-құрылыс холдингі құрған.

      «BI Жұлдызай» балалар шығармашылығының республикалық  фестивалі жыл сайын Қазақстанның барлық өңірлерінің балаларын біріктіреді. Фестивальдің негізгі мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балаларды шығармашылық әлеуметтендіру. 11 жыл ішінде фестивальге 36 583 балалар қатысты. Фестиваль түлектері Bala Tukvisyon байқауының, Белая Трость фестивалінің, 2015 жылғы МУЗ-ТВ сыйлығының қатысушылары және Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің студенттерінің қатарында. Фестиваль жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, сондай-ақ облыстық және қалалық Білім басқармаларының қолдауымен өткізіліп келеді. 

      Биылғы жылы бірінші іріктеу туры 5 сәуірде басталады. Әділқазы алқасы құрамындағы Қор жетекшілері мен қазақстандық эстрада жұлдыздары еліміздің  16 қалаларын: Алматы, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Қарағанды және Астанада аралап шығады.  

      Әділқазы алқасы қатысушылардың өнерін: «хореография», «вокалдық орындау», «аспаптық орындау», «әнді ишаралық орындау», «сәндік-қолданбалы шығармашылық», «бейнелеу өнері» номинациялары бойынша бағалайды.  Аралық қорытындылар мен жеңімпаздар плэнері республикалық «Балдәурен» балалар лагерінде өткізіледі.

      Екінші іріктеу турына өткен қатысушыларды қызық мазмұнды бағдарлама – еліміздің басты сахнасында өнер көрсету, шеберлік сыныптары, экскурсиялар, көрмелер, танымал отандық жұлдыздармен, жаңа достармен кездесу және тамаша мерекелік атмосфера күтіп тұр.  

      Балалар шығармашылығының республикалық фестивалі дәстүр бойынша Балаларды қорғау күні - 1 маусымда «Қазақстан» Орталық концерт залында тәмамдалады. 

      Бұл жолғы фестиваль мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жағымды орта жасау бойынша фестивальді ұйымдастырушымен бірыңғай көзқарастағы бірқатар жаңа серіктестермен ынтымақтастықта өткізілуде.

      Серіктестер.

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізуге барынша көңіл бөліп келеді. Музейдің «Балалық шақтан көзқарас» балалар жобасы 2005 жылдан бастап өткізілуде және шеберлік сыныптары, көрмелер, балалар шығармашылығы фестивальдері секілді түрлі форматтарды қарастырады.

      2006 жылдан бастап Музей педагогикасы орталығы «Бала және мәдениет» жобасы аясында «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігі және «Балам-ай» қоғамдық қоры қамқорлығындағы балалар үшін арт-терапиялық сессиялар, арт-тренингтер және шығармашылық кездесулер өткізіп келеді. 

      Түрлі жас мөлшерлік санаттардағы мүмкіндіктері шектеулі келушілер үшін Музей бойынша үйлестірілген экскурсиялар өткізіледі.

      2007 жылғы мамыр-маусым айларындағы мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының фестивалі жеңімпаздары мен қатысушыларға арналған  көрме Музейдің «BI Жұлдызай» қорымен ынтымақтастығының алғашқы тәжірибесі  болды. 2015 жылы болған фестиваль қорытындылары бойынша 2016 жылы «Шексіз шығармашылық» көрмесінің ашылуы болып өтті.  

      Музей алаңында Балаларды қорғау күні қарсаңында биылғы XI фестивальге қатысушылардың «бейнелеу өнері», «сәндік-қолданбалы шығармашылық» номинациялары бойынша жұмыстарының көрмесін өткізу, сондай-ақ осы номинациялар финалына шыққандарды салтанатты марапаттау  жоспарланып отыр. 

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті 1990 жылғы 3 ақпанда құрылған және 1992 жылғы наурыз айында Халықаралық Олимпиада комитетінің танымалдығына ие болды. ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері, атақты спортшылар спорт тақырыбын және қазақстандықтардың жетістіктерін ерекше атап көрсете отырып, фестиваль қорытындыларын шығаруға және жеңімпаздарды салтанатты марапаттауға қатысады.  

      Астана қ. Балалар Көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының негізі 1983 жылы қаланды. ЮНЕСКО клубы мәртебесін 2008 жылы алды. Астана қ. БКСМ - ЮНЕСКО клубының оқытушылары сарапшылар қызметін атқарады және жұмыстарды бағалауға, фестиваль жеңімпаздарын анықтауға қатысады.  Вернисаж кезінде Музейде БКСМ тәрбиеленушілерінің қатысуымен фестивальге қатысушылар пленэрі өткізіледі.

Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11.
  тел: 75 12 85, 75 12 14
БАҚ аккредитациясы үшін  телефон - 75 12 15
 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
 
   2016 жылдың 11 наурызында, сағ. 17.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде жас мүсінші, сәндік-қолданбалы өнер шебері Жанна Нөгербекованың «Сұлулық желісі» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме  «Үкілі үміт» жастар шығармашылығын қолдау жобасы аясында Санкт-Петербург  және Ленинград облысындағы «Атамекен» Қазақтардың қоғамы мен  Санкт-Петербургтегі Қазақстан Республикасының Бас консулдығының қолдауымен ұйымдастырылды. 2011 жылы  ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің бастамасымен қолға алынған  «Үкілі үміт» жобасы, жас таланттарға өздерінің шығармашылығын кең көлемде таныстырып және сәндік-қолданбалы өнердегі табыстарын жария етуге мүмкіндік береді.
  Жанна Нөгербекова 1988 жылы 28 желтоқсанда Целиноград қаласында дүниеге келген. Астана қаласының Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының түлегі. Мектеп жасынан бастап әр түрлі республикалық, халықаралық фестивальдардың, көркемөнер байқаулырының және көрмелердің қатысушысы. Жанна ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде қорытындысы шығарылатын «Туған жерім» атты балалар шығармашылығының республикалық көрмесінің бірнеше мәрте қатысушысы. Жаннаның жарқын жетістіктерінің ішінде: «Қазақстан өнерінің апталығы» халықаралық өнер байқауының нәтижесі бойынша І орын (Алматы қ., 2010 ж.); «Толқын әуені» дипломдық жұмысын жүзеге асыру бойынша ҚР Тұңғыш Президенті Қорының гранты (Астана қ., 2012 ж.); «Халықаралық өнер апталығының» І дәрежелі дипломы (Мәскеу қ., 2014 ж.); DREWOODlution ағаш сәулеті халықаралық фестиваліндегі ІІ орын (А командасы, Тавриялық бақ, Санкт-Петербург қ., 2015 ж.).
   Ж. Нөгербекованың жұмыстары Қазақстан мен Ресейдің көптеген көрмелерінде көрермен назарына ұсынылған: «Жас Өнер» (Алматы қ., 2010 ж.), Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушылары мен студенттерінің бейнелеу, кескіндеме, мүсіндеу және сәндік-қолданбалы өнер туындыларының көрмесі (Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, Астана қ., 2011 ж.); «Арт-Сапар» (2012 жылы Ақтөбе, Семей, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, және Өскемен қалаларында тұңғыш рет өткізілген жылжымалы көрме); «Адам және жануар» (Дарвин музейі, Мәскеу қ., 2015 ж.); «Жер шарын айнала» жобасы (М. Аникушиннің музей-шеберханасы, Санкт-Петербург, 2015 ж.); «Әр істің бір мәні бар» көрмесі (Ресей ұлттық кітапханасы, Санкт-Петербург қ., 2015-2016 жж.)
    Қазіргі таңда Жанна Нөгербекова Санкт-Петербург қаласының И.Е. Репин атындағы бейнелеу, мүсіндеу және сәулет Мемлекеттік институтында «Мүсіндеу» мамандығы бойынша оқуын жалғастыруда. Ол көптеген техникаларды меңгерген,  әр түрлі материалдармен жұмыс жасайды: қағазбен мұздан бастап гипс және қолаға дейін. «Сұлулық желісі» көрмесінде «гальванопластика» техникасында орындалған, қоладан, папье-машеден жасалған мүсіндер және ою-өрнектер ұсынылатын болады. Жанна Нөгербекованың әр туындысынан автордың қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерімен рухани байланысын сезінуге болады. Ағымдағы 2016 жылдың көктемдік мерекелері аясында Музейдің көрмелік маусымының Жанна Нөгербекованың көрмесімен ашылуы тұспа-тұс келуі кездейсоқ емес.
 
«Сұлулық желісі» көрмесі 2016 жылдың 10 сәуіріне дейін жалғасады
Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 11.
тел: 75 12 85,  75 12 52, 75 12 14  БАҚ өкілдерін тіркеу үшін - 75 12 15

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Музейі
Олимпиадалық спорт күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Музейінде
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
 
     2016 жылдың 26 ақпанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Музейінде Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған Олимпиадалық спорт күні өтеді. Іс-шараның басты қонақтарының қатарында Қ. Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатының оқушылары, «SOS Детская деревня Астана» тәрбиеленушілері және №3 мектеп-гимназиясының оқушылары болады.
 Іс-шараның бағдарламасы:
 
11.00 – 12.00 
1-қабат. Баспасөз залы.
1996 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Юрий Мельниченкомен кездесу.
 
12.00 – 12.20
4-қабат.
Күмбезді залдың фойесі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшылығымен кездесу.
ҚР ҰОК материалдарын Музейге тарту ету рәсімі.
 
12.20 – 12.50
4-қабат.
 
«Қазақстанның спорттық даңқы» залына экскурсия жасау.
 
    11.00-де Қ. Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатының оқушылары, «SOS Детская деревня Астана» тәрбиеленушілері және №3 мектеп-гимназиясы оқушыларының 1996 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Юрий Мельниченкомен кездесуі өтеді.
     Юрий Мельниченко – грек-рим күресінен ҚР еңбегі сіңген спорт шебері. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы. Грек-рим тәсіліндегі қазақстандық палуан, Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, XXVI Олимпиада ойындарының 57 кг салмаққа дейінгі дәрежесіндегі әлем чемпионы. Оның Дэннис Холлмен күрестегі айқын жеңісі егеменді Қазақстанның тарихындағы грек-рим күресі бойынша қол жеткізген алғашқы алтын жүлде болатын. Сол кездері американдық БАҚ өкілдері «Жарық жылдамдығындай өзіндік лақтыру әдісі» деп жарыса жазған еді. Чемпионның бұл жеңісі – Қазақстанның спорт тарихындағы жарқын беттердің бірі.
     12.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшылығымен кездесу өтеді. ҰОК өкілдері Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің жылдық сыйлығының үлгісін Музей қорына тапсырады. Бұл жәдігер «Қазақстанның спорт даңқы» залындағы бірегей жәдігерлердің қатарынан құрметті орынға ие болатыны сөзсіз. 
Жас қонақтар «Қазақстанның спорт даңқы» залына жасалатын экскурсия барысында Мемлекет басшысына және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Музейіне сыйға тартылған түрлі жарыстардан жеңіп алынған құнды спорттық жүлделерді көре алады. Соның қатарында – олимпиада чемпионы
      А. Винокуровтің велосипеді, Б. Артаевтың  «Афиныдағы Олимпиадалық ойындардың чемпионы тәжі», бокстан әлем және олимпиада чемпионы
С. Сапиевтің боксерлік қолғаптары, IBF және IBА дәрежесіндегі бокстан әлем чемпиондары В. Жиров және М. Мәзімбаевтардың белдіктері, олимпиада чемпионы О. Шишигинаның медалі, VII қысқы Азия ойындарының факелы мен медальдерінің жиынтығы, хоккейшілердің, VII қысқы Азия ойындары чемпиондарының қолтаңбалары жазылған доп таяқтар және т.б.
Әлемдік спорттағы жетістіктер – біздің еліміз үшін ең жоғарғы көрсеткіштер. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Музейі өзінің мәдени-ағартушылық қызметінде жоғары рухани құндылықтарға бағытталған интеллектуалды тұлғаларды тәрбиелеуді басты міндет етіп қояды. Сондай құндылықтардың негізінде қалыптасатын отансүйгіштік – біздің қазақстандықтардың спорттық жеңістері болып табылады. Олимпиадалық жетістіктер халықты жігерлендіріп, жүрекке мақтаныш сезімін ұялатады. Еліміздің ұлттық байрағы биікке көтеріліп, мемлекеттік әнұранымыз шырқалған сайын Қазақстанның әрбір азаматының жүрегінде Отанына, отандастарының жеткен жетістіктеріне  деген мақтаныш сезімі оянады.    
     Денешынықтыру және спорт ұлт денсаулығының кепілі – жарқын  болашағымыздың негізі болып табылады. Елбасымыз атап өткендей: «ХХI ғасырда қазақстандықтар ұзақ өмір сүретін елге айналуы тиіс. Оған біздің барлық экономикалық саясатымыз бағытталған. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады».
 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Музейі
Астана қ., Бейбітшілік к., 11.
  тел: 75 12 15, 75 13 70, 75 12 85,  75 12 14

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
      2016 жылдың басты оқиғасы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Осындай айтулы мереке аясында ҚР Тұңғыш Президенті Музейі мәдени-ағартушылық іс-шаралардың бастамасы ретінде 2016 жылдың 17 ақпанында, сағ. 10.30-да Астана қ., № 45 «Самұрық» балабақшасында «Атамекен» атты көшпелі экскурсияны өткізеді.
    Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің Экскурсиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру орталығы 2014 жылдан бері Музейдің ғылыми-экспозициялық және бұқаралық-ақпараттық жұмысын насихаттау мақсатымен қоғамның түрлі әлеуметтік топтарына көшпелі экскурсиялар ұйымдастырып, өткізіп келеді.
«Атамекен» атты көшпелі экскурсия балабақша тәрбиеленушілері мен мектептің бастауыш сыныптарына арналған.
   Көшпелі экскурсия форматы оның қатысушыларына өмірі тәуелсіз Қазақстанның тарихымен тығыз байланысты Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың туған жері, балалық шағы, оқушылық кезеңінен бастап еңбек жолының бастауы - металлургке дейінгі жүріп өткен жолы жайлы баяндайтын фотосуреттер, бейнефильм, мұрағаттық құжаттар, музей жәдігерлерімен танысуға мүмкіндік береді.
 
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі
Астана қ., Бейбітшілік к., 11.
Өтетін орыны:
№45 «Самұрық» балабақшасы
Астана қ., Жангелдин к., 1.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
 
2016 жылғы 27 қаңтар - 1 сәуір аралығында ҚР Тұңғыш Президентінің Музейіне келушілер «Шығармашылық шексіздігі» атты балалар жұмыстарының көрмесімен таныса алады.
   Музейдің «Балалық шақтан көзқарас» жобасы «ВІ-Жұлдызай» корпоративтік қайырымдылық қоры жыл сайын мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өткізетін бейнелеу және сәндік қолданбалы өнері бойынша республикалық конкурстың нәтижелерін ұсынып отыр.
   Көрменің мақсаты – оқушылар арасында қазақстандық патриотизм, интернационализм, толеранттылық, достық, сыйластық және Қазақстан Республикасының тарихына деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу болып табылады.          
   2015 жылы байқауға Қазақстанның көптеген өңірлері мен қалаларынан: Алматы, Орал, Рудный, Қостанай, Өскемен, Талдықорған, Тараз, Көкшетау, Павлодар, Қызылорда және т.б. балалар қатысты.
   Экспозицияда орналасқан туындылардың авторлары мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері болып табылады. Әр түрлі техникаларда орындалған 70-тен астам туындылар ерекше сиқыр мен қиялға толы. Олардың арасында аралас техникада орындалған бейнелеу өнерінің туындылары, киізден жасалған паннолар және өзге де сәндік-қолданбалы өнер туындылары бірден көзге түседі.
     Көрмеде ұсынылған жәдігерлер еліміздегі қарапайым адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігінен сыр шертеді. Осының барлығы біздің еліміздің игілігі болып табылады.
     Ең үздік жұмыстар ҚР ТПМ және «ВІ-Жұлдызай» корпоративтік қайырымдылық қорының сайтында жарияланады.
    2016 жылы мүмкіндіктері шектеулі балалар арасындағы бейнелеу және сәндік қолданбалы өнердің республикалық байқауы жаңа деңгейге шығып отыр. Биыл байқаудың жұмысына серіктес ретінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі қосылды, жаңа серіктестер мен демеушілер байқауды қолдауға тартылатын болады. Байқаудың басталуы жайлы осы жылдың көктемінде, Музей қабырғасында ұйымдастырылатын баспасөз маслихаты кезінде хабарланады.
«Шығармашылық шексіздігі» көрмесі
2016 жылғы 1 сәуірге дейін жалғасады.
Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 11. тел: 75 12 15, 75 12 85, 75 12 14