"Тәуелсіз Қазақстан"(1985-1991жж.).

2 - қабат. Холл. "Тәуелсіз Қазақстан" экспозициясы (1985-1991жж.)

     «Тәуелсіз Қазақстан» экспозициясы республиканың егемендік алуы мен тәуелсіздікке қол жеткізуі секілді күрделі процесті көрсетуге арналған. Хронологиялық тұрғыдан ол 80 жылдардың ортасы мен 1991 жылдың 16 желтоқсанында еліміз тәуелсіздігін жариялағанға дейінгі кезеңді қамтиды.
      Залда қойылған экспонаттар – тарихи құжаттар, мұрағат материалдары, материалдық және рухани мәдениет бұйымдары келушілердің еліміздің егемендігінің қалыптасуындағы негізгі кезеңдер – саяси және әлеуметтік реформалармен, Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа ықпалдасуымен, экономикалық және мәдени қайта құрулармен танысуына мүмкіндік береді, сондай-ақ тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасын құрудағы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи рөлін ашып көрсетеді.