2016 ж.

24.11.1995. Алматы. Алматы қалалық Мәслихатының 1995 жылғы 24 қазандағы VIII сессиясының шешімі негізінде Мәслихат хатшысы Ж. Төрегелдинов ҚР Президенті  Н.Ә. Назарбаевты «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағымен марапаттады.

 

Белгі «Алматы қаласының құрметті азаматы». 925 сынамалы күміс, алтындау. Шағын сериялық шығарылым. Диаметрі - 85 мм. Салмағы - 175,58 (5,45) гр. 

 
11.05.2016. Астана. Ақорда. Елбасы Н.Ә. Назарбаев РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы В. Матвиенкомен кездесті. Кездесу барысында екі елдің, соның ішінде парламентаралық саладағы, өзара әрекеттестікті нығайту мәселелері талқыланды.

 

Самаурын мен жайпақ табақ. Табағының ұзындығы - 41 см. Ағаш, сары түсті металл. Зауыттық шығарылым. Самаурынның биіктігі - 42 см. РФ Федералды Жиналысының Федерация Кеңесінің Төрағасы В.И. Матвиенкодан. 11.05.2016 ж.

 

31.05.2016. Астана. Ақорда. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтті. Жиынға ҚР Президенті Н. Назарбаев, Армения Республикасының Президенті С. Саргсян, Беларусь Республикасының Президенті А. Лукашенко, Қырғызстан Республикасының Президенті А. Атамбаев және Ресей Федерациясының Президенті В. Путин қатысты. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев қатысушылардың барлығын ЕАЭО туралы келісімнің жасалғанына екі жыл толуымен құттықтады. Бұл құжатқа 2014 жылғы 29 мамырда Астанада Ресей, Қазақстан және Беларусь елдері қол қойды.

Қаламсап. Ағаш қобдишаға салынған. Қаламсап пен қобдиша холуйск лактау кескіндемесі стилінде жасалған. Ағаш, сары түсті металл. Зауыттық шығарылым. Ұзындығы - 14 см. РФ Президенті В.В. Путиннен. 31.05.2016 ж.

 

 

 

 

02.06.2016. Астана қ. Елбасы Н.Ә. Назарбаев ҚР Қарулы Күштерінің Авиациялық базасында өткен IV халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ және әскери-техникалық мүліктер көрмесінің ашылу рәсіміне қатысты.
 
 
 
 
 
Кәдесый «Алтын оқтар». Бір оқ - биіктігі 7 см, д - 13 мм. 2-ші оқ - биіктігі 5,5 см, д - 9 мм. 3-ші оқ - биіктігі - 2,5 см, д - 9 мм. 750 сынамалы алтын. Зауыттық шығарылым. ҚР Алғашқы Патрон зауытынан (Kaztec). Астана. 02.06.2016 ж.

 

 

 

.

20.05.2016. Астана. Ақорда. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Сенегал Республикасының Президенті Маки Саллмен кездесті. Мемлекеттер басшылары кездесу барысында саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ өзара мүдделілік туғызып отырған халықаралық және өңірлік сипаттағы жайттарды талқылады. Қазақстан Президенті Африка құрлығының батыс аймағынан келген көшбасшының елімізге алғашқы сапары үшін ризашылық білдірді.

 

Суретші Chalys Leye. 2015 ж. Кенеп. Аралас техника. Ені - 79 см, ұзындығы - 66 см. Сенегал Республикасының Президенті Маки Салла мырзадан. 20.05.2016 ж.

26.05.2016. Астана қ. «Қазақстан» орталық концерт залы.  Елбасы Н.Ә. Назарбаев Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведоны қабылдады. Кездесуде тараптар Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігі аясында өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың бұдан арғы перспективаларын талқылады.

Қауырсынды қаламсап «CARAN d'ACHE». Ақ түсті металл, пластмасса. Зауыттық шығарылым. Ұзындығы - 13,8 см. Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Роберто Азеведо мырзадан. Ақорда. 26.05.2016 ж.

24.06.2016. Ташкент қ. (Өзбекстан). ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Елбасы отырысқа қатысушыларға арнаған сөзінде мемлекеттер басшылары кеңесінің бүгінгі басқосуының ШЫҰ тарихындағы маңызды даталар тұрғысынан зор мәні бар екенін атап өтті.
 
Кәдесый «Киіз үй». Мәрмәр, сары түсті металл, тастар. Металды көркемдеп оймыштау. Ені - 16 см, ұзындығы - 16 см, биіктігі - 10 см. Қырғыз Республикасының Президенті   А.Ш. Атамбаевтан. 24.06.2016 ж.
2016 шілде. Астана. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың туылған күніне орай алыс және жақын шет елдерде тұратын қандастарымыз тарту еткен сыйлықтар да ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі жинағының құнды жәдігерлеріне айналып отыр.
 
Айыр қалпақ және шапан. Қазақ халқы ер адамының ұлттық киімі. Иық өлшемі - 54 см. Күміс, мата. Іс машинамен тігу. Авторы Ж. Ешімхан (автордан тарту). ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен түсті. Астана қ. 12.07.2016 ж.

Кимешек. Қазақ әйелінің ұлттық бас киімі. Күміс, мата. Іс машинамен тігу. Авторы Ж. Ешімхан (автордан тарту). ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен түсті. Астана қ.12.07.2016 ж.

 

 

22.08.2016. Варшава қ. (Польша Республикасы). Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев мемлекеттік сапары барысында Польша Республикасының Президенті Анджей Дудамен келіссөз өткізді. Салтанатты кездесу рәсімінен соң екі елдің көшбасшылары Польша Президентінің резиденциясында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді. Онда сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы, транзит-көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.

 

Карабела (қылыш) қынабымен. Болат, тері, сары түсті металл. Соғу, металды көркемдеп оймыштау. Ұзындығы - 93 см. Польша Республикасының Президенті Анджей Дуда мырзадан. Варшава. 22.08.2016 ж.

 

Үстел құралы «B&J collection». Оникс. Сериялық шығарылым. Ені - 16 см, ұзындығы - 31 см, биіктігі - 9 см. Польша Республикасы Министрлер Кеңесінің Төрағасы Беата Шидлодан. 23.08.2016 ж.

 23.08.2016. Белград қ. (Сербия Республикасы). ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ресми сапармен Сербия Республикасында болды. Сапар аясында Н.Ә. Назарбаев Сербия Президенті Томислав Николичпен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті Сербияның Премьер-Министрі Александр Вучичпен, Сербия Патриархы Иринеймен кездесті, сонымен бірге, Белград қаласында Жамбыл Жабаевтың ескерткішін ашу салтанатты рәсіміне қатысты. 

Панно «Хиландар монастырынан әуен». Ағаш. Бедерлеп өрнектеу, нақыштау, оюлау. Ені - 73 см, ұзындығы - 41 см. Сербия Республикасының Президенті Томислав Николич мырзадан. 23.08.2016 ж.

Кескіндеме. Ағаш. Кенеп, майлы бояу. Ені - 46 см, ұзындығы - 56 см. Сербия Республикасының Президенті Томислав Николич мырзадан. 23.08.2016 ж.

 

Гусле - серб музыкалық аспабы ысқысымен. Ағаш, тері. Қол жұмысы. Ұзындығы - 89 см. Сербия Республикасының Президенті Томислав Николич мырзадан. 23.08.2016 ж.

 
 
Сардар қылышы қынабымен. Модель М. 1895/1995. Сабының басы жыртқыш аң басының бейнесі түрінде жасалған, алтын жалатылған, шашағы бар. Алтындау, ақ түсті металл, болат, сары түсті металл. Металды көркемдеп оймыштау. Ұзындығы - 101 см. Сербия Республикасының Премьер-Министрі Александр Вучич мырзадан. 24.08.2016 ж.

 

 

 

 

 

29.08.2016. Астана қ. Тәуелсіздік сарайы. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев халықаралық антиядролық конференцияға қатысу үшін елімізге сапармен келген Парламентаралық одақтың төрағасы Сабер Чоудхуримен кездесті. Кездесу барысында парламентаралық өзара іс-қимылды нығайтудың, ұйыммен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің перспективалары қаралды. Тараптар сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев түрлі елдердің парламент  мүшелері арасындағы тығыз байланыстың, халықаралық қауіпсіздікті нығайту және ядролық қарудан азат әлем қалыптастыру үшін бірлесе қызмет ету жолында жұмылудың маңыздылығын атап өтті. С. Чоудхури қонақжайлық үшін алғыс айтып, елімізбен стратегиялық және достық қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерін жұмсауға дайын екенін жеткізді.

Тәрелке. Ақ түсті металл. Өру. Диаметрі - 14,5 см. Парламентаралық одақтын Президенті Сабер Чоудхури мырзадан. «Ядролық қарусыз әлем қалыптастыру» атты халықаралық конференцияға қатысу. Астана. Тәуелсіздік сарайы. 29.08.2016 ж.