2015 ж.

01.04.2015. Астана. Ақорда. Мемлекет басшысы Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанды қабылдады. Кездесу барысында тараптар екі елдің өзара ықпалдастығының кең ауқымдағы мәселелерін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттарды талқылады. Мемлекет басшысы ҚР мен Венгрия халықтарының тарихи тұрғыдан жақындығына тоқталып өтті.

 

Қылыш. Венгерлік қылыш. Қынапсыз ұзындығы 98 см. Былғары, металл. Қол жұмысы. Ұзындығы - 105 см. Венгрия Премьер-Министрі В. Орбан мырзадан. Астана. 01.04.2015 ж.

 

 

23.04.2015. ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай музейге «Ел бірлігі» кәдесыйын табыс етті.

 

Кәдесый «Ел бірлігі». Қол жұмысы. Биіктігі - 53 см. Қазақстан халқы Ассамблеясынан. Музейге ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ тапсырды. Астана. 23.04.2015 ж.
 

 

 

09.05.2015. Мәскеу қ. (РФ). Елбасы ҰОС Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадта болды, сондай-ақ Белгісіз солдат зиратына гүл қою рәсіміне қатысты. Салтанатты іс-шараларға 30-ға жуық шетелдің мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысты.

Жинақ. Сардардың салтанатты жинағы. Кездіктің қынапсыз ұзындығы 33 см. Белдіктің ұзындығы 88 см. Мата, металл, шойын.  Металды көркемдеп оймыштау. РФ Президенті В.В. Путиннен. ҰОС Жеңістің 70 жылдығына арналған салтанаттарға қатысу. Мәскеу қ. (РФ). 09.05.2015 ж.

 

 

 

 

 

Жинақ. Генерал жинағы. Кездіктің ұзындығы қынабымен - 49,5 см. Дүрбінің ұзындығы - 41,5 см. Авторы В.А. Тычкин. Златоуст қ. Болат, жез, шыны. Соғу, металды көркемдеп оймыштау. Ені - 22 см., ұзындығы - 57 см., биіктігі - 10,5 см. «Роснефть» МК Президенті И.И. Сечиннен. 2015 ж.

 

.

 

 

 

21.05.2015. Астана. Ақорда. Н. Назарбаев VIII Астана экономикалық форумына қатысуға келген Литва Премьер-министрі А. Буткявичюспен кездесті. Кездесу барысында екіжақты, соның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.

 

Панно «Жүзім ағашы». Алтын, ағаш, қыш. Әшекейлеу. Ені - 38 см., ұзындығы - 38 см. Литва Премьер-министрі А. Буткявичюстен. 21.05.2015 ж.
 
29.05.2015. Бурабай кенті. Ақмола облысы. Н. Назарбаев Вьетнам Премьер-министрі Нгуен Тан Зунгпен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестиция, отын-энергетика салаларын қоса қамтитын бірқатар бағыттарда екі ел ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды.

 

Панно «Әдебиет және өнер ғибадатханасы». Қола. Металды көркемдеп оймыштау. Ені - 28 см., ұзындығы - 34,5 см. Вьетнам Премьер-министрі Нгуен Тан Зунг мырзадан. 29.05.2015 ж.

 

 
09 - 11.06.2015. Астана. Ақорда. Елбасы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне қатысуға келген Финляндия Республикасының Президенті Саули Нийнистёмен және Иордания Королі II Абдалламен кездесті.

 

Құмыра. Қыш. Жабыстыру. Ұзындығы - 21 см., биіктігі - 24 см. Финляндия Президенті С. Нийнисте мырзадан.
09.06.2015 ж.
 
 
Жинақ. Кеңселік үстел үстіне қоятын жинақ. Үлкейткіш шыны, ұзындығы - 20 см., диаметрі - 7,5 см., пышақ - 22см., вензелі бар қағаз бастырғыш 8 х 5,5 см. Ағаш, әйнек, металл, оникс. Сериялық шығарылым. Иордания Королі Абдалла ІІ-ден. Астана. 11.06.2015 ж.

 

 
 
 
 
09.07.2015. Ливан Республикасындағы ҚР Дипломатиялық миссиясынан ҚР Тұңғыш Президенті музейінің қорына Ливанның белгілі суретшісі Низар Дагердің туындылары келіп түсті.

 

Кескіндеме «Көктем». Авторы - Низар Дагер (Ливан). Кенеп, майлы бояу. Ені - 130 см., ұзындығы - 90 см. 09.07.2015 ж.

 

 

Кескіндеме «Ыстық күн». Авторы-Низар Дагер (Ливан). Кенеп, майлы бояу. Ені - 120 см., ұзындығы - 140 см.
09.07.2015 ж.
21.09.2015. Астана. Ақорда. Елбасы Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Руанда Республикасының Президенті Поль Кагамемен кездесті.
 
Кәдесый «Горилла төлімен». Горилланың биіктігі 11 см. Ақ түсті металл. Құю, өру. Ені - 21 см., ұзындығы - 26 см., биіктігі - 12,5 см. Руанда Президенті П. Кагаме мырзадан. 21.09.2015 ж.

03.11.2015. Лондон қ. Ұлыбритания. Н. Назарбаев Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Британия ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланды. Кездесу соңында Қазақстан Президенті Ұлыбритания Премьер-министрін I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

 

Тақтайша «3D статуэтка». Ішінде Н. Назарбаевтың 5 х 5 «3D» бейнесі және қазақ тіліндегі естелік жазуы бар. Пластик. Ені - 25 см., ұзындығы - 19 см. «De La Rue» компаниясы. Елбасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіне сапары. 03.11.2015 ж.

 
 
14.12.2014. Мемлекет басшысы РФ Премьер-Министрі Д. Медведевті қабылдады. Кездесу барысында сауда-экономикалық, энергетикалық және көлік-транзиттік салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары қаралып, интеграциялық құрылымдар аясындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.
 
Кофе сервизі «Мәскеу көріністері» (Император фарфор зауыты). Фарфор. Сериялық шығарылым. РФ Үкіметінің Төрағасы Д. Медведевтен. 14.12.2014 ж.
 
15.12.2014. Елбасы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшыларын қабылдады. Кездесуге ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцян, Премьер-Министрлер: Қырғызстаннан – Дж. Оторбаев, РФ – Д. Медведев, Тәжікстаннан – К. Расулзода және Өзбекстан Премьер-Министрінің 1-і орынбасары – қаржы министрі Р. Азимов, ШЫҰ Бас хатшысы Д. Мезенцев, ШЫҰ Лаңкестікке қарсы өңірлік орталығының Атқарушы комитетінің директоры  Синьфэн Чжан қатысты.

 

Кескіндеме «Көшпенділер». Былғары. Тері илеу. Ені - 59 см., ұзындығы - 84 см. Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Дж. Оторбаевтан. Астана, Ақорда. 15.12.2014 ж.

 

 Жиектемеге салынған ешкі терісі. Ағаш,тері. Тері илеу. Ені - 88 см., ұзындығы - 108 см. Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Дж. Оторбаевтан. Астана, Ақорда. 15.12.2014 ж.

 

 
 
30.12.2014. Украина, Ресей, Германия және Франция көшбасшылары кездесуінің Астанада өту ықтималдығы туралы. П. Порошенко және В. Путинмен келіссөздер нәтижесінде екі ел көшбасшыларының ықтимал кездесуін Астана қаласында ГФР Канцлері А. Меркель және Франция Президенті Ф. Олландтың қатысуымен өткізу мәселесі келісілді.

 

Ваза «Стопа «Петровской эпохи». Шыны. Шыны үрлеу. Биіктігі - 25 см., диаметрі - 11 см. ҚР РФ елшісі М. Бочарниковтан. 30.12.2014 ж.
 

20.01.2015. Қытайдағы Қазақстан Елшісі Н. Ермекбаев Елбасына ҚХР Ұлттық музейінде түпнұсқасы сақталған қазақтар бейнеленген 18 ғ. жататын кескіндеменің көшірмелерін сыйға тартты.

 

Кескіндеме «Әлемнің барлық мемлекеттері императорға сыйлық тарту етуде». Цин династиясы императорының сарайының көрінісі. Қағаз, бояу. Ені - 190 см., ұзындығы - 318 см. Қытайдағы Қазақстан Елшісі Н. Ермекбаевтан. 20.01.2015 ж.
 
Кескіндеме  «Цин династиясы императорына сыйлықтарды тарту ету». Ұлттық киім киген ері мен әйелінен тұратын он екі халықтың өкілдері суреттелген. Қағаз, бояу. Ені - 33,5 см., ұзындығы - 156,4 см. Қытайдағы Қазақстан Елшісі Н. Ермекбаевтан. 20.01.2015 ж.
 
18.02.2015. Мемлекет басшысы РФ Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Н. Патрушевті қабылдады. Кездесу барысында қауіпсіздік саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен келешегі, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер, соның ішінде Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдай да талқыланды.

 

РФ Қауіпсіздік Кеңесінің «За заслуги в укреплении международной безопасности» медалі. Металл. Сериялық шығарылым. Диаметрі - 33 мм. РФ Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н. Патрушевтан.
 
 
 
08.05.2015. Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің жастары Елбасына «Мәңгілік Ел» гобеленін тарту етті.

 

 Гобелен «Мәңгілік ел». Жүн жіп. Қолмен кілем тоқу. Ені - 171,5 см., ұзындығы - 136 см. Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті студенттерінен. 08.05.2015 ж