2014 ж.

23.05.2014. Мемлекет басшысы VІІ Астана экономикалық форумына және Дағдарысқа қарсы II дүниежүзілік конференцияға қатысқан Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездесті.     Н. Назарбаев өз сұхбаттастарына  VІІ Астана экономикалық форумына қосқан үлестері үшін алғыс айтып, бұл шараға Астаналық Нобель сыйлығы лауреаттары клубының құрылуы ерекше маңыз беретінін атап өтті. Өз кезегінде Нобель сыйлығының лауреаттары Қазақстанның ғылым мен инновацияның дамуына қосқан зор үлесін, сондай-ақ VІІ Астана экономикалық форумының жаһандық әлеуметтік-экономикалық мәселелерді талқылауға арналған әлемдік платформа болып отырғанын  айтты.

Медаль Нобельдік. Сертификаты (Астана, 2014) және Нобель лауреаттығына ұсынысы қосымша. Ақ түсті металл. Алтындату. Диаметр - 8 см. VII Астана экономикалық форумы аясында Нобель Сыйлықтарының Астаналық клубы. Астана. 28.05.2014 ж.

 
   
   

19.05.2014. Қазақстан Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Кездесу барысында мемлекет басшылары сауда-экономика, қаржы-инвестиция, көлік транзиті және ауыл шаруашылығы салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, бейбітшілікті жақтаушы ұйымдар мен жекелеген тұлғалар тарапынан                    Н. Назарбаевқа «Жібек жолы» рухын биіктеткені, өзара сенімді, достықты, ынтымақтастықты нығайтқаны, әлем елдерімен бірге өсіп-өркендеуге, татулыққа  және ортақ дамуға ықпал еткені үшін Жібек жолының бейбітшілік сыйлығы тапсырылды.

Медаль «Премия мира «Шелковый путь». Сертификаты (мамыр, 2014) сары түсті. Түссіз келген пластмассаға жабыстырылған. Сары түсті металл. Диаметр - 7 см. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинь мырзадан. ҚХР-ға мемлекеттік сапар және АӨСШК ІV саммитіне қатысу. Шанхай (ҚХР). 19-22.05.2014 ж.

 
   
   
   

23.03.2014. Мемлекет басшысы «Қазақстанның Нидерландтағы достары» Қазақстан-Нидерланд саяси клубының мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында Н. Назарбаев Голландтық компанияларымен ынтымақтастыққа және өзара ықпалдастық саласын кеңейтуге мүдделілік бар екенін атап өтті.

 

Сәндік тәрелке. Делфт (Нидерланд) королдік ыдыс фабрикасының өнімі. Фарфор. Диаметр - 35 см. Нидерланд жетекші компанияларының тұсаукесер-көрмелері мүшелерінен. Роттердам (Нидерланд). 23.03.2014 ж.

 

Кәдесыйлық вазалар. Делфт (Нидерланд) королдік ыдыс фабрикасының өнімі. Фарфор. Биіктігі - 21 см. Нидерланд жетекші компанияларының тұсаукесер-көрмелері мүшелерінен. Роттердам (Нидерланд). 23.03.2014 ж.

 

Сертификат. Жаңа сұрыпы қызғалдақты «Президент Назарбаев» атымен атау туралы. Қағаз, мата. 29х40,5 см. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның Нидерландтағы достары» Қазақстан-Нидерланд саяси клубы мүшелерімен кездесуі. Роттердам мэриясы (Нидерланд). 23.03.2014 ж.

 

04.06.2014. Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше-мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуі (Түркия Республикасы, Бодрум қ-сы). Кездесу барысында мемлекет басшылары алдағы Төртінші саммиттің күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік құрылымдар аясындағы көпжақты ынтымақтастықтың басты бағыттары жөнінде пікір алмасты.

Тостақан. Су тас. Сериялық шығарылым. Төменгі жағы диаметр.-34 см, үстінгі жағы дм. -28 см.  Түркия Президенті А.Гүл мырзадан. Түркия Республикасы. Бодрум қ-сы. 04.06.2014 ж.

 
   

Стақандар жинағы. Су тас, күміс. Металды көркемдеп оймыштау, алтындату. Биіктігі - 11 см. Әзірбайжанның Президенті И. Әлиевтен. Түркия Республикасы, Бодрум қаласы. 04.06.2014 ж.

 

29.05.2014.  (Астана, Дворец Независимости) Участие в заседании Высшего Евразийского экономического совета в расширенном составе. В заседании совместно с главами Казахстана, России и Беларуси приняли участие президенты Республики Армения – Серж Саргсян и Кыргызской Республики – Алмазбек Атамбаев, а также председатель Коллегии Евразийской экономической комиссии Виктор Христенко. В ходе заседания были дополнительно обсуждены ключевые положения Договора о Евразийском экономическом союзе, а также рассмотрен ход реализации Плана мероприятий по присоединению Республики Армения к Таможенному союзу и Единому экономическому пространству. Главы Казахстана, России и Беларуси отметили прогресс в подготовке Договора, а также подчеркнули активное участие в его разработке деловых кругов. Лидеры трех стран положительно оценили процесс согласования документа, назвав это результатом высокого уровня сложившихся отношений между государствами.

Кесе. Тас, сары түсті металл. Диаметр - 11,5 см. Қырғызстан Президенті А. Атамбаевтан. ЖЕЭК отырысы. Астана, Тәуелсіздік Сарайы. 29.05.2014 ж.

 

 
   
   

Стақандар жинағы. Шыны, 875* сынамалы күміс. Металды көркемдеп оймыштау. Салмақ - 94 гр. РФ Президенті В.В. Путиннен. Астана, Тәуелсіздік Сарайы. 29.05.2014 ж.

 

20.05.2014. Президент Н. Назарбаев «Хуавэй» корпорациясы директорлар кеңесінің төрайымы Сунья Фанмен кездесті. Кездесу барысында корпорацияның Қазақстандағы қазіргі жұмысының негізгі мәселелері, сондай-ақ жоғары технологиялар саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары қарастырылды. Мемлекет басшысы біздің елдегі телекоммуникациялық саланың деңгейі қарқынды өсіп келе жатқанын атап өтті және Қазақстанның  корпорациямен ынтымақтастыққа аса мүдделі екеніне тоқталды.

Панно «Шауып келе жатқан аттар». Жіп, мата.  78,5 см м. х 1 м, 90см м. «Huawei Technologies» («Хуавэй») корпорациясы (ҚХР). АӨСШК ІV саммиті аясында. Шанхай (ҚХР). 19-22.05.2014 ж.

 

 

 

23.04.2014. ТМД мемлекеттері интернационалист-жауынгерлер ісі жөніндегі Комитет сыйға «Афган» мүсінін табыс етті.

Мүсін «Ауған». Ақ түсті металл, гранит. Биіктігі - 13 см. ТМД мемлекеттері интернационалист-жауынгерлер ісі жөніндегі Комитеттен. 23.04.2014 ж.

 
   
Сертификат. Елбасына таеквондо бойынша 9-шы дан (WTF) беру туралы ағылшын тілінде жазу бар. Ағаш. Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президенті Чунгвон Чо мырзадан. Корея. Астана, Ақ Орда. 21.10.2014 ж.  
Кәдесый. Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президенті Чунгвон Чо мырзадан. Корея. Астана, Ақ Орда. 21.01.2014 ж.  
05.11.2014. Елбасы ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің 37-отырысына қатысушылармен кездесті. Бұл отырыста қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтердің ТМД кеңістігіндегі, соның ішінде лаңкестікке және экстремизмге қарсы тұру саласындағы өзара іс-қимылын күшейту мәселелері қаралды. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің 37-отырысына қатысушыларға жемісті жұмыс тіледі.
 
Кәдесый «Сұңқар-балапан». Ақ түсті металл, табиғи тастар. Қол жұмысы. Биіктігі – 66 см. ТМД мүше мемлекеттердің қауіпсіздік ұйымдары мен арнайы қызметтерінің жетекшілерінен. Астана. 05.11.2014 ж.
 
   

05.02.2013. Қазақстан Президенті Н. Назарбаев жұмыс сапарымен Испания Корольдігіне келді. Мадридтің «Барахас» әуежайында Мемлекет басшысын Испания Корольдігінің Сыртқы істер және ынтымақтастық министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Гонсало де Бенито қарсы алды. Сапар барысында Испания Королі Хуан Карлос I-мен, Испания Корольдігі Үкіметінің төрағасы М.Рахоймен және испандық бірқатар компаниялардың басшыларымен екіжақты кездесу өткізу жоспарланған.

 

Сәндік ваза, ашылмалы қақпағымен. Шыны. Қол жұмысы. Биіктігі – 30,5 см. Испания королі Хуан Карлос І мырзадан. Мадрид. 05.02.2013 ж.

 

06.04.2013. Қазақстан Президенті Н. Назарбаев ресми сапары аясында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Қазақстан мен Қытай көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықты және стратегиялық серіктестікті дамытудың ауқымды мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, кездесу барысында тараптар халықаралық күн тәртібіндегі және жаһандық даму мәселелерін талқылау үшін маңызды алаң ретінде алдағы Боао азиялық форумының өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сәндік ваза. Сары түсті металл. Биіктігі – 39,5 см. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинь мырзадан. Бейжің, 06.04.2013 ж.

 

28.10.2014. Дубай қ., БАӘ. Мемлекет басшысы Global Islamic Finance Awards ұйымының «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығымен марапатталды. 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Global Islamic Finance Awards (GIFA) ұйымының «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығымен марапаттау рәсімі болып өтті. Мемлекет басшысына бұл награданы «Edbiz Consulting Limited» компаниясының бас атқарушы директоры доктор Хумайон Дар тапсырды. Марапаттау рәсіміне Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-Президенті, Премьер-Министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Аль Мактум қатысты. Сыйлық ислам қаржы нарығын өңірлік және халықаралық деңгейде дамыту мен ілгерілетуде жеткен зор табыстар үшін берілді.

Сыйлық «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» (GIFA).
Шыны. Биіктігі - 34 см. «Edbiz Consulting Limited» компаниясының бас атқарушы директоры доктор Хумайон Дар тарту етті. Х Бүкіләлемдік мұсылман экономикалық форумы. Дубай қ., БАӘ.  28.10.2014 ж.

 
10.10.2014. Минск қ., Беларусь Республикасы. Мемлекет басшысы Қырғызстан Республикасының Президенті А. Атамбаевпен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың сауда-экономика, инвестиция және мәдени-гуманитарлық салалардағы негізгі мәселелері, сондай-ақ бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысы талқыланды.
 
Кәдесый «Үш би». Сары түсті металл, мәрмәр. Металды көркемдеп оймыштау. Биіктігі - 15 см. Қырғызстан Президенті А. Атамбаевтан. 10.10.2014 ж.
 
 
Кескіндеме «Сақшылар». Былғары. Теріге батырма өрнек салу. 111 х 166 см.
Қырғызстан Президенті А. Атамбаевтан.
 

2014. Музей жинағы қорына Ресей Сыртқы істер Министрлігінен және Свердлов облысының губернаторы Е.В. Куйвашевтың Елбасына тарту еткен сыйлықтары келіп түсті.

Кескіндеме «Жауын. Басты даңғыл». Суретші А. Ефремов. Кенеп, майлы бояу. 66х81 см. Свердлов облысының губернаторы Е.В. Куйвашевтан (РФ).

 

 
Шахмат. Ақ және сары түсті металл, ағаш, тас. 35 х 35 см.
РФ Сыртқы істер Министрлігінен.
 

25.08.2014. 25 тамыз айында ҚР Тұғыш Президенті Музейінің 10 жылдық мерей тойына байланысты «Қазіргі қоғамдағы Музей. Жаңа даму жолдарын іздестіру»  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Икона «Неопалимая купина» және қоңырау. Металл, шойын.  Металды көркемдеп оймыштау.   ООО «Экокультура» Бас директоры Г.А. Зайцевадан (Мәскеу қ-сы). Астана, ҚР ТПМ. 25.08.2014 ж.

 
 

26.11.2013. Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ президенті А. Маминді қабылдады. А.Мамин компанияның 2016 жылға қарай Қазақстанның өңірлік көлік-логистика хабы ретінде қалыптасуына бағытталған қызметі жөнінде хабардар етті.

Мемлекет басшысы 2014 жылы пайдалануға беру жоспарланған Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл  жаңа теміржол желілерін іске қосудың маңыздылығын атап өтті. Олар Шығыс – Батыс және Солтүстік – Оңтүстік бағыттарындағы халықаралық көлік дәліздерін үйлестіруді оңтайландырып, Достық – Ақтау бағытындағы арақашықтықты 748 шақырымға қысқартуға тиіс.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

Сағат-Паровоз. Мәрмәр, қола. Шағын сериялық шығарылым. Биіктігі - 36 см. «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-нан. 2013 ж.

 
06.07.2014. Ел басшылығы Астана күні мерекесінде Елбасымен кездесті. Кездесу барысында ел басшылығының өкілдері Н. Назарбаевты туған күнімен және Астана күні мерекесімен құттықтап,  бақ-береке, мықты денсаулық және жұмыста табыс тіледі. Сондай-ақ Астана мен бүкіл елді қарыштап дамытудағы Мемлекет басшысының жеке үлесі атап өтілді. Жылы сөздер мен тілектерге ризашылығын білдірген Қазақстан Президенті ел ішінде және халықаралық аренада жеткен елеулі жетістіктер Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап осы бағытта мақсатты түрде қызмет еткен баршаның еңбегі екенін атап айтты.

 

 
 
Төс белгі «Бауыржан Момышұлы». Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан Ардагерлері» қауымдастығынан. Төрағасы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б. Смағұл. 06.07.2014 ж.