2012 ж.

26.11.2012 ж. Ақордада Н.Ә. Назарбаев жаңадан тағайындалған ҚР-ғы бірқатар шетел елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Қазақстан Президентіне Норвегия Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Оле Йохан Берной, Египет Араб Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Набила Ибрагим Салама Фархана, Өзбекстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Әлішер Салахитдинов, Израиль Мемлекетінің Төтенше және өкілетті елшісі Элияу Тасман, Индонезия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Фостер Гултом, Сербия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Владимир Миркович сенім грамоталарын тапсырды.

Макет «Бугий шхунасы». Күміс. Қазақстан Республикасындағы Индонезия Республикасының Елшісі Фостер Гултомнан.

2012 жылғы 12 қазанында Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Түркия Республикасына ресми сапары аясында Түркияның іскер топтарының жетекші өкілдерімен кездесу өткізді. 

Декоративті ыдыс. Ақ түсті металл. Түркияның Палаталар және Биржалар Кеңесінің төрағасы Рифат Хисарчикоглудан.

2012 жылғы 12 қазанында Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Түркия Республикасына ресми сапары аясында Түркияның іскер топтарының жетекші өкілдерімен кездесу өткізді.

925 сынамалы күміс.

2012 жылдың 22 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Австрия Республикасына ресми сапар аясында Австрияның Федералды президенті Хайнц Фишермен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктері талқыланды. 

Декоративті тәрелке. Фарфор.

2012 жылдың 10 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Чыонг Тан Шангпен кездесті. Кездесу барысында тараптар саяси өзара іс-қимыл мәселесін, сауда-экономикалық, индустриялық-инновациялық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды жандандыруды талқылады. 

Панно «Сакура бұтағы». Табиғи тастар.

2012 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ конгрессмендері Дэн Бертон мен Грегори Миксті қабылдады. Кездесу кезінде сауда-экономикалық және халықаралық даму мәселелерінің ауқымды спектрі талқыланды. 

Декоративті тостаған. Фарфор. Әшекейлеу.

 

 2012 жылдың 6 маусымындағы Қытайға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Си Цзиньпинмен және «CNPC» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Цзянь Цземинмен кездесті. Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамуы атап өтілді. 

Ваза «Ұшатын айдаһар және билеген феникс». Фарфор. Қол жұмысы.

Ваза Фарфор. Қол жұмысы.
2012 жылдың 23 мамырында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Түркия Республикасының Премьер-министрі Реджеп Ердоғанмен кездесті. Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық саласындағы екіжақты қарым-қатынастар мәселесі талқыланды. Ыдыс жинағы. Металл. Шекіме.

2012 жылдың 22 мамырында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Шетел инвесторлары кеңесінің отырысы аясында «Ресей Жинақ банкі» АҚ-ның басқарма төрағасы Герман Грефпен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Президенті мен Ресей банкінің басшысы одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады. 

Ятаган қынабымен. Осман империясы, ХІХ ғ. басы. Болат, ақ түсті металл, ағаш, сүйек.

  17-18 сәуір аралығында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Малайзияда болды. Сапар барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Малайзияның жоғары басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді және жетекші кәсіпорындарының көрмесімен танысты.

«Крис» қанжары. Ақ және сары түсті металл, болат. Малайзия Жоғары Билеушісі Янг-Ди-Пертуан Агонг XIV Сұлтан Абдул Халим Муадзам Шахтан

Панно. Жібек жіп. Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Тун Разактан.
Декоративті ваза. «ALM Builders Sdn Bhd» компаниясынан.
2012 жылдың 12-13 сәуір аралығында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Индонезияда болды. Сапар барысында Қазақстан Президенті Индонезияның жоғары басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді. 

Панно. Ағаш. Оймыштау. Индонезия Республикасының Президенті Сусило Бамбанг Юдойонодан.

Ваянг – индонезиялық көлеңкелер театрының қуыршағы. Ағаш, тері. 
Индонезия Үкіметінің экономика жөніндегі үйлестіруші-министрі Раджас Хаттадан.