"Қазақстан Республикасы Президентіне тарту етілген сыйлықтар"

Күмбезді залдың фойесі. " Қазақстан Республикасы Президентіне тарту етілген сыйлықтар" экспозициясы

       Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мерекелік даталар мен оқиғаларға байланысты салтанатты қабылдау рәсімдері ұйымдастырылған Күмбезді залға іскери кездесулер мен келіссөздер, ресми сапарлар кезінде Мемлекет басшысына тарту етілген сыйлықтар - кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылған.
       Мемлекет басшылары арасындағы сыйлық алмасу дәстүрі адамзаттың әлеуметтік тарихындағы ең ежелгі дәстүрлердің бірі болып саналады. Сыйлық сол заманда да, қазір де – ізгі ниет пен сенімнің кепілі. Халықаралық және мемлекетаралық сұхбаттарда сыйлық алмасу ынтымақтастыққа деген ашықтықты, өзара құрмет актісін білдіреді.
    Мемлекет басшысының сыйлықтары республикамыз бен Президентіміздің халықаралық беделіне көрсетілген құрмет пен мойындау белгісі болып табылады. Президентке тарту етілген сыйлықтар коллекциясындағы сақтам бірліктерінің жалпы саны жеті мыңнан асады, ал олар әлемнің елуден астам елінде дайындалған.