2011 ж.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент Музейі 2007 жылдан бері қоғамдық-саяси және ғылыми-көпшілік «Мирас» журналын шығарады. Журналдың тақырыптық бағыты – тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың саяси бастамалары.
      Басылым қазақ және орыс тілдерінде жарық көреді. Басылымның мерзімділігі: жылына 4 рет (тоқсан сайын).
      «Мирас» журналының редакциялық алқасы авторларды ынтымақтастыққа шақырады. Сіздерге «Мирас» журналының 2011 жылғы нөмір тақырыптары мен жарияланымға сұраныс беру мерзімдерін ұсынамыз.

№ 1 (17) / 2011 «Гендерлік саясат» 1 қаңтар - 25 ақпан
№ 2 (18) / 2011 «Саяси лидерлік» 1 сәуір - 16 мамыр
№ 3 (19) / 2011 «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» 1 шілде -15 қыркүйек
№ 4 (20) / 2011 «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады». 1 қазаннан 15 қарашаға дейін


      «Мирас» журналына жариялауға сұраныс төмендегі электрондық пошта адересі бойынша қабылданады.
Сұраныста көрсетіледі: аты-жөні, тегі, жұмыс орны мен лауазымы, ғылыми дәрежесі, атағы, мақала тақырыбы, байланыс деректері (байланыс телефондарының нөмірі). Авторлық фотосуретінің міндетті түрде жоғары сапалы электрондық нұсқасын салу қажет.
Мақала мәтінінің талаптары: Мақаланың көлемі – 5–6 бет. Мақаланың мәтіні WORD редакторында, 12 қаріппен терілуге тиіс, жоларалық интервалы – жалаң (Times New Roman); жиегі: жоғарғысы мен төменгісі – 2 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 1,5 см.
Сурет сапасына қойылатын талап – жоғары сапалы, 1–2 MB.
Редакцияның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, ул. Бейбітшілік к-сі, 11, 108 каб.
Тел./факс: 8 (7172) 75-12-13, 75-12-65, 75-28-62.
Е-mail: miras2007@mail.ru, miras-museum@yandex.ru

 

«МИРАС» № 1 (17) / 2011 ж.

«МИРАС» № 2 (18) / 2011 ж.

«МИРАС» № 3 (19) / 2011 ж.

«МИРАС» № 4 (20) / 2011 ж.