2014 ж.

      2014 жылдың 4 наурызында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде ұлы украин ақыны Тарас Шевченконың 200 жылдық мерейтойы қарсаңында Украина және Франция елшіліктерінің өкілдері: Қазақстандағы Украина елшілігінің хатшысы – П.В. Токарев және Қазақстандағы Франция елшілігінің атташесі А. Кулаксезияннің қатысуымен музейлік кездесу сабағы өткізілді.

      Кездесу қатысушыларды украин халқының ұлы перзенті Тарас Шевченконың көркем сөзі және бейнелеу өнері әлемімен таныстыратын әдеби-музыкалық композициямен ашылды.
      Қазақстанда ұлы Кобзарьдің өміріндегі ең қиын – он жыл жер аудару кезеңі өтті. 1847-1857 жж. кезеңінде Т.Г. Шевченко жаңа өлеңдер топтамасын жарыққа шығарады, поэмаларды ойға салып, екі жүзден астам Қазақстан туралы картиналары бар бейнелеу шығармаларын дүниеге әкеледі. Қазақ халқының өмірін суреттеуі ақынның лирикасында маңызды орын алады. Бұл 1939 жылы «Тарас» шығармасын жазған ақын Жамбыл Жабаевтың өнерінде елес табады. Онда Кобзарь бейнесі қазақ пен украин халықтарының бауырластығы мен бірлігінің символы ретінде баяндалған.

      Т.Г. Шевченко украин әдебиеті мен тілінің дамуына тың жол ашты, ал оның суретші және нақышшы ретіндегі шығармашылығы украин халқының ғана емес, әлемдік өнердің үздік құбылысына айналды.

      Жаңа кезең бастауында Т.Г. Шевченконың украин халқы үшін де, дүниежүзілік мәдениет үшін де шығармашылығының маңыздылығы сезіледі.


      2014 жылдың 20 мамырында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Х. Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты және № 31 мектеп-гимназия оқушыларының қатысуымен 2012 жылғы Олимпиадалық ойындардың чемпионы Серік Сәпиевпен кездесу өткізілді.

      Серік Сәпиев – Қазақстанның атақты боксшыларының бірі: 2005 және 2007 жж. әлем чемпионы, 2007 және 2009 жж. Азия чемпионы, 2010 ж. Азиялық ойындардың чемпионы, 2012 ж. Олимпиадалық ойындардың чемпионы, 1936 жылдан бері дәстүрлі түрде Олимпиадалық ойындардың техникасы мол боксшысына табыс етілетін Вэл Баркер Кубогінің иегері.

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі өзінің білім беру қызметінде жоғары өнегелік құндылықтарға бағытталған үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу міндетін қойған. Патриотизмді қалыптастыратын факторлардың бірі қазақстандықтардың спорттық жеңістері болып табылады. Олимпиадалық табыстар адамды жігерлендіріп, олардың жүрегін мақтаныш сезіміне бөлейді. Әрдайым біздің ұлттық туымыз көтерілгенде, мемлекеттік әнұран шырқалғанда  Қазақстанның әрбір азаматы өзінің Отаны үшін, отандастарының жетістіктері үшін мақтанышты сезінеді.

      Әлемдік спорттық жетістіктер – бұл елдің ең үздік ұсынылуы. Дене шынықтыру және спорт ұлт денсаулығының кепілі – жемісті болашақтың негізі. Осыған орай, Елбасы: «ХХI ғасырда қазақстандықтар ұзақ өмір сүруші мемлекетке айналуы тиіс. Бұған біздің барлық экономикалық саясатымыз бағытталған. Салауатты өмір салты дені сау ұлттың кілті болып табылады», – атап айтады.
      Кездесу барысында оқушылар диалогқа белсенді қатыса отырып, қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Олимпиадалық ойындардың чемпионы Серік Сәпиевтен қолтаңбасын алумен қатар, естелікке суретке түсу мүмкіндігіне ие болды.