2012 ж.

     2012 жылдың 10 қазанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Көркемөнер академиясының академигі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, белгілі қазақстандық суретші-реставратор Қырым Алтынбековпен кездесу өткізілді.

      Білім бағдарламасының жобаларын жүзеге асыру барысында Музейдің мәдени-білім қызметі бойынша серіктестерімен: балабақшалармен, жалпы білім беретін және арнайы мектептермен, колледждермен, жоо-мен, мемлекеттік мекемелермен және МЕК орнықты қарым-қатынас іске асырылып жатыр. «Тарих және мәдениет» жобасы аясында ұйымдастырылған кездесу қоғамды тарихи түсіністік пен мәдениетке тәрбиелеу мәселелеріне арналды.
Кездесуге қатысушылар Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы туралы бастамасы мәдени мұрамыздың негізгі мәселелеріне назар аударуға мүмкіндік туғызатындығын атап өтті, біздің еліміздің тарихты зерттеу жолындағы еңбегі әлемдік өркениетті мол қазына қорымен байытты.
     Қырым Алтынбеков – «Қырым аралы» ғылыми-реставрациялық лабораториясының жетекшісі, патенттелген бірнеше реставрация әдістерінің авторы. Ғалым өз өмірін ежелгі мәдениет пен халықтың бай тарихының бар екендігін дәлелдеуге арнады. Қырым Алтынбековтың дарыны мен күш-қуатының арқасында өткен ірі оқиғаларды заттық тұрғыда дәлелдеу жоғары мәдени құндылыққа ие, бұл халыққа елінің ежелгі мәдениеті туралы білім деңгейін көтеруге көмектеседі.
    Кездесу қатысушылары – Астана қ. Білім басқармасының өкілдері, елордалық мектептердің тарих пәні мұғалімдері, ҚР ТПМ жанындағы Педагогтар кеңесінің мүшелері суретшімен кездесуді ұйымдастырғаны үшін Музей қызметкерлеріне алғыс білдірді. Педагогтардың айтуы бойынша, еліміздің ежелгі тарихы кезеңінде Қазақстан, Монғолия, Ресей территорияларында жүргізілген археологиялық қазындылар туралы жаңа және қажетті мәліметтер тарих пәндерінде қолдану үшін өте қажетті ақпараттар болып табылады.


      2012 жылдың 11 сәуірінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде жапондық «AMBITIOUS» Тәуелсіз Өмір Орталығының директоры Осанай Митикомен (Саппоро қ., Жапония) кездесу өткізілді.

    Кездесу Музей мен «Астана қ. Мүгедек балалар қоғамы» ҚБ жылдар бойы ынтымақтастығының аясында ұйымдастырылды. Осанай Митико – БСА 1-топ мүгедегі, осыған қарамастан, ол Саппоро қаласында және басқа да қалаларда мүмкіндігі шектеулі адамдарға белсенді көмек көрсетеді.
Осанай Митиконың айтуынша, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейіндегі мүмкіндігі шектеулі келушілерге жасалған мақсаттық бағдарлама «ерекше» балалар мен ересек келушілер санатымен жұмыс жасау түрі ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Жапониядан келген қонақ қазақстандықтардың қонақтарды қарсы алу кішіпейілділігін атап өтті.
Кездесу барысында Осанай Митико қатысушылардың сауалдарына жауап бере отырып, өзінің жетістіктерін бөлісті. 1974 жылы ол мунипициалды орта мектеп-интернатын бітірді. «Ваши руки – моя опора», «Подмигивание с коляски» секілді 10-ға жуық кітаптың авторы. 1977 жылы серіктесі К. Савагутимен «Земляника» мүмкіндігі шектеулі адамдар қоғамын құрды.