2011 ж.

      2011 жылдың 21 сәуірінде Музейдің баспасөз залында мектеп түлектерінің Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің ректоратымен кездесу өткізілді.

     Мемлекет басшысының «Интеллектуалды ұлт-2020» жобасын басшылыққа ала отырып, Музей педагогикасы орталығы білім беру қызметінде қоғамның рухани және әлеуметтік дамуына белсенді түрде қатысуға, мамандығын саналы түрде таңдауға қабілетті, жоғары өнегелік құндылықтарға бағытталған интеллектуалды тұлғаны тәрбиелеу міндетін басты мақсат етіп қойған.

     Тәуелсіздік жылдарында қазіргі жастардың әлемдік білім қазынасынан сусындауына және алған тәжірибелерін бәсекеге қабілетті білім, ғылым, экономикада мықты мемлекет құру жолында қолдануға ерекше жағдай жасалды. Отандық озық жоғары оқу орындары кәсіби кадрларды даярлау үшін инновациялық бағыттарды жасап шығарды. Олардың қатарында Қазақ экономика, қаржы және сауда университеті де бар. Ол бүгінде еліміздегі жоғары оқу орындарының арасында танымал ғана емес, білім беру кеңістігінде де бәсекеге қабілетті.
      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қабырғасындағы мұндай іс-шаралар қазақстандық білім беру брэндін насихаттау мен дамытуға ықпалын тигізеді.

     Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің ректоратымен кездесуге Астана қаласының таңдаулы мектеп түлектерімен қатар болашақтарын экономикалық мамандықтармен байланыстыратын Сауда-экономикалық, Экономика-заң колледждерінің студенттері шақырылды. Ресми танысу бөлімінен кейін, диалог түрінде жалғасқан кездесуде болашақ талапкерлер сұрақтарына толыққанды ақпарат ала алды.

     Кездесу қатысушылары – Астана қ. Білім басқарамасының қызметкерлері, тарих мұғалімдері, Астана қ. жалпы білім беретін мектептерінің педагогтары, «Болашақ энергиясы» ғылыми жобаларының оқушы-авторлары ерекше оқиғаны дайындау мен өткізу бойынша мәселелеріне қатысты өздерін толғандыратын сауалдарға білікті жауап алғандары үшін қонаққа зор алғыстарын білдірді.