2010 ж.

      2010 жылдың 22 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде «Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Н. Ә. Назарбаевтың саяси бастамалары» Білім бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет министрі, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедтің қатысуымен «Мәдени мұра – жас ұрпақ игілігі» тақырыбында музейлік кездесу-сабақ өткізілді.

     Кездесуді дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебі, № 60 мектеп-лицейі, № 40 орта мектебі, № 2 балалар музыка мектебі оқушыларының қатысуымен, ҚР Тұңғыш Президенті Музейі ұйымдастырды. Мерекелік іс-шараға Астана қаласы Білім басқармасының қызметкерлері, ҚР Тұңғыш Президенті Музейі жанындағы Педагогтар кеңесінің мүшелері, астаналық мектеп ұстаздары мен оқушылары шақырылды.

     Бұл кездесу Мемлекет басшысының мынадай міндеттерді көтергендігімен маңызды: «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың осы кезеңінде мәдени-білім беру мекемелері тарихи-мәдени мұраларымыздың қоғамдық білім беру және бұқаралық ақпарат саласына еніп, қазақстандықтардың күнделікті дүниетанымының элементіне айналуы үшін барлық күш-жігерлерін жұмсауға тиіс...». Жаңа әрі жүйеге түскен білім жүзеге асып жатқан бағдарламаның нәтижесі бойынша ғылыми-педагогикалық айналымға түсіп, оқулықтарға енгізілгені маңызды болып табылады».

  Мектеп оқушылары «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының жетістіктері мен дамуындағы жүзеге асып жатқан мәселелермен танысуға мүмкіндіктері зор болды. Жас зерттеушілер жоғары дәрежелі қонаққа арнайы мәдени мұра тарихының аясында өздерінің жобаларын дайындады. 

     М. Құл-Мұхаммед мектеп оқушыларының жобаларын жоғары бағалап қана қойған жоқ, сонымен қатар зерттеу жұмыстарына ұсыныстар бере отырып, кездесу қатысушыларының сауалдарына жауап берді. Кездесу-сабағының қызықтығы сонша 45 минутқа шақталған сабақ 2 сағатқа созылды.


«Дүниежүзінде Герман Армиясын күйретіп талқандаған, Кеңес Армиясындай құдіретті күш болған емес»


У. Черчилль, Ұлыбритания премьер-министрі.

      2010 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Тарих беттері» Білім беру жобасы аясында № 2 Ғафу Қайырбеков атындағы мектеп-гимназия оқушыларының Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу-сабағы өтті. Ұлы Жеңістің мерейтойы қарсаңында өткізілген «Ұлы Жеңістің 65-жылдығына арнаймыз!» атты тарихи қойылым өскелең ұрпақтың сонау сұрапыл соғыста аталарымыз бен бабаларымыздың еліміз бен жерімізді жаудан азат еткен ерен ерліктеріне көрсетілген құрмет пен тағзым.

      Мектеп оқушыларының әдеби-музыкалық композициясы арқылы соғыс жылдарындағы ауыр күндер көрсетілді: соғыстың басталғандығы, 1941 жылғы мектеп-түлектері, ер азаматтарды соғысқа аттанандыру. Бұл көріністер қонақтардың көңілдеріне әсер етіп, еріксіз көздеріне жас келтірді.

     Кездесу барысында жауынгерлердің қаһармандығы мен өжеттілігі жайында баяндайтын тарихи құжаттар да көрсетілді. Мәселен, 1941 жылдың 20 шілдесінде Брест бекінісіне белгісіз жауынгердің: «Мен өлсем де шегінбеймін! Қош бол, Отаным!» - деп қалдырған ерлік құшқан сөздері болашақ ұрпаққа Отанға деген жанқиярлығын сездіреді. Мәскеуді, Сталинградты және Ленинградты қоршаудан азат еткен батырлар ерлігі майданның қаһармандық шежіресінде қалары сөзсіз. Бұл ұрыстарда қазақстандық жауынгерлердің де ерліктері жеңіске толы. Есімдері аңызға айналған 28 батыр-панфиловшылардың қаһармандықтары халық жадында алтын әріппен қалдырылды.
      Барша қазақ халқының сезімі мен толғанысын жырлайтын Жамбылдың «Ленинградтық өренім» атты өлеңі Ленинградты жаудан қорғаушылар үшін өзіндік гимнге айналды.
      Қазақстандықтардың тәуелсіздік пен бостандық үшін Сталинград түбіндегі шайқаста көрсеткен ерліктері 1945 жылдың мамырында Берлиндегі жеңіспен аяқталды.
      Кеңес Одағының батырлары, Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рақымжан Қошқарбаев сынды рейхстагқа жеңіс туын желбіреткен батыр ұлдары мен қыздарын қазақ халқының мәңгілік жадында қалары хақ.
      Іс-шараның соңында ардагерлерге естелік сыйлықтар беріліп, кездесу сабағы «Жеңіс күні» әнімен аяқталды.


     2010 жылдың 23 сәуірінде сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Тарих беттері» Білім беру жобасы аясында Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында «Жеңіс даңқы ұрпақтар

      Музей сабақтары жастар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға жәрдемдеседі. Музейде сабаққа дайындалу барысында Отандық тарих бойынша алған білім мектеп оқушысының тебіренісі мен көңіл-күйі арқылы айрықша өзіндік мәнге ие болды. Мұндай сабақтардағы оқу үдерісі балалардың жүрегінде ұмытылмас әсер қалдыра отырып, қызықты әрі жанды, қызу түрде өтті.
      1945 жылдың 9 мамыры адамзат тарихына жау тегеурініне ерлікпен төтеп берген халқымыздың қайсар рухының салтанат құрған күні болып енді. Уақыт еркіңе бағынбайды. Біздің аталарымыз бен бабаларымыздың ұлы ерлігінің дәуірі бізден бірте-бірте жылыстап, алыстап барады. Әлемді фашистік зұлматтан құтқарушылар қатары сиреп келеді. Біз, соғыс жылдарынан кейін дүниеге келген ұрпақ, оларға мәңгі қарыздармыз. Жеңіс күні – ұрыс даласындағы сұрапыл соғысқа қатысушыларды еске алатын, аза тұтатын және алғысымызды айтатын күн. ХХ ғасырдың ең қантөгісті және сұрапыл соғысын жауынгерлердің Отанға деген сүйіспеншілігі мен отансүйгіштігінің үлгісі ретінде, ең алдымен, өскелең ұрпақ үшін есте сақтау қажет.
      №36 ОМ оқушыларымен бірлесіп дайындалған әдеби-музыкалық композицияның «Жеңіс даңқы ұрпақтардың есінде!»аталуы кездейсоқ емес.

      Кездесуді ұйымдастырушылар қымбатты қонақтар үшін соғыс жылдары оқиғаларын тырнақтап жинай жүріп сонау алыс та жақын соғыс туралы деректі әңгіме дайындаған. Әскери киім, сол жылдардың нышандары, ұрыс кезеңіндегі бейнежазбалар мен жеке фотосуреттер мереке ахуалын толықтыра түсті. Ізгілікті ұрпақтары қойған сценарий арқасында кездесуге қатысушылар әскери уақыттағы жастық шақтарымен қауышып, сол 1418 күннің тарихын қайтадан бір парақтап шықты.

      Мектеп оқушылары айбынды жауынгер-жеңімпаздардың аузынан осынау айтулы оқиға туралы көптеген жаңа әрі қызықты деректерді білу мүмкіндігіне ие болды, ардагерлерге құрмет көрсету салтанатына қатысты, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әндерді шырқады, солдат билерін биледі, құрбан болған жауынгерлерді үнсіз еске алып, тағзым етті. Авторлардың ойынша, метроном даусы азаматтың ең қасиетті борышы – сүйікті Отанының бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау кезінде «қатерлі қырықыншы жылдары» демі үзілген жауынгердің жүрек дүрсілін еске түсірді.
      Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Алайда кездесудің лейтмотиві оптимистік идеяға құрылған. Ш. Айтматовтың болашақ ұрпаққа қарата айтылған «Бір сағаттан кейін мен Отанымның тапсырмасын орындауға барамын. Тірі оралуым екіталай. Мен шабуылда өзімнің көптеген жолдастарымның өмірін сақтауға бара жатырмын» деген жолдауы өзін құрбандыққа шалу арқылы емес, ерлікпен және ерік-жігермен орындалды.
      Әрбір ардагерге және оған теңестірілген адамдарға тиісті қамқорлық көрсетудегі азаматтық парыз туралы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған. Мектеп оқушылары аталар мен бабалар дәстүріне берік Отанымыздың адал ұлдары болатынына ант етті. Бозбалалар гүш шоқтарын ұсынғанда ардагерлердің жүздері шуақ шаша күлімдеді. Балалардың бәрін де шын ниетімен орындағаны байқалып тұрды. Мұндай керемет көңіл-күйге бөлеу оңай емес, ол он еселеніп қайтары сөзсіз.

      Жер бетіндегі өмір үшін музейлік кездесу-сабақтың қаһармандары, Отанымыздың айбынды қорғаушылары, Қазақстан елшілері де шайқасты. Олар өз жүрегінің қалауымен өлімнің жүзіне бетпе-бет батыл қарап тұрып соғысты.
      Кездесуден естелік ретінде әрбір қонаққа «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі» аьбом кітабы тапсырылды. Ардагерлерді Ұлы Отан соғысының 65 жылдығымен астаналық Білім беру басқармасының бастығы Ә.Т.Бимендина, қалалық Мәслихаттың депутаты В.Ш.Шақшақбаев, Астана қаласы «Нұр Отан» ХДП Сарыарқа филиалы төрағасының бірінші орынбасары В.А.Сергеев құттықтады.

      Қонақтардың құрметіне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің, Астана қаласы Тарих музейінің қорларынан алынған экспонаттар мен құжаттар және ақмолалық майдангерлердің жеке мұрағаттарынан алынған материалдар қойылған «Жеңіс көктемі» көрмесі ұсынылды.
      Көрмені №36 ОМ оқушылары үлкен құрметпен, риясыз алғыспен және шексіз махаббатпен дайындаған жәдігерлер толықтыра түсті. Ерлікті есте сақтау мен даңқ оларға өсиет етілді. Егемен Қазақстанның шекараларына қол сұғылмаушылықты сақтай отырып, Отанға қызмет етудің даңқты дәстүрін жалғастыру – солардың еншісінде.


  2010 жылдың 17 наурызында сағат «Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә. Назарбаевтың саяси бастамалары» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі С.Ж. Жалмағамбетованың қатысуымен «Ана болып бала сүю – үлкен мақсат» тақырыбында музей сабағы өтті.

      Кездесуге «SOS Kinderdorf» балалар ауылының, кәмелетке толмағандар пансионатының тәрбиеленушілері мен қызметкерлері, №№ 2, 4, 34 мектеп-гимназияның оқушылары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитетінің, Астана қаласы Балалар құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері қатысты.
      Қатысушыларды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директоры А.С. Сағынғали мен и Астана қаласы Балалар құқықтарын қорғау департаментінің директоры Г.Х.Қошқарова құттықтады.
      Кездесуде жетім балаларға, тұрмысы төмен отбасылары мен көп балалы отбасылардың балаларына қолдау көрсету, сондай-ақ ана мен баланы қорғау мәселелері сөз болды.

      Депутат есік алдында Астана қаласы №38 «Шаттық» балабақшасы тәрбиеленушілерінің қарсы алғаны өте әсерлі көрініс болды.

      Балалар өздері сахналаған көрініс арқылы ата-ана мейірімінің бала үшін қаншалықты қажет екенін көрсетіп берді.
      Аудиториямен болған әңгімеде С.Ж. Жалмагамбетова баланы әдемі болып өсу үшін ерекше күтімді қажет ететін гүлге теңеді. Депутат отансүйгіштік, әділдік, оқуға ынталылық, парасаттылық, өзінің қадір-қасиетін жоғаы ұстау, білімсүйгіштік секілді қасиеттерді тәрбиелеудің маңыздылығын атап көрсетті.
      Балалар Светлана Жақияқызын қызығып тыңдады, мәртебелі қонаққа өмірінің барлық кезеңдеріне қатысты сұрақтарды жаудырды.

      Гендерлік саясат жүргізу аясында жетім балаларға көрсетілген қамқорлық пен ықылас үшін SOS-ана М.Т. Есенова мен Астана қаласының бірінші патронат анасы Ж. М. Бекіш айрықша алғысын білдірді.
      С неподдельным восторгом и любовью рассказывала о своей М.Т. Есенова өзінің SOS-отбасы туралы соншалықты сүйіспеншілікпен және ықыласпен әңгімеледі. Өзінің қысқаша әңгімесі арқылы қатысушылар SOS-отбасының шежіресімен танысты.
      Ж.М. Бекіштің Қанат атты ұлын бала етіп алу тарихына толқып, тебіренбеген жан қалмады.

      Кездесуге қатысушыларды Қазақ Ұлттық университетінің тәрбиеленушілері мен Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияның оқушылары әндерімен, күйлерімен көңіл сергітер билерімен қуантты.

      Кездесуге «SOS Астана балалар ауылы» мен кәмелетке толмағандар пансионаты тәрбиеленушілерінің шығармашылығынан дайындалған арнайы экспозиция қойылды.
      Бұл мекемелердің кітапханалары жаңа кітаптармен – «Алматы кітаптың» сыйлықтарымен толықты. Кішкентай Қанат та сыйлықсыз кеткен жоқ, оған да естелік сыйлықтар тапсырылды.