2009 ж.

    2009 жылдың 7 қазанда «Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә. Назарбаевтың саяси бастамалары» Білім беру бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстан Республикасындағы Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Райнер Ойген Шлагетердің қатысуымен «Ғасырларға ұласқан достық» тақырыбында музей сабағы өтті. Кездесудің бүкіл неміс халқы Германияның қосылған күнін мерекелеп жатқан кезде өткені атап айтуға тұрарлық.
      Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының арасындағы екі жақты қарым-қатынастар үдемелі және қарқынды дамуда. Германия Федеративтік Республикасы Қазақстанның егемендігін алғашқылардың бірі болып таныды. Екі елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың 11 ақпанда орнатылды.

     Германиядағы Қазақстан жылына арналған сабақ Астана қ. «№46 балалар бақшасы-мектеп-гимназия» кешенімен» бірлесіп ұйымдастырылды. Кездесуге ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің жанындағы Педагогтер кеңесінің мүшелері, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, Білім беру басқармасы мен ОБКҚДБАИ, «Видергебурт» неміс қоғамының өкілдері, ата-аналар, мұғалімдер мен оқушылар қатысты.

     Мәртебелі қонақтың құрметіне Музей қорынан арнайы экспозиция ұйымдастырылды, онда алуан түрлі музейлік жәдігерлер – тарихи құжаттар, мұрағат материалдары, материалдық және рухани мәдениет бұйымдары, хаттар мен жеделхаттар, Мемлекет басшысына әр жылдары Германиядан келген делегация өкілдері тарту еткен сыйлықтар қойылған. Президенттің жеке мұрағатынан алынған құжаттар екі ел арасында орнатылған дипломатиялық байланыстар куәсі болып табылады:

  •      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Германияның Экономика министрімен кездесуінің стенограммасы (1992 ж.).
  •      Қазақстан-Германия қарым-қатынастарының келешегі мен динамикасы туралы Н.Назарбаевтың Германияның бұрынғы канцлері Г.Шредермен бірлесіп сөйлеген сөзі.

     Сабақ Қазақстан халықтарының рухани байлығының саналуан қырларын жинақтаған қазақстандық мәдени саналуандықтың тек кішкене ғана бөлігін көрсетті. Қазақ және неміс халықтарының достығын ғасырлар қойнауынан келе жатқан мәдени, экономикалық және саяси байланыстар жалғап келеді. Қазақстан басына ауыртпашылық түскен кезде көптеген неміс этносы үшін екінші Отанға айналды. Мектеп оқушылары 1941 жылы Қазақстанға қоныс аударған неміс халқының тарихынан құжаттарға негізделіп қойылған қазақ халқының қонақжайлығы мен көңілінің кеңдігін көрсететін әсерлі театрландырылған этюдті аса жылылықпен көрсетті.
      «Мен бүгін тамашалаған көріністерге қарап, бұл оқиғалардың тек немістер үшін ғана емес, қазақстандықтар үшін де соншалықты маңызды екенін түсіндім, қатты тебіреніс үстінде өзімнің шынайы алғысымды білдіргім келеді. Бүгін керемет естеліктер айтылды, халықтарымыздың арасындағы достықты дәлелдейтін жағдайлар көрсетілді. Біздің мемлекеттеріміздің арасында тығыз ынтымақтастық орнатылған. Біз дос халықтармыз, бұл достықтың бүгін көрсетілгендей, тарихи себептері бар, - деп, өткізілген іс-шара туралы дипломатиялық миссияның басшысы Райнер Ойген Шлагетер ой бөлісті.

     Астана қ. «№46 балалар бақшасы-мектеп-гимназия» кешені» (директоры - Приваленко Р.Ф.), тәрбиеленушілері мәртебелі қонақпен неміс тілінде пікірлесе отырып, Мемлекет басшысының тілдердің 3 тұғырлығы туралы бастамасының іс жүзіне асып жатқандығын жарқыратып көрсете білді, ол туралы өз сөзінде Р.О. Шлагетер атап көрсетті. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бұрынғы ғимаратында мемлекеттік, неміс және орыс тілі тілдері үйлесе жаңғырды.
      Астана қаласы мен Ақмола облысы кездесулер орталығы желісінің үйлестірушісі С. Д. Козорезаның сөзіне қарағанда, «бүгінгі күні неміс диаспорасы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің көреген және сындарлы саясатының арқасында ірі диаспоралардың біріне айналып отыр». Шын мәнінде, халықтар достығы ісімен мықты. Кездесу соңында қалықтаған «Дружба– Freundschaft» әні осынау іс-шараның және жаңа 2010 жылы болатын Германияның Қазақстандағы жылының негізгі қазығына айналды.