2006 ж.

      2006 жылғы 3 наурызда Музейде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың № 8 Днепродзержинск кәсіптік-техникалық училищеде бірге оқыған досы, қазіргі кезде «Оберег» украина ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Н.И. Литошконың қатысуымен «Қос мәдениет, екі халық, екі ел диалогы» сабағы өтті. Кездесуге № 47 украин және № 37 қазақ мектептерінің оқушылары қатысты. Сабақ барысында оқушылар екі елдің салт-дәстүрлерімен және әдет-ғұрыптарымен танысты, екі елдің тарихы мен мәдениеті жөнінде ақпарат алды. Н.И.Литошконың Қазақстан Республикасының болашақ Президенті Н.Ә.Назарбаевпен бірге өткен оқу жылдары туралы айтқан әңгімесі сабақтың аса қызықты сәттерінің бірі болды.


      2006 жылғы 10 наурызда қала оқушылары Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген сәулетшісі Ж.Мәлібековпен және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тарихи-мәдени мұралар департаментінің директоры, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» монографиясының авторы Е.Шаймерденовпен кездесті. «Елдіктің жүгін көтерген» деп аталған сабақ кезінде балалар мемлекеттік рәміздерді Алматыдан Астанаға көшіру туралы әңгімелеген белгілі тұлғалармен қарым-қатынас жасауға, бейнефильм көруге мүмкіндік алды. Ж.Мәлібеков және Е.Шаймерденов мемлекеттік елтаңбаның қалай жасалғандығын, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік рәміздерді жасауда қалай атсалысқандығын егжей-тегжейлі айтып берді.


     2006 жылғы 12 сәуірде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сыныптасы Сәдуақас Есенбековтің қатысуымен «Ғасыр ширегі – бүгінгі ұрпақ» атты сабақ өткізілді. Кездесуге қатысқан №38 орта мектеп оқушыларын Мемлекет басшысының мектеп жылдарындағы тұлғалық қалыптасумен бйланысты сұрақтар қызықтырды. Балалар сол жылдардың әндерін шырқады. Қонақ өзінің балалық шағындағы кино және әдебиет қаһармандарының қандай болғандығы туралы ой бөлісті.


     2006 жылғы 7 желтоқсанда 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына бағышталған, егемен Қазақстан тарихының есептік нүктесіне айналған «Тәуелсіздік жаршысы» атты музей сабағы өткізілді. 1986 жылғы желтоқсандағы трагедиялық күндер туралы астаналық оқушыларға осы оқиғаға қатысқан ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Нұртай Салихұлы Сәбильянов әңгімеледі. Қатысушылармен кездесу аясында жастардың желтоқсан оқиғасына қатысуының мәні және қайнар көздері туралы қайтадан ой елегінен өткізіліп, тың ойлар айтылды. Кездесуге тәуелсіз Қазақстанның құрдастары қатысты: «Жас ұлан» республикалық мектебінің оқушылары, №4, №10 орта мектеп оқушылары, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде өткізілген музей сабақтарының, дәрістерінің, арт және мастер-кластардың тұрақты қатысушыларына айналған Астана қаласы Балабақшасының балалары қатысты.