Материалдық мәдениет бұйымдары коллекциясы

         Материалдық мәдениет бұйымдар коллекциясы келесі топтарға бөлінеді: тұрмыстық заттар, жиһаз, макеттер, приборлар, аппаратура, спортттық инвентарь, өнеркәсіп өнімдерінің үлгілері, кәдесыйлар, жазу құралдары.
Жүрдек пойыз макеті. Пластик. ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасының оранбасары Ван Цзишаньнан.

 

Шахмат. Ағаш, алтын. Қолөнер. Армения Президенті С.Саргсяннан.

«Бородино шайқасы» шахматы
Беларусь Республикасының Президенті А.Г.Лукашенкодан.
Фарфор; әшекей, алтындау
Қазақстан Президенті Н.Назарбаевты ұлықтау сәті. 11.01.2006 ж.
 

Тұңғыш ұшқыш-ғарышкер Т.О. Әубәкіровтың қолғабы.
Тері, резеңке, пластик
04.11.1994 ж.
 
Ұлттық стадион макеті (Құс ұясы).
ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мүшесі Тан Цзясюаннан. 04.01.2008 ж.
Боксшы қолғабы. Екі мәрте әлем чемпионы С. Сапиевтен. 27.12.2007 ж.
Қобыз – қазақ халқының музыкалық аспабы.
Вьетнам қызыл ағашы, аттың қылы, металл, былғары; оймыш
ҚР Білім және ғылым министрлігі Аэроғарыш агенттігінен. Қызылорда
облысы Байқоңыр қаласы. 02.06.2005 ж.
 
Камин сағаты. Беларусь Республикасының Президенті А.Г.Лукашенкодан.
Қола, құйма, эмаль
2005 ж. 18 мамырда Қазақстанға ресми сапармен келуі.
 
«Лира» камин сағаты. Ресей Президенті В.Путиннен.
Қола, мәрмәр, құйма
Мәскеудегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық
кеңесінің кезекті отырысы 13.05.2002 ж.
 
Шахмат. Ақ және сары түсті металл, ағаш, тас. 35 х 35 см.
РФ Сыртқы істер Министрлігінен.

26.11.2013. Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ президенті А. Маминді қабылдады. А.Мамин компанияның 2016 жылға қарай Қазақстанның өңірлік көлік-логистика хабы ретінде қалыптасуына бағытталған қызметі жөнінде хабардар етті.

Мемлекет басшысы 2014 жылы пайдалануға беру жоспарланған Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл  жаңа теміржол желілерін іске қосудың маңыздылығын атап өтті. Олар Шығыс – Батыс және Солтүстік – Оңтүстік бағыттарындағы халықаралық көлік дәліздерін үйлестіруді оңтайландырып, Достық – Ақтау бағытындағы арақашықтықты 748 шақырымға қысқартуға тиіс.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

Сағат-Паровоз. Мәрмәр, қола. Шағын сериялық шығарылым. Биіктігі - 36 см. «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-нан. 2013 ж.

14.05.2013 ж. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Индия Сыртқы істер министрі Салман Хуршидпен кездесті.

Шамдалдар. Мәрмәр. Индия Сыртқы істер министрі Салман Хуршидтен.

23.05.2013 ж. Мемлекет басшысы Н.Ә.  Назарбаев VI Астана экономикалық форумына қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзінде форумға қатысушылардың талқылауына шығарылған өзекті проблемаларға қатысты өз көзқарасын білдірді. Сонымен қатар, форумда БҰҰ Бас Ассамблеясы 67-ші сессиясының төрағасы В. Еремич, бұрынғы югославия Македония Республикасының премьер-министрі Н. Груевский сөз сөйледі және БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның үндеуін БҰҰ Бас хатшысының экономика және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары У. Хунбо оқып берді.

Музыкалық аспап. Македония Премьер-Министрі Н. Груевскийдан.

05.12.2013 ж. ACS компаниясы және «Реал Мадрид» футбол клубының президенті Флорентино Перес «Саньтяго Бернабеу» (Мадрид) стадионының макетін сыйға тарту етті.

Кәдесый. «Саньтяго Бернабеу» (Мадрид) стадионының макеті. Ағаш, металл. ACS компаниясы және «Реал Мадрид» футбол клубының президенті Флорентино Перес мырзадан. Испания. 05.12.2013 ж.

Декоративті айна. Металл. Шекіме.
«Боробудур» буддистік храмының макеті. 925 сынамалы күміс. Индонезия Республикасының Президенті Сусило Бамбанг Юдойонодан.