"Президенттік институттың қазақстандық моделі"

Жұмыс кабинеті. "Президенттік институттың қазақстандық моделі" экспозициясы

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жұмыс кабинетінде еліміздегі Президенттік институттың атрибуттарымен таныстыратын тұрақты көрме орналастырылған.
     Мемлекет басшысының кабинеті өзінің бастапқы қалпында сақталған. Жазу құралдары, ішінде жазбалар қалдырылып, белгілер қойылған қойын дәптер, сөйлеген сөздерінің тезистері мен үстел үстіндегі құжаттар Президенттің жұмыс күндерінің ахуалын жаңғыртып тұр. Келіссөздер үстелінің басында Әкімшіліктің жауапты қызметкерлерімен, Үкімет мүшелерімен, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерімен қызмет бабындағы кеңестер өткізілген. Залға қойылған суреттерде кейбір маңызды кездесулер бейнеленген.