Шетелдік ұйымдар мен дипломатиялық өкілдіктер

1. Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Елшілігі

Үндістан Республикасымен дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 23 ақпанынан бастап орнады. 1993 ж. қазанында Алматыда (2007 ж. қарашасында Астанаға көшірілді) Үндістан Республикасының Елшілігі ашылды.

Бірлескен көрмелер өткізілді: «Үнді шеберлігінің әдемілігі» (29 – 30.04.2008); «Мәңгілік өнер. Амрита Шер-Гилдің қайта оралуы» (6.11. - 6.12.2008); «Кальпана – Үндістанның қазіргі заманғы кескіндеме жауһары» (19.01. – 19.02.2010); «Батқан күннің бояулары» (10.06. - 10.07.2011).

2. Қазақстан Республикасындағы Венгрия Республикасының Елшілігі

Венрия Республикасымен дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 23 наурызында орнады. 1993 ж. наурызында ҚР Венгрияның Елшілігі ашылды.

Венрияның Еуроодақтағы төрағалығына және Ференца Листтің 200 жылдық мерейтойын тойлауға арналған бірлескен «Венгерлік рапсодиялар» музыкалық кеші өткізілді (28.02.2011).
 
 

3. Қазақстан Республикасындағы Германия Федеративтік Республикасының Елшілігі
Германия Федеративтік Республикасымен дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 11 ақпанында орнады. 1992 ж. желтоқсанында Алматыда ГФР-дің Елшілігі ашылды.
Бірлескен іс-шаралар өткізілді: «Германия Қазақстанда 2010» жылының шаралары аясында Германия археологиялық институттың фотокөрмесі (22.10 – 5.11.2010);
Қазақстан Республикасындағы Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Райнер Ойген Шлагетердің қатысуымен «Ғасырларға ұласқан достық» музейлік сабағы (7.10.2009).
 

4. Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының Елшілігі

Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасының арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 6 сәуірінде орнады. 1994 ж. 20 наурызында Алматы қ. Польшаның Елшілігі ашылды.

Бірлескен іс-шаралар өткізілді: «Ынтымақтастық пен өзара түсіністік жолында» (12 – 20.04.2012), «Заманауи поляк графикасы» (8.10. – 8.12.2011), «Ұлы дала бейнесі...» (10.12.2009 – 10.01.2010) көрмелері; «Шопенге арнау» музыкалық кеші (28.10 – 5.11.2010).
 
 

5. Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Елшілігі

1992 ж. 22 қазанында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасында дипломатиялық қатынастар орнады. 1992 ж. Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының Елшілігі ашылды.

Адамзаттың алғашқы рет ғарышқа ұшқанына 50 жыл толуына орай «Жұлдыздарға жол тарту» көрмесін өткізуде көмек көрсетілді (25.03 – 25.04.2011).         

6. Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының Елшілігі

1991 ж. 26 желтоқсанында дипломатиялық қатынастар орнады. 1992 ж. 15 қыркүйегінде – Қазақстан Республикасында АҚШ Елшілігі ашылды.

Бірлескен іс-шаралар өткізілді: «Шетелде білім алу» халықаралық жәрмеңкесі (27.03.2010); ҚР АҚШ Елшісі Д. Ордвейдің волонтерлік жобалар байқауының жеңімпаз оқушыларына сыйлықтарды табыстауы (6.05.2011).

7. Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігі

Дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 26 қаңтарында орнады. Жапония Елшілігі 1993 ж. Алматыда (2005 ж. қаңтарынан бастап Астанаға көшірілді) ашылды.

         Бірлескен іс-шаралар өткізілді: «Жапония қуыршақтары» (16.05. – 5.06.2011), «Жапонияның сәндік-қолданбалы өнері» (12 – 25.02.2009) көрмелері; жапондық көркем жазудың сабағы (24.02.2009).

8. Қазақстан Республикасындағы Әзірбайжан Республикасының Елшілігі
Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 27 тамызынан бастап орнады.
Белгілі саяси және мемлекеттік қайраткер Гейдар Әлиевтың 85 жылдығына арналған бірлескен конференция өткізілді (10.05.2008).

 

 


9. Қазақстан Республикасындағы ЕҚЫҰ орталығы
Қазақстан 1992 ж. 30 қаңтарында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше болды. 1999 ж. Алматыда (2007 ж. – Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы) ЕҚЫҰ орталығы ашылды.
«ЕҚЫҰ – үнқатысу форумы» бірлескен көрмесі өткізілді (18.06.2008).
 

 10. Қазақстандағы Еуропалық Одақтың өкілдігі

ЕО-Қазақстан екіжақты қарым-қатынасы Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісіммен реттеледі. Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге алғашқы рет 1995 жылы қол қойылды және 1999 жылы күшіне енді. Еуропалық комиссияның ұйымдастыруымен гендерлік теңдік тақырыбында дүниежүзілік конкурс аясында балалар жұмыстары көрмесінің ашылу салтанаты (17.05.2010), (19.05.2011).


11. Ш. Марджани атындағы (Ресей Федерациясы) ғылыми және мәдени бағдарламаларды қолдау қоры
Ш. Марджани атындағы (Ресей Федерациясы) ғылыми және мәдени бағдарламаларды қолдау қоры 2006 ж. құрылды.
Бірлескен көрмелер өткізілді: «Мұсылман әлемінің бейнелері» 10.09. – 5.09.2010); «Балалар ертегіні суреттейді» (30.06. – 31.07.2009).

12. Б.Н. Ельциннің президенттік орталығы (Ресей Федерациясы)

«Б.Н. Ельциннің президенттік орталығы» қоры 2008 ж. құрылды. «Борис Ельцин және оның кезеңі» бірлескен көрме өткізілді (8.06. – 27.09.2012).

 

13. «Исаакиевский собор» мемлекеттік музей-ескерткіші, Санкт-Петербург қ., РФ.

Музейдің-ескерткішінің тарихы 1928 жылдан басталады. Ынтымақтастық туралы меморандум 2014 жылдың 26 тамызында бекітілді. Бірлесіп өткізілген іс-шаралар: халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар: «Мәдени-білім беру ортасы. Субъектілер әрекеттесуінің заманауи технологиялары» (Санкт-Петербург, 10.12.2014); «Қазіргі қоғамдағы Музей. Жаңа даму жолдарын іздестіру»  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (Астана, 25.08.2014); «Серіктестер шоқжұлдызы» музейлік форумы (Астана, 25.08.2014); «Жаңа  Қазақстан жаңа әлемде» көшпелі көрмесі (Санкт-Петербург, 24.06.2015).


14. Ресейлік этнографиялық музей, Санкт-Петербург қ., РФ.

Музейдің іргетасы 1895 жылы қаланған. Бірлесіп өткізілген іс-шаралар: «Бұқара әмірлігінің әкімшілік элитасының мәдениеті» көрмесі (Астана, 03.10.2014).


15. Ресей саяси тарихының мемлекеттік Музейі.

Музей 1919 жылы құрылған. Бірлесіп өткізілген іс-шаралар: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің құрылғанына 5 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы музей: Ғылым. Дәстүрлер. Инновациялар» ғылыми-практикалық конференциясы (24.09.2009).