Экспозиция

       Музей экспозициялары егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының маңызды кезеңдеріне арналған, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметі туралы әңгімелейді:

  • «Тәуелсіз Қазақстан» (1985-1991жж.)
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері»
  • «Атамекен»
  • «Президенттік институттың қазақстандық моделі»
  • «Қазақстан Республикасы: мемлекеттің қалыптасуы мен даму стратегиясының айқындалуы»
  • «Қазақстан және әлемдік қоғамдастық»
  • «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі»
  • «Н.Ә.Назарбаев еңбегінің қоғамға танылуы»
  • «Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі»
  • «Қарулар коллекциясы»
  • «Қазақстан Республикасы Президентіне тарту етілген сыйлықтар» тақырыптық экспозицияларына мұрағат материалдары, кино- және фотоқұжаттар, кітаптар, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындылары, Мемлекет басшысына берілген наградалардың бірегей коллекциялары, қарулар, Н.Ә.Назарбаевтың жеке бұйымдары мен құжаттары қойылған.

 

Музейге хош келдіңіздер!