2011 ж.

5 желтоқсан – 8 желтоқсан 2011 ж.

      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, «Балалық шақтан көзқарас» атты балалар жобасы аясында ұйымдастырылған «Мәдени мұра – балаларға. Ұрпақтар сабақтастығы» атты көрме.
      Алғаш ашылған күннен бастап, Музей мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға қолдау көрсетуді қызметінің маңызды бағыты ретінде қарастырады.
      Көрменің бастамашысы 2008 жылы қалыптасқан, еншісінде бірқатар әлеуметтік жобалары бар «ЖасНұр» кереңдер Ассоциациясы қоғамдық бірлестігі болды. Бұл жоба «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры» ҚҚ-ның қайырымдылық қолдауымен жүзеге асты.
      Көрме қонақтары сәндік-қолданбалы өнер үйірмесі тәрбиеленушілерінің керемет жұмыстарын тамашалап, шынайы бағалауға мүмкіндік алды.



8 қараша – 8 желтоқсан 2011 ж.

      Қазақстан Республикасындағы Польша елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған «Мәдениет арқылы үндестік» халықаралық жобасының аясындағы «Заманауи поляк графикасы» атты көрмесі.
      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Музейіндегі Үлкен банкет залында Польша Республикасының Еуропалық Одақта төрағалық ету жылына орай ұйымдастырылған «Заманауи поляк графикасы» атты көрме өткізілді. Көрменің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Музейінің директоры Алма Сағынғали, Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасы елшілігінің Төтенше және Өкілетті елшісі Яцек Ключковски, Гданьск қаласындағы бейнелеу өнері Академиясының профессоры Януш Акерманн сөз сөйледі.
      Көрменің қонақтары 17 белгілі поляк суретшілері: Вальдемар Маршалек, Мирослав Павловски, Януш Акерман, Збигнев Лютомски, Иоанна Пех, Дариуш Каца, Збигнев Пурчиньски, Доминка Садовска, Ян Памула, Эва Завадска, Анджей Калина, Теодор Дурски, Анджей Бобровски, Богумила Пренговска, Хенрык Ожуг, Адам Романюк және Эрик Маенның суреттерін тамашалауға мүмкіндік алды.



20 қыркүйек – 2 қазан 2011 ж.

      Солтүстік Қазақстан облысы тарихи-өлкетану мұражайлық бірлестігінің қорынан ұйымдастырылған «Тарих беттері» атты көрме.
      Бұл көрме «Алға ұмтылған Қазақстан» жобасының қисынды жалғасы болып саналатын, музейаралық ынтымақтастық жобасының жұмысын бастады. Көрменің ашылу рәсімінде: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директоры Алма Сағынғали, Солтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Талғат Ақылбеков, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің проректоры, профессор Зиябек Қабылдинов құттықтау сөз сөйледі. Салтанатты ашылу рәсімінің лентасын қию Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Петр Дмитриенко мен Музей директоры Алма Сағынғалиға берілді.
      ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің Үлкен Банкет залында орналасқан экспозиция XVIII ғасырдың І-жартысынан XIX ғ. аяғына дейінгі кезеңді қамтитын тарихтың күрделі кезеңін ашып көрсетті. Қазақ хандығының Ресей империясының құрамына өту процесі жайлы баяндайтын құжаттар жиынтығы, аңызға айналған тарихи тұлғалар – Әбілқайыр хан, Абылай хан, Кенесары Қасымов жайлы мәліметтер келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Көрме мәліметтері Ақмола облысының құрылу тарихы, өңірдің әкімшілік-аумақтық бөлінісі, сонымен қатар алғашқы қоныс аударушылардың өмірі мен тағдыры жайлы баяндады. Көрме материалдары Ақмола облысының құрылу тарихы, өңірдің әкімшілік-территориялық бөлінуі, сонымен қатар алғашқы қоныс аударушылардың өмірі мен тағдыры жайлы баяндады. Экспозицияның жеке бөлімдері білім жүйесінің дамуы мен өңірдегі ағартушылық мәселелеріне, сонымен қатар Есіл жағалауы казактарының тағдырына арналды.


20 шілде – 28 тамыз 2011 ж.

      Тәуелсіздігіміздің 20-жылдығына орай ҚР Шахмат Федерациясымен бірігіп ұйымдастырылған «Патшалар ойыны» қор көрмесі және қазақстандық гроссмейстерлердің қатысуымен өткен бір мезгілді ойын сеансы.
      Көрменің мақсаты – ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің қорында сақталған бірегей, әрі қайталанбас шахматтар жиынтығын көпшілік қауымға көрсету және тәуелсіздік жылдарындағы қазақстандық шахматшылардың жетістіктерін паш ету болып табылады. Бірегей өнер туындыларына айналған бұл шахматтар көрерменді Ресейдің Францияға қарсы 1812 жылғы Отан соғысымен, Украин халқының Польшаға қарсы ұлт-азаттық соғысы сынды тарихы оқиғалармен, сондай-ақ Цинь Шихуандидың атақты терракоттық әскерімен, викингтер мен ұлы моғолдардың ортағасырлық әскерлерімен таныстырды.
      Шахмат – тереңнен бастау алатын тарихы бар көне интеллектуалды ойын ғана емес, әр елдің мәдениетінен, тарихынан хабардар ететін өнер туындылары. Көрмеде Елбасына әртүрлі елдердің басшылары мен ресми делегациялары сыйға тартқан, Ресейден, Беларуссиядан, Үндістан мен Қытайдан келген ғажайып шахмат топтамасы қойылған. Сондай-ақ шахматтан әлем чемпиондары, халықаралық гроссмейстерлер Анатолий Карпов пен Вишванатан Ананд сыйлаған шахматтар ерекше қызығушылық тудырады. Көрмедегі шахматтар көрермендерді басқа елдердің мәдениетімен жақынырақ таныстырып, шынайы эстетикалық ләззат сыйлайды.
      Көрмемен танысқан соң «Күміс залының» холлында Қазақстанның халықаралық шеберлері Дәрмен Сәдуақасов пен Динара Сәдуақасованың барлық қалаушыларының арасында бір мезгілді ойын сеансы өтті. Бір жарым сағат ішінде гроссмейстерлер барлық қарсыластың әрбір партиясын жеңіп шықты, тек жеті жасар шахматшы Еркенов Тілеужанның ойыны теңбе-теңмен аяқталды.


24 маусым – 24 тамыз 2011 ж.

      Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, ҚР «Мәдениет қайраткері» Байғалиев Төлеуғазы Баяндыұлының «Ақмола-Целиноград-Ақмола-Астана» атты жеке көрмесі.
      Көрме Музейдің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс шараларының жалғасы болды. Экспозиция Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа астанасы Астана деп жариялаған, Музейдің ең әдемі, әрі салтанатты Күмбезді залында орналасты. Астана күні қарсаңында ашылған бұл көрме – суретші көзқарасымен – Тәуелсіздігіміздің символы – Астананы көруге мүмкіндік берді. Астанаға арналған көптеген жобалардың арасынан, бұл көрме өзінің бейресми түрінде және бұрыннан белгілі тақырыптар мен оқиға желісін жаңаша көзқараспен көрсете білумен де ерекшеленді. Суретшінің ретроспективасында Қазақстан астанасының дамуы мен қалыптасуының әр түрлі кезеңдерін баяндайтын ҚР Тұңғыш Президентінің Музей қорындағы құжаттар, фотосуреттер және экспонаттармен толықтырылды.


17 маусым – 17 шілде 2011 ж.

      «Алға ұмтылған Қазақстан» атты аймақаралық көрме жобасы аясындағы Павлодар облысы музейлері қорларынан ұйымдастырылған «Ұлы даланың сазы» көрмесі.
      Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай өткізілген бұл көрмеге бейнелеу өнері туындылары, құнды палеонтологиялық және археологиялық қазбалар, аймақтың тарихы және экономикалық жағдайы жайлы баяндайтын жәдігерлер қойылды.
      Қазақстанның солтүстік-шығысы – сәулетті алқап және Қазақстанның ірі өзені – Ертістің ағымы... Бұл – Павлодар облысы. Ертістің Павлодар өңірінде бәрі де бар: ұшы-қиырсыз дархан даласы, қайың тоғайлары, қарағайлы ормандары, таулары, көптеген көлдері. Аймақты ежелгі Ертіс екіге бөледі. Оның жайылмасы да бірегей және өте бай. Облыстың аса ірі бөлігін қазақтар ежелден «Сарыарқам – Алтын» далам деп атап кеткен тегіс дала алып жатыр. Онда расында да, орасан зор байлықтар бар.
      Экспозиция үш залға орналасты. Үлкен Банкет залында Павлодар өңірінің қазіргі заманғы суретшілерінің шығармашылық жұмыстары қойылды. Олардың арасында: К. Баймулдин, А. Бибин, А. Гулин, А. Игембаев, Қ. Қаржасов, П. Лысенко, А. Оразбаев, В. Поликарпов, В. Приходько, О. Шуранов, Е. Фридлин және т.б. бар. Шеберлер суреттеген бұл туындылардың негізіне адами таным, философиялық толғаныс тақырыптары, табиғаттың көркем бейнесі, портреттік жанр, ұлттық болмыс бейнелері мен нышандары, тарихи сюжеттер алынған.
      Кіші банкет залында Г. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі және Қ. Сәтпаев атындағы музейлер қорынан әкелінген, өңірдің ежелгі және қазіргі заманғы тарихымен, әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайымен таныстыратын фотомәліметтер, мұрағаттық құжаттар мен экспонаттар ұсынылды. Мұнда б.з.д. 65-70 млн. ж.б. кезеңге жататын палеонтологиялық және археологиялық артефактілер, үш тұяқты жылқы тектес гиппарионның сүйек қаңқалары, үлкен мүйіз тұмсықтар, мұз дәуіріне жататын мамонттың тістері т.б. жәдігерлер қойылды. Келушілер XIX ғ. аяғы XX ғ. басындағы материалдық мәдениет ескерткіштері және халық шеберлерінің зергерлік бұйымдарымен таныса алды.
      Түскі ас залында Павлодар өңірі тумаларының: ғалымдар, жазушылар, ақындар мен қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі жайлы баяндайтын экспозиция орналасты. Осы өңірден шыққан атақты ақын Бұқар жырау, композитор және ақын Ж. Байжанов, тарихшы-ағартушы М. Көпеев, ақын-демократ С. Торайғыров, ақын және философ Жаяу Мұса, кинорежиссер және актер – КСРО Халық әртісі Ш. Айманов, геолог, Қазақстан Ғылымдар Академиясының бірініші Президенті Қ. Сәтбаев және т.б. ұлы тұлғалар мұралары өшпес қазынаға айналған.
      Д. Багаевтың Мемориалды үй-мұражайы келешек ұрпақты қазақ халқының өткен ғасыр басындағы өмірі және тұрмыс-тіршілігімен таныстыратын фотосуреттерді ұсынды.


10 маусым – 20 маусым 2011 ж.

      Музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы шеңберінде өткізілген «Қызыл шұғыла» атты көрме Үнді мәдениет орталығы және Қазақстан Республикасындағы Үнді елшілігімен біріге ұйымдастырылды.
      Бұл көрме үнді ақыны және ағартушысы, суретші Рабиндранат Тагордың 150 жылдық мерейтойына арналған. Көрменің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасы елшілігінің Төтенше және Өкілетті елшісі Ашок Кумар Шарма, Тұңғыш Президент Музейінің директоры Алма Сағынғалиқызы сөз сөйледі. Рабиндранат Тагордың мәңгілік өшпес өлеңдері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде айтылды.
      Рабиндранат Тагор (1861-1941) - 1913 жылы әдебиет саласынан Азия жазушыларынан алғашқы болып Нобель сыйлығын алды. «Халық рухы» атты өлеңі Үндістанның, «Менің алтын Бенгалиям» атты өлеңі Бангладештің ұлттық әнұрандары болып қалыптасты. Оның еңбектері халықаралық тілдерге аударылған. Прозашы, драматург, сазгер, сонымен қатар Рабиндранат Тагор біртума суретші және кескінші болып табылады. Ол өмірінің соңғы 12 жылын графика және көркем өнерге арнаған.
      Үнді халқының ұлы перзентінің сан қырлы шығармашылығымен танысуға мүмкіндік берген көрмеде Р.Тагордың 45 цифрлы көшірме суреттері, сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президент Музейі қорынан алынған кәдесыйлар мен кітаптар болды.


20 мамыр – 13 маусым 2011 ж.

     ХІІІ Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің бас жүлдегері, жас суретшілер одағының мүшесі Б.Әсемқұлдың «Өнер әлеміне самғау» атты жеке көрмесі.
      Көрме Музейдің 2011 жылы алға тартқан «Үкілі үміт» шығармашыл жастарды қолдау көрме жобасы аясында ұйымдастырылған. Тәуелсіз Қазақстанның мәдени дамуының маңызды да өзекті тапсырмасы мен жаңа жобаның негізгі мақсаты - еліміздегі, алыс және жақын шет мемлекеттердегі жас суретшілер мен мүсіншілердің, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жарқын жетістіктерін көрсету, елорда тұрғындары мен қонақтарын жаңа есімдермен таныстыру болып табылады.
      Бейбіт Серікқұлұлы Әсемқұл 1985 ж. 6-мамырда Алматы обл. Жамбыл ауд. Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. Ол Ә.Қастеев атындағы республикалық көркемсурет колледжін (1999-2004ж.ж.), Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының мүсін және кескіндеме факультетінің станоктік кескіндеме мамандығын (2004-2009 ж.ж.) үздік бітірген.
      Өзінің еңбекқорлығымен бейнелеу өнерінен орындаған әсерлі шығармаларымен танымал болып келе жатқан жас шебер. 3-жасынан бастап сурет салу өнерімен шыңдалған ол - бірнеше мәрте республикалық конкурстар мен Астанада өткен Халықаралық Дельфийлік ойындар жеңімпазы, 2010 жылғы ХІІІ Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Бейнелеу өнері» аталымында «Арман қала – Астана» атты триптих кескіндемелерімен бас жүлдегер атанды. 2010 жылдан бері Жас Суретшілер Одағының мүшесі. Жас қылқалам шебері арнайы тақырыптарға суреттер салып, орта мектеп оқулықтары мен балалар баспасы кітаптарының мұқабаларын көркемдік рәсімдеу жұмыстарын жүргізумен қатар, поэзияға қалам тартып, фотоөнермен айналысқанды ұнатады.
      Үлкен банкет залында 50-ден астам кескіндемесі, яғни пейзаж, натюрморт, портрет жанрындағы туындыларымен және жандүниесін жарып шыққан өлеңдер жинағымен танысу мүмкіндігі болды.
      Кіші көрме залында Бейбіт Әсемқұлдың 45-тен астам тамаша көркем фотосуреттерімен танысу мүмкіндігі болды.
      Оның жұмыстары Қазақстан мен шет мемлекеттерде жеке коллекцияларда, Алматы қ. Art Navad Arvest, Астана қ. Art Stori галереяларында орналасқан.


16 мамыр – 5 маусым 2011 ж.

     «Жапония қуыршақтары» атты көрмесі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Мәдениет арқылы сұхбат» халықаралық жобасы аясында Жапон Елшілігі және Жапон қорымен бірлесе отырып өткізілді.
      Аталмыш көрменің мақсаты Қазақстан азаматтары мен қала қонақтарын дәстүрлі өнердің бірі жапон қуыршақтарымен таныстыру болды. Сонымен қатар, Қазақстанда Жапон мәдениетін жетік білу және екі ел арасындағы достық қатынасын дамыту болып табылады.
      «Жапония қуыршақтары» көрмесі Үндістаннан бастау алған халықаралық турне аясында өткізіліп, Астанадан әрі қарай саяхатын жалғастырады. Көрме музейдің ең басты залдарының бірі – Алтын залда орналасты. Көне жапон мәдениетінің әсемдігі және әдемілігі, сан дәуірлердің салты қуыршақтар әлемінде ұштастырылады. Барлық елдерде қуыршақтар балалар ойыншығы ретінде танылған. Алайда Жапонияда қуыршаққа деген көзқарас өзгеше.
      Жапониядағы қуыршақтар – бейнелеу мәдениеті мен діни символиканың элементі. Күн шығыс еліндегі қуыршақтар жасау өнері Дзёмон кезеңінен бастау алады (б.з.д. 10 000 жыл-б.з.д. 300 жыл). Балшық, сүйек және тастан жасалған қуыршақтар зұлымдық пен аурудан, үйді қайғы-қасіреттен қорғайтын тұмар ретінде қолданылған. Сонымен қатар олар әсем сүйсіну, эстетикалық рахат алуға арналған. Құпиясын тек қана нағыз шеберлер білетін, бірегей технологиямен дайындалатын әрбір провинция қуыршағының өзіндік айқын ерекшелігі бар. 1936 жылы қуыршақ жасау ресми танылған өнер мәртебесін алды. Ал 1955 жылдан бастап айтулы шеберлер «Ұлттық жанды қазына» құрметті атағын иелене бастады. Күн шығыс елінде өзіндік бір әлем – көркем қуыршақтар әлемі бар деп айта аламыз.
      Экспозицияда 70 жапон қуыршағы ұсынылған. Көрме қонақтары императорлар сарайының мүшелерін, Кабуки театрының әртістерін, самурайлар мен балаларды, қарапайым халық және қала адамдарын тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Бұл көрме барлығын осы күнгі көркем қуыршақтар әлемімен, оның маңдай алды дәстүрі және жапон халқының бүгінгі тұрмысымен таныстырды.


28 сәуір – 16 мамыр 2011 ж.

      «Өнер - өрелі қасиет» - Т. Жүргенов атындағы ұлттық академия оқытушылары мен студенттерінің сурет өнері, кескіндеме, мүсін, әшекейлі-қолданбалы өнер көрмесі.
      Көрме ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің бастамасымен 2011 жылғы «Үкілі үміт» халықаралық көрме жобасының аясында шығармашыл жастарды қолдау мақсатында өткізілді. Жобаның идеясы Музей қызметінің қазіргі Қазақстанның мәдени жетістіктерін жариялаудың нәтижесі болып табылады. Аймақтық мәдени мекемелермен белсенді шығармашылық алмасулар барысында, әсіресе «Алға ұмтылған Қазақстан» көрмелік жоба аясында талантты жастардың алғашқы қадамына қолдау қажеттілігі аңғарылды.
      Еліміздің және шетелдердің жас суретшілері, мүсіншілері, әшекейлі-қолданбалы өнер шеберлерінің көптеген жарқын жетістіктерін көрсету республиканың мәдени дамуының маңызды өзекті міндеттері болып табылады. Бұл дәстүрді көптеген әйгілі өнер шеберлері үшін alma mater және көркем шығармашылықтың танымал орталығы Т. Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының бастауының нышандық маңызы ерекше.
      Академия тарихы 1955 жылы Құрманғазы атындағы Өнер институтында (қазірде Консерватория) театрлық факультеттің ашылуынан басталады. 1977 жылы оның негізінде Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институты құрылды. Өз кезегінде 1991 жылы институт негізінде екі арнайы ЖОО құрылды: Қазақ мемлекеттік театр және кино ниституты және Қазақ мемлекеттік көркем академиясы.
      Академияда оқытушылар мен студенттердің шығармашылық жұмыстары экспонатталатын, сурет пен мүсін, көркемдеу және қолданбалы өнер шығармаларының тұрақты көрмелері өтетін галерея жұмыс істейді.
      Ұсынылған экспозицияда қазіргі Қазақстан өнерінің барлық түстер палитрасы мен техникасы көрсетілді. Мұнда белгілі шеберлер мен жаңа бастаған суретшілердің жұмыстары қатар қойылды. Бұл монументальды мүсіндер Б.С. Досжанов, М.О. Әйнеков академиялық мектебінің өкілдерінен, толық ұстамы күшті суреттер О.О. Жұбаниязовтікі, күрделілігімен және күшті түйсіну бойынша кескіндеме жұмыстары К.А. Каметов пен К.Г. Канленовтікі. Гобелендер А. мен С. Бапановтар, Р.Базарбаева, киізден жасалған бұйымдар А.Әбсат, А.Қуантаева, үнді атаулы зергерлік бұйыммен С.М.Баширов өткеннің қолөнер машығын жаңадан жасайды және ұлттық айқын көріністерді паш етеді. Барлық әлемдегі қазіргі өнерге тән «уақыт пен мәдениет түйісінде» шығармасы қалтқысыз қызығушылық тудырады. Олар жаңа, көбінесе еш күтпеген мәдени қырларды көруге мүмкіндік береді: А. Қуантаеваның жұмыстарында киіз бен органза үйлеседі, ал С. Дүйсембинаның суреттерінде өткен мен қазіргінің арасындағы ассоциацияның таңқаларлық қатарлары жаңғыртылған.
      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі жанындағы бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер студиясының тәрбиеленушілері көрменің ашылу салтанаты алдында Т. Жургенов атындағы Қазақ ұлттық академиясының бейнелеу туындыларының авторлары – атақты суретшілермен, мүсіншілермен және оқытушылармен кездесу мүмкіндігіне ие болды. Балалар авторлардан әрбір шығармалардың жасалу техникасымен және материалдарының ерекшелігімен, суретшілердің жан дүниесі тебіренісінің нәтижесінде қандай жағдайда қай туындының дүниеге келуі сияқты жәйттармен егжей-тегжей танысты. Балаларға ескерткіш ретінде атақты суретшілермен фотоға түсу ең қуанышты сәт болды.


25 наурыз – 20 сәуір 2011 ж.

      Адамзаттың тұңғыш ғарышқа самғауына 50 жыл толуына орай «Жұлдыздарға жол тарту» көрмесі өтті.
      Көрме ҚР ұлттық ғарыш агенттігі, Қазақстан Республикасындағы Ресей Елшілігі, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану музейлерімен бірге ұйымдастырылды. Бұл көрме Ресей ғарышына қамқорлықта өтетін «Жұлдызды одиссей» мерейтойлық шараның әлемдік сериясының алғаш ашылуы болды.
      Бүкіл жер шары 1961 жылдың 12 сәуіріндегі ғарыш кеңістігіне самғаған тұңғыш адамның - Юрий Алексеевич Гагариннің есімі мен жарқын күлкісін ұмытқан жоқ. Бұл адам ақылының салтанат құрған күні болды. Тарихта алғаш рет ғарыш кемесі адаммен әлем кеңістігі өңірін бұзып-жарып өтті. «Жұлдыздарға жол тарту» көрмесі осы атақты оқиғаға арналған шаралар циклы жалғасып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады.
      Үлкен көрме залында Байқоңыр ғарыш айлағы тарихының музейі, Тұңғыш Президент Музейі, Т.Мұсабаевтың жеке мұрағаты қорларында сақталған Ю. Гагарин, Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаевтың жеке мұрағатынан заттар мен құжаттық материалдары экспонатталған. КСРО ұшқыш-ғарышкерлері А.С. Викторенко, В.И. Пацаев – Қазақстанның тумалары. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде, Шал ақын (СҚО) аудандық музейі қорында ұқыпты сақталған құжаттық және киімдік кешендері, ғарышта болған ғарышкерлердің хаты, жеке заттары, жазба кітапшаларын өз көзіңмен көруге мүмкіндік береді.
      Қазақстан ғарыш айлағы бола тұрып қазіргі ғарыш саласын динамикалық дамытуда, жеке бастама жобалары Қазақстан Республикасы ұлттық ғарыш агенттігі экспозициясында көрсетілген.
      Кіші көрме залындағы фото- және бейне материалдар Байқоңыр ғарыш айлағының тарихымен таныстырады. Көрмеге келушілер осы залдан ай бойы ғарышкерлік тарихына арналған кинохроникалар, деректі фильмдер кадрларынан Ю.А.Гагариннің белгілі «Кеттік!» сөзін естіп, көре алады.


1 ақпан – 15 наурыз 2011 ж.

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тарих дастан» көрмесі Көрмеде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ХХ ғасырдағы отандық бейнелеу өнерінің жарқын өкілдерінің графикалық туындылары қойылған. Е.М.Сидоркин, К.Я.Баранов, М.М. Кисамединов, Н.С. Гаев, К.К. Каметов сынды авторларды Қазақстанның ұлттық мақтанышы деп күмәнсіз атауға болады.
      Бұл авторлардың есімдері елімізден басқа шет елдерге де белгілі. Олардың шығармалары халықаралық беделге ие болып, өнер зерттеушілері жоғары бағалап, әлемнің музейлері мен өнер галереяларында, жеке меншік коллекцияларында сақталуда. Келушілердің назарларына ұсынылған әрбір жұмыс қазақ халқының өзіндік тарихы мен мәдениетін бойына сіңіріп, ғасырлар бойы тәуелсіздігі үшін күрескен халық пен Ұлы Далаға деген махаббатқа толы.