2008 ж.

12 ақпан – 3 наурыз 2008 жыл.
 
Шағын банкет залы. Музей жинағынан ұйымдастырылған «Батылдық пен ерлік нышаны» көрмесі
     Келушілер Музей экспозициясында үнемі көрсетіле бермейтін, бағалы металдардан жасалған экспонаттар жинағымен және қару-жарақтар коллекциясымен танысады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары мен ХІХ-ХХ ғасыр қару-жарақтары құнды тарихи және көркем ақпараттардан тұрады.
     Қай уақытта да батылдық, жанқиярлық, отанға деген сүйіспеншілік түрлі марапаттарда, мемлекеттік наградаларда көрініс тапқан. Ордендер мен медальдар коллекциясы тәуелсіз Қазақстанның наградалар жүйесінің шығу тарихымен және дамуымен таныстырады. Экспозицияға 10 мемлекеттік орден, 5 медаль және 2 құрмет белгісі көрсетілген.
Аталған коллекциялардың ерекшелігі олардың жоғары көркем сапалы етіп жасалғандығында. Мемлекеттік наградалар – Қазақстанның ордендері мен медальдары Өскемендегі Қазақстан Теңге сарайында шығарылады. Отандық ордендер мен медальдарды дайындауда әлемдік медаль жасау тәжірибесі қолданылған.
    Көрме тақырыбын ХІХ ғасырдың ортасындағы атыс қаруларының үлгілері мен әр түрлі суық қарулар түрі толықтырып, дамыта түседі.
Экспозициядағы атыс қарулары үлгілерінің техникалық жағы мен көркемдігі ерекше назар аударарлық: ХІХ ғасырдың ортасына жататын шүріппелі аңшы қаруы; 1898 жылы 5 сәуірде Германияда алғаш рет қарулану құралы ретінде қабылданған Маузер жүйесінің мылтығы; Бельгиядағы Пьеж қару фабрикасында дайындалған шүріппесіз аңшы мылтығы және т.б.
Суық қарулар – бұл жай ғана қару емес, дағыстандық қылыш немесе казак қылышы болсын, абордаж қылышы немесе сапысы болсын, бұлардың қай-қайсысы да мәдениеттің белгісі болып табылады.
 

 

 

 

 

 

 


13 ақпан – 3 наурыз 2008 жыл
 
Үлкен банкет залы. «Оянған сезім...» графикалық жұмыс көрмесі
      Көрмеге қазіргі заманғы қазақстандық суретшілер Лейла Махат, Меруерт Мырзабекова, апалы-сіңлілі Анжелика және Венера Оразбековалардың, Мұхит Мырзалиев-Аканаевтардың графикалық жұмыстары қойылған.
Көктемді күту, әлдебір жаңа сезім мен түйсіктің оянуы – барлығы өз кеңістігінде графикалық сызықтар арқылы жасалады.
Халықаралық «Құланшы» арт-клубының директоры Лейла Махаттың күш-жігерінің арқасында Астана тұрғындары екі жыл бойы біздің Музей залынан әлемдік көркемөнер классиктерінің шығармаларын тамашалап келеді.
     Көрсетілген жұмыстардың арасында - апалы-сіңлілі Анжелика және Венера Оразбековалардың картиналары бар. Анжелика Оразбекова – кәсіби суретші, Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық университеттің көркемсурет-кескіндеме факультетін бітірген. Ал Венера үшін көркем шығармашылық оның айтуынша, өзін-өзі таныту тәсілі, жүрек және жан дауасы.
    Жұмыстардың ішінде жас суретші Мұхит Мырзалиев-Ақанаевтың әйелдер образы да өзіндік орын алады. Үшкір қарындаштың көмегімен автор Шығыстың жұмбақ аруын, биші қыз және жанкешті салт аттыны бейнелеген.
Дипломатиялық корпус, Үндістан мәдениет орталығы, Астана қаласы Суретшілер одағы мен Музей қоғамдастығы өкілдері көрме қонақтары болды.
 

 

 

 

 

 

 


6 - 31 наурыз 2008 жыл.
 
Гүлмира Телғозиеваның «Отан-Ана» дербес көрмесі.
     Гүлмира Телғозиева 1970 жылы Целиноград қаласында туған. 1990 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. 1996 жылдан бері Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. Ресейде, Польшада, Германияда және Жапонияда Қазақстанның бейнелеу өнерін таныстырды.
Г. Телғозиеваның жұмыстары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінің қорынан, Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығынан, Астана қ. Қазіргі заманғы өнер музейінен, сондай-ақ Германия, Англия, Түркия, Қытай, Италия, Польша, Югославияда жеке коллекциялардан орын алған.
Көрмеге соңғы жылдарда 53 картина қойылған, олардың бәрін туған жер тақырыбы біріктіріп тұр. Өзінің картиналарында Гүлмира ауыл өмірін, қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін асқан сүйіспеншілікпен бейнелейді.
Көрмені шартты түрде екі бөлімге бөлуге болады. Үлкен залға дана қарияларды, мықты батырларды, күнәсіз, пәк сәбилерді дүниеге әкеліп, өсірген Дала бейнесі мен сюжеттер қойылған. Кіші залға осы көрме үшін арнайы салынған әйел портреттері мен этюдтер орналастырылған. Онда біздің замандастарымыз бейнеленген. Туған жердің әдемілігі түрлі жылдарда салынған полотнолардан күлімсірей қараған ұлттық киімдегі хас сұлулар бейнесі («Күнсұлу», «Бойжеткен», «Акжүніс») арқылы берілген.
 

29-30 сәуір 2008 жыл.
 
Үндістанның «Үнді шеберлігінің әдемілігі» атты сәндік-қолданбалы және зергерлік өнерінің көрмесі
      Музей түрлі халықтар мен елдердің үнқатысуына жағдай туғызатын мәдени бастамаларды белсенді түрде іске асырады. Бұл көрме елшіліктер мен Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік мәдени орталықтардың қатысуымен өтетін «Мәдениет арқылы үнқатысу» тақырыбындағы мәдени-көрмелік іс-шаралар сериясын ашып отыр.
Үндістан – кескіндеме өнеріндегі өзінің шеберлігімен, жібек және алтын жіптермен әдіптелетін кестесімен, керемет тастардан, металдардан және ағаштан жасалған мүсіндерімен, сондай-ақ ойып жасалған бірегей бұйымдары мен таңдаулы әшекейлерімен әйгілі ел. Өнеркәсіптік өндірістің жедел қарқынмен өсуіне қарамастан, үнді қолөнер бұйымдары сол қалпында баяғыша танымал. Экспозициядағы алтын мен күмістен жасалған зергерлік бұйымдардың, жарқырауық асыл тастар қиыршықтарының орны айрықша.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің Үндістан Республикасының Елшілігі, Үнді мәдени орталығымен бірлескен белсенді қызметінің нәтижесінде қала тұрғындары мен қонақтары екі күн бойы үнді көркемдік қолөнерінің көп қырлы ұлылығын тамашалап, баға беруге мүмкіндік алды.
 

11 сәуірде
 
Музейде белгілі қазақстандық суретші Сергей Калмыковтың шығармалары бойынша «Менің ғаламшарым» атты көрме ашылды.
     Көрмені ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, «Has Sanat» өнер галереясы және «Жаңа Эрмитаж – біреу» музей-галереясы (Мәскеу қ.). Астана тұрғындары мен қонақтарының назарына С.Калмыковтың 69 кескіндеме және графикалық жұмысы, суретшінің шығармашылығын бағалайтын қазақстандықтарға осы уақытқа дейін белгісіз болып келген қолжазба альбомы ұсынылды.
Қазақстанның, Ресейдің, Батыстың өнертанушылары суретшінің есімін ХХ ғасырдың алдыңғы қатардағы көрнекті шеберлерімен бір қатарға қояды.Суретшінің шығармаларында қазіргі заманғы бейнелеу өнерінің импрессионизм, авангардизм, кубизм, абстракционизм сияқты барлық бағыттары жарқын көрініс тапқан.
Көрменің ашылу салтанатына Қазақстанның өнер жұлдыздары – Қазақстан Республикасының Халық әртісі Ж. Әубәкірова, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Н. Үсенбаева қатысты. Еліміздің орталық мемлекеттік органдарының басшылары, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері, сондай-ақ шығармашыл және музей жұртшылығы көрменің алғашқы келушілері болды.
Көрме 11 мамырға дейін өткізіледі.

25 сәуір – 30 мамыр 2008 жыл.
 
Үлкен және кіші көрме залдары. «Жайық жағалауы сыр шертеді» көрмесі.
      25 сәуірде «Алға ұмтылған Қазақстан» аймақаралық жобасы аясында Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен өнер мұражайының қорынан ұйымдастырылған «Жайық жағалауы сыр шертеді» көрмесі ашылды.
Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен 1939 жылы ашылды, 1940 жылдың 5 қарашасында алғашқы келушілерін қабылдады. Мұражай Атыраудың тарихын, рухани және мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау жөнінде үлкен жұмыстар атқаратын мәдени орталық болып табылады. Астана тұрғындары мен қонақтарын Атырау облысының тарихымен таныстыру үшін мейлінше қызықты жәдігерлер – фотосуреттер, мұрағат құжаттары, музей құндылықтары әкелінді. Келішілер белгілі тарихи тұлғалардың – Бейбарыс сұлтанның, Исатай мен Махамбеттің, ұлы күйшілер Құрманғазы мен Дина Нұрпейісованың өмірімен және қызметімен таныса алды.
Атырау облысының өнері экспозицияда жергілікті суретшілердің кескіндемелік полотнолары мен мүсіндік композициялары арқылы ұсынылды. Адамның ішкі дүниесін, табиғаттың тамаша құбылыстарын, сондай-ақ тарихи тұлғалардың портреттік бейнелері салынған туындылар бейнелеу және көркем шығармашылық деңгейінің жоғарылығын танытады. Суретшілер М.Қалимов, М.Ғабдрахманов, М.Шарденов, Л.Қалимова, А.Құмар, С.Кәрібаев, М.Жырғал, А.Назарқұл және басқалары өздерінің жұмыстарында қазақ халқының көркем және сәндік-қолданбалы өнерінің ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлерін шебер пайдаланады.
Астана тұрғындары мен қонақтары Қазақстан аймақтарының тарихымен, этнологиясымен және мәдениетімен таныса алатын үлкен мәдени жобаның алғашқы бетін Атырау облысының мұражайы ашты.
 

2008 жылдың 18 маусымында

«ЕҚЫҰ – үнқатысу форумы»
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуімен ЕҚЫҰ орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған «ЕҚЫҰ – үнқатысу форумы» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.
Көрмеге ЕҚЫҰ тарихын, құрылымын, қызметінің негізгі бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ ынтымақтастығының саяси қырларын танытатын жарияланымдар, кітаптар, фотоматериалдар мен мұрағат құжаттары қойылған. 2010 жылы Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі қарсаңында ұйымдастырылған көрменің негізгі мақсаты Астана тұрғындары мен қонақтарын ЕҚЫҰ қызметімен таныстыру болды.
Көрменің ашылу рәсіміне ЕҚЫҰ Хатшылығының Қақтығыстардың алдын алу жөніндегі орталықтың директоры Херберт Залбер, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қ.С.Сұлтанов, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қ.Ш.Сарыбай, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары Б.Б. Темірболат, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЕҚЫҰ миссиясы басшыларының аймақтық кездесуіне қатысушылар келді.
 

30 мамыр – 7 шілде 2008 жыл
 
Астананың 10 жылдығына арналады...
«Астана бояулары» балалар суреттерінің конкурсы
Халықаралық балаларды қорғау күнінің қарсаңында, Астананың 10 жылдығына орай 2008 жылдың 30 мамырында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде балалар мерекесі өтті, онда «Астана бояулары» көрмесі салтанатты түрде ашылып, балалар сурет конкурсының жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталды.
Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі мен Астана қаласы Балалар көркемөнер мектебі. Конкурстың негізгі мақсаты – балалар шығармашылығын дамытуға және оны көпшілікке танытуға жәрдемдесу.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 


29 маусым - 7 шілде 2008 жыл

«Елбасы мен Елорда» фотокөрмесі
Астананың 10 жылдығын мерекелеу қарсаңында Музейде Қазақстанның жас астанасының тарихындағы әр алуан оқиғаларға арналған фотокөрме жұмыс істеді. Экспозицияға Музей мұрағатынан алынған фотоқұжаттар мен музей жинақтарынан алынған жәдігерлер қойылды.
Еліміздің дамуында ерекше тарихи кезеңге айналған астананы көшіру туралы идея Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың идеясы болып табылады. Астана серпінді дамыған жаңа Қазақстанның бейнесіне айналып, өткеннің бай мұрасы мен қазіргі заманның ең үздік жетістіктерін өзіне үйлесіммен сіңіре білген.
Ұсынылған фотосуреттерде Қазақстанның жас астанасының қалыптасуы мен дамуы туралы мемлекеттік тұрғыдағы үлкен мақсаттың жүзеге асуын бақылауға мүмкіндік беретін Қазақстанның жаңарған тарихының жарқын көріністері бейнеленген. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, «Астана Отанымыздың жүрегіне, халықты топтастыратын ұлттық идеяға, халықтың өз күшіне деген сенімі мен ұлы мақсатының белгісіне айналды».

2008 жылдың 12 қыркүйегінде

«Сыр бойы тұнған шежіре» көрмесі
       Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Алға ұмтылған Қазақстан» жобасы аясында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорынан ұйымдастырылған «Сыр бойы тұнған шежіре» атты көрме ашылды.
Көрмеге Сырдария өңірінің ғасырлық тарихы туралы баяндайтын фотоматериалдар, мұрағат құжаттары және музей құндылықтары қойылған. Музей құндылықтарының арасында ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы Қазақстан астанасы Қызылорда қаласының тарихынан сыр шертетін құжаттар мен мәдени мұра бұйымдарының алатын орны ерекше.
1729-1920 жылдары Санкт-Петербор, Мәскеу, Ташкент қалаларында түркі, араб, парсы тілдерінде басылып шыққан кітаптарды зкспозицияның шын мәніндегі інжу-маржаны деп айтуға болады. Қорқыт ата кітабының қолжазба мәтіндері ерекше, бірегей / Қорқыт-Ата: оғыз тіліндегі эпикалық поэма туралы әңгіме, Ватикан мен Дрезденде сақталған қолжазбаның түпнұсқасынан аударылған, Хұсамадин - әл Сығанақ кітаптарының үлгісі.
Сырдария өңірі – ән мен жырдың өлкесі. Мұнда белгілі жыршылар, күйшілер, жыраулар мен ақындар дүниеге келген. Бұл өңірдің атақты суретшілері - О. Мамақова, И. Ағытаев, Б. Тұрбаев, О. Шолақов, Ж. Махамбетов, Б. Жақыпов, К. Құлмамбетов және т.б. Экспозицияға түрлі стильдік бағыттарда орындалған сырдариялық кескіндеме шеберлерінің туындылары қойылған.

15 қазан – 20 қараша 2008 жыл

«Тарихтың торабында таңба қалған» көрмесі
      Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорынан ұйымдастырылған көрме «Алға ұмтылған Қазақстан» аймақаралық көрме жобасы аясында ашылған.
Астана қонақтары мен тұрғындарының назарына Ұлы Жібек жолындағы ескі қалалардың бірінің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени тарихын көрсететін археология бұйымдарының коллекциялары ұсынылды. Археологиялық қазба жұмыстарын В.В. Бартольд, А.Н. Бернштам, Л.И. Ремпель, Г.И. Пацевич, Е.И. Агеева, Т.Н. Сенигова, К.М. Байпақов секілді белгілі ғалымдар жүргізді. Музейдің Алтын залына Айша бибі кесенесінің фрагменттері, су құбырларының түтіктері, қыш-құмыра бұйымдары, тас мүсіндер,ата-бабаларымыздың құю және қақтау арқылы темірден және қоладан жасалған бұйымдары, күнделікті тұрмыстық бұйымдары қойылды.
Үлкен көрме залынан суретші Л.В. Брюммердің (1889-1971) жеке мұрағатынан алынған құжаттар мен бірегей кескіндеме коллекциялары, сонымен қатар А. Зориннің ағаштан ойылып жасалған мүсіндері орын тапқан.

6 қараша – 5 желтоқсан 2008 жыл

«Мәңгілік өнер. Амрита Шер-Гилдің қайтып оралуы» көрмесі
      Бұл көрме Үндістан Республикасы Елшіліші мен Үнді мәдени орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен өтті. Көрме – Музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» атты халықаралық жобасы аясында өткен кезекті мәдени шара. Амрита Шер-Гил - көрнекті үнді суретшісі, ХХ ғасырдың басында Будапеште дүниеге келген.
Көрмеге әйелдердің тұтас бір буынының суретші болуға деген қызығушылығын оятқан әйелге, ұлттық игілікке, Амрита Шер-Гилге деген құрмет ретінде «Әйелдер – әйелдерге» жобасы аясында бірлескен қазіргі үнді әйел суретшілерінің 49 жұмысы қойылған. «Үш бойжеткен» картинасының сюжеттік, жанрлық түсініктемесі көрермендерге үнді әйелінің әлемін аша отырып, жобаның негізгі қазығына айналды.
 

18 желтоқсан 2008 ж. – 25 қаңтар 2009 ж.

    Белгілі суретші, айтулы гобелен шебері Бәтима Зәуірбекова мен оның қызы Елдана Шалабаеваның «Ұлттық өрнектің ұлы әуендері» атты көрмесі
Өткен ХХ ғасырдың жетпісінші жылдары басталған қазақстан гобелені тарихының тұтас бір кезеңі Бәтима Зәуірбекованың шығармашылығымен байланысты. Оның гобелендері қашан да танымал әрі қайталанбайтындығымен ерекшеленеді. Оның гобелендеріне нәзік шеберлік, сезім тереңдігі тұрмысты философиялық зерделеу тән. Экспозицияға қойылған тоқылған композицияларында да, кескіндемелік полотноларында да суретші өзін іңкәр еткен тақырыптартарды - әйелдер бейнесін, натюрмортты, сәулеттік мотивтерді, тасқа қашалған бейнелерді түрліше түсіндіреді.
Кіші көрме залына Бәтима Есмұратқызының анасының жолын қуған кіші қызы Елдана Шалабаеваның жұмыстары қойылған. Музейдің екі көрме залына қырықтан астам жұмыс қойылған. Бүгінгі күні оның туындылары тек Қазақстанда ғана кеңінен танымал емес, шетелдерде де танымал, оның жұмыстары АҚШ, Франция, Швейцария, Италия, Германия, Польша, Австралия, Канада, Түркия елдеріндегі жеке галереялар мен коллекцияларда тұр.