Барлық экскурсиялар

     Экскурсиялық жұмыс Музейдің мәдени-ағарту қызметінің негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Келушілердің мәдени-білім қажеттіліктерін анықтау мен әртүрлі топтық келушілерге арналған тұрақты экспозициялар мен уақытша көрмелердің мәдени-ақпараттық сапасына ерекше назар аударылады.
        Қаланың білім мекемелері, қоғамдық ұйымдары, мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарымен қатар республика мен қаланың туристік компаниялары тұрақты серіктестері болып табылады. Олардың қатарында    «Ақмола-турист», «Армантур», «Жас туристер станциясы» (Астана қ.), «Саяхат» (Қарағанды қ.), «Көкшетау-турист» (Көкшетау қ.), «Атамекен» (Орал қ.) және т.б.