Оқу-ағарту бағыттары

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, 
тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, 
ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі». 
                                                            Әл-Фараби 
 
«Қазақстандық патриотизм – бұл әрбір азаматтың өз Отанының тағдырына,
қауіпсіздігіне, болашағына деген саналы жауапкершілігі. Барлық отандастардың,
ұлт пен ұлысқа тәуелді болмай, мемлекеттік тілге және мемелекеттік рәміздерге,
әдет-ғұрыптарға, салт-дәстүрлерге, тарих пен мәдениетке, Қазақстан халықтары
тілдеріне құрметі. Туған жерге деген сүйіспеншілігі, Қазақстанды
барлық азаматтардың біртұтас Отан ретінде саналы түрде сезінуі.
 
      Қазақстан Республикасы азаматтарына 
патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Музейдің білім беру бағдарламасы

      Музейдің білім беру бағдарламасы үш білім беру жобасынан тұрады: 

  1.  «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің егемен Қазақстанның қалыптасуындағы рөлі»; 
  2.  «Қазақстанның тарихы мен мәдениеті»; 
  3.  «Бала және мәдениет». 
     

      Бағдарлама қазақстандық ұлтжандылық пен азматтықты қалыптастыру, қоғамның тарихи санасы мен мәдениетін тәрбиелеу жөніндегі мәселелерді Музеймен, мемлекеттік құрылымдармен және білім беру мекемелерімен бірігіп атқаруды талап етеді. Сонымен бірге мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері үшін арнайы өткізілген білім беру шараларының есебінен контингент едәуір артты.

      Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында мынадай міндеттерді шешу көзделіп отыр: 

  1.  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік және қоғамдық қызметіне қатысты Музей жинақтарын, архив материалдарын насихаттау. 
  2.  Жоғары және орта оқу орындарының оқытушыларына, музей сабақтарының авторларына әдістемелік көмек көрсету. 
  3. Музейдің мәдени-білім беру қызметі бойынша әріптестерімен: балабақшалармен, жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептермен, колледждермен, ЖОО-мен, мемлекеттік мекемелермен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет жасаудың оңтайлы формаларын орнату.

      Сабақтың өткізілу формалары әр алуан. Олар: 

1. Музей сабақтары. 
2. Музей залдары бойынша тақырыптық экскурсия жасау. 
3. Қазақстанның мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлерімен кездесу. 
4. Дәрістер. 
5. Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердің балалар студиясындағы сабақтары. 
6. Пленэрлер. 
7. Мастер-кластар. 
8. Арт-кластар. 
9. Консультация-кеңестер. 
10. Пікірталастар. 
11. Іскерлік ойындар. 
12. Жарыс сөздер. 
13. Семинарлар. 
14. Арнайы курстар. 
15. Сайыстар және т.б. 

Музей педагогикасы орталығы 
ҚР ТПМ-нің жанындағы Педагогтар кеңесі