Отандық ұйымдар мен мекемелер

1. «Нұр Отан» Партиясы
 

«Нұр Отан» Партиясы» қоғамдық бірлестігі 1999 жылы 19 қаңтарда «Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н. Ә. Назарбаевты қолдау қоғамдық штабы» қоғамдық бірлестігінің қайта өзгеруіне байланысты құрылған. Бірлескен іс-шаралар өткізілді: «Назарбаев және Қазақстан» (29.06. – 3.09.2010); «Номадтардың өнері» (20 – 30.06.2012); «Тәуелсіздік хроникасы» (21.11.2011 – 21.01.2012) көрмелері; «Тарихтағы тұлғаның рөлі» (22.09.2007); саяси және мемлекеттік қайраткер Гейдар Әлиевтың 85 жылдығына арналған (10.05.2008); Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 5 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы музей. Ғылым. Дәстүрлер. Инновациялар» (24.09.2009); Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жолы: тарихы, шындығы және болашағы» (21.11.2011); «Тарихтағы тұлғаның рөлі» (22.10.2007) халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялары, «Елбасы және Тәуелсіздік» (5.12.2012) «дөңгелек үстелі» өткізілді. Музейдің білім бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Жастардың бойында лидерлік қасиетті дамыту жағдайлары» / «Условия развития лидерских качеств у молодёжи» (11.04. – 30.05.2011) элективті курсы; «Отбасында, мектепте және басқа да әлеуметтік топтарда лидерлік қасиеттерді қалыптастыру» музейлік пікірталас сабағы (20.04.2010) ұйымдастырылды.


2. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры
 

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры» қоғамдық қоры 2000 жылдың желтоқсанында құрылды.Бірлескен іс-шаралар өткізілді: «Түркі әлемі» (31.10.2012 – 28.01.2013), «Борис Ельцин және оның кезеңі» (8.06. – 27.09.2012), «Мәдени мұра балаларға. Уақыт байланысы» (5 – 8.12 2011), «Арманға ұқсас әлем» (5 – 25.03.2012); Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 5 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы музей. Ғылым. Дәстүрлер. Инновациялар» (24.09.2009) халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция; «Көшбасшылық және тұлға» (26.11.2012) халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар; «Елбасы және Тәуелсіздік» (5.12.2012), «Қазақстанның бірлігі, тұтастығы және тәуелсіздігі» (10.12.2008) «дөңгелек үстелдері»; «Астана қ. Назарбаев Зияткерлік мектептері» оқушылары үшін «Ғасырлар қойнауында» зияткерлік ойыны (19.10.2012).


 

3. Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты
 

Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты Елбасының Жарлығымен Орталық мемлекеттік жаңа тарих мұрағатының базасында 1994 жылдың 14 қаңтарында құрылды.Бірлескен іс-шаралар өткізілді: «Тәуелсіздік хроникасы» (21.11.2011 – 21.01.2012) көрмесі; Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жолы: тарихы, шындығы және болашағы» (21.11.2011) халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция; «Қазақстанның бірлігі, тұтастығы және тәуелсіздігі» (10.12.2008) «дөңгелек үстелі».


 

4. «Невада-Семей» халықаралық ядролық сынақтарға қарсы қозғалысы
 

«Невада-Семей» – Қазақстанның белгілі қоғамдық қайраткері Олжас Сүлейменовтің 1989 жылы 28 ақпанында ұйымдастырған ядролық сынақтарға қарсы қозғалысы.Бірлескен іс-шаралар өткізілді: «Невада-Семей» ядролық сынақтарға қарсы қозғалысының негізін салушы және жетекшісі, қоғамдық қайраткер, ақын Олжас Сүлейменовтің қатысуымен өткен баспасөз конференциясы (20.05.2009), «Мәңгілік категориясы» көрмесі (20.05. – 16.06.2009).


5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
 

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 1991 жылдың 20 маусымында құрылған.

Бірлесіп өткізілген іс-шаралар: «Теңге – Қазақстан тәуелсіздігінің нышаны» қазақстандық ұлттық валюта – теңгенің 20 жылдығына арналған көрме (13.11.2013).


6. Астана қ. Білім басқармасы
 

Бірлескен іс-шаралар өткізілді: «Шексіз білім – 2011» 9-шы жыл сайынғы білім жәрмеңкесі (11.05.2011); «Президенттің 2010 жылғы Жолдауы – жас ұрпақтың көзқарасымен» (4.03.2010), «Қазақстан Республикасының конституциялық жүйесі» (28.01.2010) ашық музейлік сабақтар; елордалық мектептердің тарих пәні ұстаздарын аттестациялау бойынша эксперименталды алаңы іске қосылды (20.01.2010); Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен «Менің Қазақстаным – менің болашағым» (1.09.2010) тақырыптық музейлік сабағы; «Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы: жетістіктері және даму болашағы» (17.09.2010), «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштерін сақтаудағы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың рөлі» (6.11.2009) шеберлік-сыныптары; «Түрлі-түсті мозаика» асфальттағы сурет салу қалалық конкурсы және мерекелік іс-шара қатысушыларын марапаттау салтанаты (1.06.2009); «Туған жерім – 2009», «Туған жерім – 2008» (13.12.2008) астаналық балалар сурет конкурсының нәтижесі бойынша көрмелердің дәстүрлі ашылу және марапаттау салтанаты.


7. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ
 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ 2011 жылдың 19 қаңтарында құрылды. Бірлескен іс-шаралар өткізілді: «Астана қаласының Назарбаев Зияткерлік мектептері» оқушылары үшін «Ғасырлар қойнауында» (19.10.2012) интеллектуалды ойыны, «Звезда, зажжённая в степи» (20.04.2012) интеллектуалды турнирі; волонтерлік жобалар конкурсының қатысушы жеңімпаздарына гранттар мен сыйлықтарды табыстау рәсімі (6.05.2011).



8. «Ақ Орда» республикалық қозғалысы» ҚБ
 

«Ақ Орда» республикалық қозғалысы» ҚБ 2005 жылдың сәуірінде құрылды. Бірлескен іс-шаралар өткізілді: қоғамдық-саяси және ғылыми-көпшілік «Мирас» журналының алғашқы нөмірінің тұсаукесері (5.07.2007), «Мирас» журналының алғашқы нөмірінің республика бойынша тиражы және таратылымы.


9. «Астана қ. мүгедек балалар қоғамы» ҚБ
 

«Астана қ. Мүгедек балалар қоғамы» ҚБ 1999 жылдың 2 қыркүйегінде құрылды.Бірлескен іс-шаралар өткізілді: Тәуелсіз өмір «AMBITIOUS» жапондық орталығының директоры Осанай Митикомен кездесу (Саппаро қ., Жапония) (11.04.2012); «Қасиетті тастар» арт-терапиясы бойынша жыл сайынғы семинар аясында дамуында ерекшеліктері бар балалар үшін «Еркіндік нышаны балалар көзқарасымен» (25.05.2012), Ғажайып өнер әлемі» (27.05.2013) арт-терапиялық сессиялары; «Бақытты балалық шақ» (22 – 23.06.2011) екі күндік шығармашылық лабораториясы; церебралды сал ауруымен ауыратын балалар үшін арт-терапиялық семинар өткізілді (24 –27.02.2009).


 

10. «Құланшы» қазіргі заманғы өнер арт-орталығы
 

«Құланшы» қазіргі заманғы өнер арт-орталығы 2008 жылдың 18 қаңтарында құрылды. Бірлескен іс-шаралар өткізілді: «Құланшының» әртүрлі мемлекеттері мен континенттерінен белгілі суретшілердің картиналары мен графикаларының көрмесі (11.09. – 29.10.2007), (10.10. – 25.11.2006); «Оянған сезім...» (13.02. – 3.03.2008) көрмесі.


11. «Хас Санат» өнер галереясы
 

«Хас Санат» өнер галереясы  2004 жылы ашылды.Бірлескен іс-шаралар өткізілді: С. Калмыковтың «Менің әлемім» (11.04. – 11.05.2008), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Татарстанның халық суретшісі, Францияның көркемөнер академиясының лауреаты  Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры К. Муллашевтың «Нәзік сезім» (29.06. – 30.07.2007) көрмелері.

 

12. Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
 

Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1942 жылы «Қазақстанды зерттеу қоғамы» облыстық бөлімінің базасында құрылды. Бірлескен көрмелер өткізілді: «Ұлы даланың сазы» (17.06. – 17.07.2011), «Павлодардың Ертіс жағалауы туралы фотожылнама» (20.09. – 20.10. 2012); «Әлем халықтарының құрметі – Президент сыйлықтарында» (20.03 – 20.04.2007) көшпелі көрмесі.


13. Бұхар жырау атындағы Павлодар әдебиет және өнер мұражайы 
 

Бұхар жырау атындағы Павлодар әдебиет және өнер мұражайы 1992 жылы ашылды.  Бірлескен көрмелер өткізілді: «Ұлы даланың сазы» (17.06. – 17.07.2011), «Нұр Отан» – ұлы істердің партиясы» (19.01. – 1.03.2009); «Халқыммен ой бөлістім» (9.04. –  9.05.2010) көшпелі көрме.


 

14. Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
 

Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1920 жылы құрылды. Бірлескен көрмелер өткізілді: «Шырайлы оңтүстіктің шежіресі» (25.06. – 25.07.2010); «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» (3.10. – 3.11.2008) көшпелі қор көрмесі.


15. Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
 
Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1924 жылы құрылды.Бірлескен көрмелер өткізілді: «Тарих беттері» (20.09. – 2.11.2011), «Жұлдыздарға жол тарту» (25.03. – 20.04.2011), «Тарихи оқиғалар тоғысында» (20.11. – 6.12.2009); «Ұлы дала бейнесі» (4.03. – 4.04.2010), «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» (16.05. – 16.06.2008) көшпелі қор көрмелері.
 

16. Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
 

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы – ірі ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі – 1929 жылы жергілікті өлкетанушылардың бастамасы бойынша мектеп мұражайының базасында құрылды. Бірлескен көрмелер өткізілді: «Жұлдыздарға жол тарту» (25.03. – 20.04.2011), «Ақтөбе: ғасырлар биігіне көз салғанда» (21.10. – 11.11.2009); «Әлем халықтарының құрметі – Президент сыйлықтарында» (18.05. – 18.06.2007) көшпелі қор көрмесі.


17. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
 
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1915 жылдың 1 тамызында қалалық мұражай ретінде ашылды. 1936 жылдың шілде айында облыстық мұражай болды.
 Бірлескен көрмелер өткізілді: «Ұлттар мәдениетін ұлықтаған мекен» (11.09. – 8.10.2009); «Қазақстан әлемдік қоғамдастықта» (30.10. 30.11.2009) көшпелі қор көрмесі.

18. Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
 

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1975 жылы құрылды. Бірлескен көрме өткізілді: «Тоқсан жолдың торабында тоғысқан» (12.11. – 13.12.2010).


19. Семей облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
 

Семей облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1856 жылы құрылды. Бірлескен көрме өткізілді: «Ұлы тұлғалар бесігі» (14.05. – 15.06.2010).


20. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
 
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1939 жылы құрылды. Бірлескен көрмелер өткізілді: «Түркі әлемі» (31.10.2012 – 28.01.2013), «Сыр бойы тұнған шежіре» (12.09. – 12.10.2008); «Қазақстан және әлемдік қауымдастық» (27.04.2012), «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» (6.04. – 21.05.2007) көшпелі қор көрмелері.
 

21. Шығыс Қазақстан облыстық архитектуралық-этнографиялық және табиғи-ландшафтық қорық-мұражайы
 

Шығыс Қазақстан облыстық архитектуралық-этнографиялық және табиғи-ландшафтық қорық-мұражайы 1968 жылы ашылды. Бірлескен көрмелер өткізілді: «Бір шаңырақ астында» (30.06. – 30.07.2006); «Нұрсұлтан Назарбаев. Адам және  саясаткер» (21.11.2012 – 21.02.2013) көшпелі қор көрмесі.


22. Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
 

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1932 жылы құрылды.Көшпелі қор көрмесі өткізілді: «Қазақстан әлем қоғамдастығында» (26 тамыз  – 31 желтоқсан 2006).


23. Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
 

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен 1939 жылы құрылды. Бірлескен көрмелер өткізілді: «Жайық жағалауы сыр шертеді» (25.04. – 30.05.2008); «Қазақстан және әлемдік қауымдастық»  (28.10. – 28.11.2011) көшпелі қор көрмесі.


24. Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
 
Бірлескен көрмелер өткізілді: «Тарихтың торабында таңба қалған» (15.10. – 20.11.2008); «Қазақстан және әлемдік қауымдастық»  (30.05. – 30.06.2012) көшпелі қор көрмесі.
 

25. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
 

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1836 жылы құрылды.  Бірлескен көрмелер өткізілді: «Түркі әлемі» (31.10.2012 – 28.01.2013); көшпелі қор көрмесі «Қазақстан және әлемдік қауымдастық»  (3.10. – 3.11. 2012).


26. Шығыс Қазақстан облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы
 

Шығыс Қазақстан облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы 1985 жылы құрылды және Қазақстандағы көркемдік құндылықтардың ірі қоры болып табылады.  Көшпелі қор көрмесі өткізілді: «Қазақстан әлемдік қоғамдастықта» (22.04. – 22.05.2010).


 

27. Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
 

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1920 жылы құрылды. Көшпелі қор көрмесі өткізілді: «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» (14.03. – 14.04.2008).


28. Қазақстан Республикасы Шахмат Федерациясы
 

Қазақстан Республикасы Шахмат Федерациясы 1992 жылы құрылды. Бірлескен іс-шаралар өткізілді: «Патшалар ойыны» қор көрмесі және Қазақстанның халықаралық шеберлерінің бір мезгілдегі ойынының сеансы (20.07. – 28.09.2011).


29. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі 2014 жылдың 13 наурызында құрылды.


30. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті.

2014 жылы 25 қарашада Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Бірлесіп өткізілген іс-шаралар: «Стратегия-2050»: тәжірибе және перспективалар» контексіндегі Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» «дөңгелек үстелі» (25.11.2014), Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасының аясында көшпелі экскурсиялар (18.11.2014); «Жастар арасындағы діни экстремистік көзқарастарды тарату: жай-күйі және даму үрдістері» тақырыбында ҚР ТПМ дәрістер циклін дамыту аясындағы сабақ.