2011 ж.

      2011 жылдың 25 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жанындағы педагогтар Кеңесінің дәстүрлі отырысы өтіп, оған ҚР ТПМ жанындағы педагогтар Кеңесінің мүшелері, Астана қалалық Білім басқармасының өкілдері, Астана қаласы тарих пәнінің мұғалімдері қатысты.

Күн тәртібіне:
1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған дәстүрлі емес білім беру шараларының тұсаукесер апталығының негізінде өткізілген сабақтарға талдау жасау:
      • «Тарих шырғалаңынан тәуелсіздік шыңына дейін». (Алдабергенова Г.Т., Жақсылықова А.Қ., № 50 мектеп-лицейі);
      • «Жеке тұлға және саясат». (Тарамбай М., №14 мектеп-гимназия, Оспанова М., № 25 орта мектеп)
      • «От кочевой цивилизации...». (Аканбаева С.К., Жауке Қ., № 22 мектеп-гимназиясы)
      • «Друзья, Отчизне посвятим души прекрасные порывы…». (№№ 1, 6, 60, 31)

2. 2011-2012 оқу жылының 2-ші жарты жылдығындағы жұмыс жоспары туралы мәселелер қойылды.
      Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сөз алған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жанындағы педагогтар Кеңесінің төрайымы, ҚР ТПМ директорының орынбасары, т.ғ.к. Қайыпова Б.М. қатысушыларды ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен құттықтап, өз сөзінде ел Тәуелсіздігінің мерекелеуге орай ұйымдастырылған апталық сабақтарды қорытындылады. Әрбір шараны ұйымдастырып өткізген ұстаздар мен оқушыларға алғысын жариялап, алғыс хаттар мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі туралы альбом-кітап сыйлады.

     Апталықта өткізілген 4 сабақтың ұйымдастырылуы мен формасы жағынан бір-біріне ұқсамайды. Жалпы алғанда биылғы жыл Музейдің білім беру бағдарламасы үшін табысты жыл болды. Осы жылы Білім беру бағдарламасына қатысушылардың саны – 4 197 адамды (жоспар бойынша -3000 адам) құрады. Оның ішінде:
      Ересек адамдар – 776,
      Студентер – 1017,
      Оқушылар – 2374,
      Мектепке дейінгі балалар – 30.
      Білім басқармасының әдіскері Әмірғалиева Д.Қ өз сөзінде биылғы жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейімен бірлескен жұмысы аттестациядан өтетін мұғалімдердің шығармашылық папкаларын тексеру және олардың сабақтарын дайындау мен ұйымдастыру барысында жалғасын тапты» - дей отырып, музейлік сабақтардың патриоттық тәрбие берудегі маңызды рөліне тоқталып өтті.
      Сонымен қатар отырыс барысында бүгінгі күні Музейдің Білім беру бағдарламасының Лекторий тақырыптарының мазмұнын әрі қарай жетілдіру үшін және қоғамдық-саяси мәселелерді өзектендіру үшін Лекторий тақырыптарына өзгерістер енгізу қарастырылды. Бүгінгі күні Музейдің Білім беру бағдарламасының Лекторий тақырыптары «Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы
      Н.Ә. Назарбаевтың саяси бастамалары» жобасы бойынша – 17 тақырып;
      «Қазақстан тарихы және мәдениеті» жобасы – 9 тақырып;
      «Бала және мәдениет» жобасы – 10 тақырыптан тұрады.
      Педагогтар кеңесі отырысына қатысушылар Музейде өткізілген сабақтар мен дәрістер тәуелсіз еліміздің қалыптасуы мен дамуы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тарихи қызметін үлгі ете отырып, өскелең ұрпаққа отансүйгіштік, адамгершілік тәрбие беруде құнды материал болып табылатынын, осыған орай алдағы уақытта да білім беру мекемелері мен Музей арасындағы байланыс тың идеялар арнасында жалғасын табады деп сенім білдірді.
      Отырыс нәтижесі бойынша қаулы қабылданды.


    2011 жылдың 22 маусымында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі жанындағы Педагогтар кеңесінің отырысы өтті. Отырыс жұмысына Музей жанындағы Педагогтар кеңесінің мүшелері, Астана қ. Білім басқармасының өкілдері, қала мектептерінің тарих пәні мұғалімдері қатысты.

   Күн тәртібінде келесідей мәселелер талқыланды:
1. 2010-2011оқу жылының жұмысын қорытындылау.
2. «2010-2011оқу жылы бойынша Музей сабақтарының жинағына» ұсынған сабақ сценарийлерін бекіту.
3. «Жастардың бойында лидерлік қасиетті дамыту жағдайлары» элективті курсын бекіту.
4. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған дәстүрлі емес іс-шараларының тұсаукесер апталығының жоспарын құру.
5. 2011 жылдың 2 жартыжылдығына Астана қ. білім беру мекемелерімен серіктестік жұмысты ұйымдастыруды әрі қарай жалғастыру (мұғалімдердің дәстүрлі тамыздық конференциясы аясында қоғамдық пәндер ұстаздарының секциясына қатысу).

     ҚР ТПМ жанындағы Педагогтар кеңесінің төрағасы, директор орынбасары, т.ғ.к. Б.М. Қайыпова Педагогтар кеңесінің мүшелерін оқу жылының аяқталуымен және Астана қ. туған күнімен құттықтады. Музейден «Ақиқат» дебаттық клубының ашылғаны туралы айта келе, кеңестің белсенді мүшелеріне алғысын білдірді.
      Музей педагогикасы орталығы әртүрлі іс-шараларды өткізді: экскурсия-сабақтар, шеберлік-сыныптары, семинарлар, кездесулер, білім жәрмеңкесі, балалар мерекесі. «Жастардың бойында лидерлік қасиетті дамыту жағдайлары» мен «Астанатану» курсы бойынша екі элективті курсы өткізілді. Осы тұрғыда Музей педагогикасы орталығының қызметкерлері зерттеушілік және тәжірибелік жұмыс атқаруда.
     «Үздік музейлік сабақ» байқауының жеңімпазы Ж. Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі А.Қ. Сейдахметова оқушыларының Музей іс-шараларына қатысқаны туралы әңгімелеп берді. Елбасының сыныптасы С. Есембаевпен және Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламентінің депутаты М.А. Айсинамен болған кездесулер туралы айта келе, музей қызметкерлеріне ыстық ілтипат білдіріп, алғыс айтты.
      Екінші мәселе бойынша ҚР ТПМ-нің Музей педагогикасы орталығының жетекшісі Р.Ұ. Қазбекова баяндама жасады. «2010-2011оқу жылы бойынша Музей сабақтарының жинағына» келесідей сабақтарды енгізу туралы ұсыныстар шығарылды:
1. «Конституция – жаңа Қазақстанның іргетасы» – Қазбекова Р.Ұ., Оспанова Ә.Ә., Ким В.Б.;
2. «Сайлау – қоғам өмірінің айнасы» – Оспанова Ә.Ә., Рахымжанова Б., Ауғанбаев А., Оралбаева Н.К.;
3. «Мәдени мұра – жас ұрпақ игілігі» Оспанова Ә.Ә.;
4. «Н. Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» – Оспанова Ә.Ә., Бекенова Ж., Спаина З.;
5. «Халықаралық аренадағы Қазақстанның рөлі» – Оспанова Ә.Ә., Жаппарова Г.С.;
6. «Туған күніңмен, Астана!» – Қазбекова Р.Ұ., Кушунова Д.С., Киреева Ф.В., Копашева Д.О., Рахматулина Е.В., Сексенбаева Б.Н., Бресь Ю.Ю.;
7. «Туған жерім – тұғырым» – Будикова Б.Б., Сейдахметова Ж.Қ.
      Отырысқа қатысушылар Музейдің қалалық білім беру мекемелерімен ынтымақтастық негізде тығыз қарым-қатынас жасайтындығын айтты. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі әкімшілігі атынан Астана қ. Білім басқарамасының әдіскерлеріне алғыс хаттар тапсырылды. Отырыстың қорытындысы бойынша қаулы қабылданды.