2010 ж.

2010 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті жанындағы педагогтар Кеңесінің «Музейлік сабақтар тұлғаның рухани және адамгершілік дамуының факторы ретінде» атты кезекті отырысы өтті. Кеңейтілген отырысқа Музей жанындағы педагогтар Кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Астана қ. Білім басқармасы, жоғары оқу орындары, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының өкілдері және Астана қаласы мектептерінің тарихшы мұғалімдері қатысты.
      Күн тәртібіне келесі мәселелер қойылды:
1. Өткізілген «Жайнай берсін, Астанам» музейлік мерекесіне талдау жасау (№19 «Балбөбек» бала бақшасы).
2. 2009-2010 оқу жылының жұмысын қорытындылау.
3. 2009-2010 оқу жылы бойынша «Музей сабақтарының жинағында» басуға ұсынылған сабақ сценарийлерін бекіту.
4. Астана қаласының білім беру мекемелерімен 2010-2011 оқу жылына бірлескен жұмыс жоспарын бекіту.

    Отырыс тренингтік жүйесінде өтті. Қатысушылар отырыстан қандай жаңалық күтетіндерін анықтады. Отырыстың практикалық бөлімі №19 «Балбөбек» бала бақшасының тәрбиеленушілеріне ұйымдастырылған «Жайнай берсін, Астанам» музейлік мерекесін талдаудан басталса, екінші бөлімінде «Тарихшылар маршын» салтанатты түрде орындаумен жалғасты. Қарастырылып отырған тақырып аясында Музей педагогикасы орталығының қызметкерлері Музейдің Білім беру бағдарламасымен таныстырды. Онда өткен оқу жылында елордалық мектеп мұғалімдерімен бірлесіп өткізген үздік дәрістер, музейлік сабақтар, шаралар, пікірталас клубының отырыстары, шебер сыныптар атап өтілді.

        «Отбасында, мектепте және басқа әлеуметтік институттарда тұлғаның қалыптасуы» тақырыбында таныстырылған жоба ерекше қызығушылық тудырды. Бұл жобаның аясында музей педагогикасы Орталығының қызметкерлері үлкен зерттеу және практикалық жұмыстар атқарып, 2009 жылы мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «кіші» отанына ғылыми-шығармашылық экспедиция жұмысын ұйымдастырған болатын.
      Отырыс барысында алдағы оқу жылына бірлескен жұмыс жоспарының жобасы жасалып, Қазақстанның Ата Заңы –Конституцияның 15 жылдығына орай өткізілгелі отырған (авторы –В.Б. Ким, №15 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі) музейлік сабақтың сценарийі тыңдалып, талқыланды.
      Музей жанындағы педагогтар Кеңесінің мүшелері -Т.В. Горлова, Н.Г. Галихина және А.С. Хамитова Музей мен қала мектептерінің арасындағы әріптестікті дамытуға байланысты өз ұсыныстарын білдірді.
      Отырысқа қатысушылар бір ауыздан Музейдің алғашқы жұмыс күнінен бастап-ақ елордалық білім беру мекемелерімен тығыз жұмыс жасайтыны айтылды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директорының атынан Астана қалалық Білім басқармасының әдіскерлеріне алғыс хат тапсырылды.

  Отырыс қорытындысы бойынша сәйкес қаулы қабылданды.