2007 ж.

 
    Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі бірінші ашылған күнінен бастап-ақ Астана қаласы Білім беру департаментімен, Мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтымен, астанадағы оқу орындарының педагогтерімен белсенді ынтымақтастықты бастап кетті. Қала мұғалімдерінің жұмысын үйлестіру үшін, өз еріктерімен гуманитарлық пәндердің мұғалімдерінен, сынып жетекшілерінен, білім беру мемлекеттік органдарының өкілдерінен және Музей қызметкерлерінен жиналған ҚР ТПМ-нің жанындағы Педагогтер кеңесі құрылды. Кеңеске оқушылардың Қазақстан туралы, Президент Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлі туралы білімін тереңдетуде Музейдің әлеуетін қолдануға мүдделі пікірлес адамдар жиналды.
      2007 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде ҚР ТПМ-нің жанындағы Педагогтер кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді. Онда «Тұңғыш Президент Музейі мен Астана қаласы Білім беру департаментінің жанындағы оқу орындарының 2006-2007 оқу жылындағы бірлескен жұмысы туралы» есебі тыңдалды; 2005-2006 оқу жылы бойынша «Музей сабақтары жинағының» тұсаукесері өткізілді; жинақтың келесі санында басып шығару үшін есеп беру жылының музейлік жоспарлы жұмыстары сценарийлерінің тізімі бекітілді; Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 2007-2008 оқу жылына арналған Білім беру бағдарламасы туралы ақпарат берілді. Тұсаукесер рәсімінде әрбір авторға 2005-2006 оқу жылының «Музей сабақтары жинағы» берілді.

      2006-2007 оқу жылының қорытындысы бойынша Музей әкімшілігі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жоспарлы жұмыстарына белсенді түрде атсалысқаны үшін, білім беру мекемелерінің жетекшілеріне,
ҚР ТПМ-нің жанындағы Педагогтар кеңесінің мүшелеріне Алғыс дипломдарын табыс етті:

1. Бимендина Әсима Темкенқызы, Астана қ. Білім беру департаментінің директоры;
2. Шаталова Валентина Павловна, Астана қ. Білім беру департаментінің педагогика және психология бойынша әдіскері;
3. Ыбыраева Светлана Назымбекқызы, Астана қ. Білім беру департаментінің әдіскері;
4. Оспанова Әсия Әділқызы, Астана қ. педагог кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының әдіскері;
5. Горловой Татьяна Владимировна, №31 орта мектептің мұғалімі;
6. Дүйсенов Сейітқали Жақияұлы, Ж.Жабаев атындағы №4 орта мектеп-гимназия
7. Құсайынова Күләш Зәкірқызы, «Жас ұлан» республикалық мектебінің мұғалімі;
8. Рысманбетова Балжан Торғынқызы, № 38 орта мектептің мұғалімі.